1-есеп.Арифметикалық амалдар. (89,989+27,719): 120 өрнегінің мәнін есептеңіздер. А. 0,0989. В. 0,00989. С. 0,9809. D. 9,809.
2-есеп. өрнегі берілген. 1-сұрақ: Өрнегінің мәні неге тең? Жауабы: . 2-сұрақ: Берілген өрнектің мәнін 120 есе арттырса, қандай сан шығады? Жауабы: . 3-сұрақ: Берілген өрнектің мәнінің 50%-ын қаншаға тең?
3-есеп.Есептеу. өрнегінің мәнін есептеңіздер. А. 115. В. 65. С. -115. D. -65.
4-есеп.Есептеу өрнегін ықшамдаңыздар. А. -2. В. 2 . С. 2. D. -2 .
5-есеп.Пайыз. 20 саны 2000 санының қанша пайызын құрайды? А. 1%. В. 2%. С. 4%. D. 5%.
6-есеп.Пайыз. Егер 49 саны берілген санның 7% құрайтын болса, онда берілген сан нешеге тең? А. 490. В. 700. С. 70. D. 4900.
7-есеп.Кітаптар саны. Екі сөреде барлығы 94 кітап бар. Бірінші сөреден екінші сөреге 5 кітапты ауыстырып қойғанда, екі сөредегі кітаптар саны бірдей болады. Сұрақ. Бастапқыда әр сөреде қанша кітаптан болған? Жауабы: ___________.
8-есеп.Бұрыштың биссектрисасы. Бұрыш салыңдар. Бұрыштың биссектрисасын жүргізіңіздер. 1-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштқа тең болуы мүмкін бе? Жауабы: ____ . 2-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштан артық болуы мүмкін бе? Жауабы: ____ . 3-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштан 4 есе артық болуы мүмкін бе? Жауабы: ____ . 4-сұрақ. Биссектриса және бұрыштың қабырғасы арасындағы бұрыш берілген бұрыштан 3 есе кем болуы мүмкін бе? Жауабы: ______ .
9-есеп.Үшбұрыштың бұрыштары. АВС үшбұрышының В төбесіндегі бұрыш 48°-қа тең, ал С бұрышымен сыбайлас бұрыш – 102°. 1-сұрақ. АСВ бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ . 2-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ . 3-сұрақ. Үшбұрыштың А төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша? Жауабы: ______ . 4-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша? Жауабы: ______ .
10-есеп.Теңбүйірлі үшбұрыш. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрыштарының қосындысының мәні 318°. 1-сұрақ. Үшбұрыштың төбесіндегі ішкі бұрышы доғал бұрыш болуы мүмкін бе? Жауабы: _______ . 2-сұрақ. Берілген үшбұрыштың бұрыштарының шамалары неге тең? Жауабы: ________ .
11-есеп.Үшбұрыштың бұрыштары АВС үшбұрышының С төбесіндегі бұрыш 57°-қа тең, ал А бұрышымен сыбайлас бұрыш – 163°. 1-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ . 2-сұрақ. АВС бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ . 3-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша? Жауабы: ______ . 3-сұрақ. Үшбұрыштың С төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша? Жауабы: ______ .
12-есеп.Фигураның ауданы 17-суретте фигура берілген. 17-сурет
1-сұрақ. Егер кіші дөңгелектің радиусы 2 см, үлкен дөңгелектің ауданы кішісінен 5π-ге артық, ал тіктөртбұрыштың ұзындығы 40см және ені ұзындығынан 8 см-ге кем болса, онда боялған фигураның ауданы қанша? Жауабы: ______ . 2-сұрақ. Егер кіші дөңгелектің ауданы π см2, үлкен дөңгелектің радиусы кішісінің радиусынан 3-ке артық, ал тіктөртбұрыштың ені 55см және ұзындығы енінен 5 см-ге артық болса, онда боялған фигураның ауданы қанша? Жауабы: ______ .
13-есеп.Фигураның ауданы 18-суретте фигура берілген.
18-сурет 1-сұрақ. Егер дөңгелектің радиусы 2,5 см, ал тіктөртбұрыштың ұзындығы дөңгелектің радиусынан 0,5см және ені ұзындығынан 0,7 см-ге кем болса, онда боялған фигураның ауданы қанша? Жауабы: ______ . 2-сұрақ. Егер тіктөртбұрыштың ені 1,4см, ұзындығы енінен 3,8 см-ге артық, ал дөңгелектің радиусы тіктөртбұрыштың ұзындығынан 0,8 есе артық болса, онда боялған фигураның ауданы қанша? Жауабы: ______ .
14-есеп.Жер телімінің ауданы. Периметрі 48 м-ге тең шаршы пішінді жер телімі тіктөртбұрыш пішінді сегіз бірдей бөлікке бөлінген. 1-сұрақ. Шаршы пішінді жер телімінің өлшемдері қандай? Жауабы: ____ . 2-сұрақ. Берілген жер телімінің ауданы қанша? Жауабы: ____ . 3-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің өлшемдері қандай? Жауабы: ____ . 4-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы қанша? Жауабы: ____ . 5-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы берілген жер телімінің ауданына қарағанда қанша кем? Жауабы: ______ .
15-есеп.Фигураның ауданы 19-суретте жарты дөгелектен, шаршыдан және тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштан тұратын фигура берілген.
19-сурет
1-сұрақ. Егер дөңгелектің радиусы 7,5 см болса, онда берілген фигураның ауданы қанша? Жауабы: ______ . 2-сұрақ. Егер шаршының диагоналі см болса, онда берілген фигураның ауданы қанша? Жауабы: ______ . 3-сұрақ. Егер тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың ауданы 20,25 см2 болса, онда берілген фигураның ауданы қанша? Жауабы: ______ . 16-есеп.Жер телімінің ауданы. Периметрі 20 м және ұзындығы енінен 1,5 есе артық тіктөртбұрыш пішінді жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлу қажет. 1-сұрақ. Берілген жер телімінің өлшемдері қандай? Жауабы: ____ . 2-сұрақ. Егер шыққан жер телімі шаршы пішінді болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін? Жауабы: ____ . 3-сұрақ. Егер шыққан жер телімі тіктөртбұрыш пішінді болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін? Жауабы: ____ . 4-сұрақ. Берілген жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлудің ең кіші және ең үлкен саны қандай? Жауабы: _______ .
17-есеп.Фигураның ауданы. Қабырғалары 25 см болатын шаршыға, бір төбесі осы тіктөртбұрыштың төбесімен сәйкес келетін, ал үш төбесі оның үш қабырғасының ортасы болып табылатын төртбұрыш іштей сызылған (20-сурет).