7-есеп.Астана қаласы тұрғындарының саны. Қазақстанның астанасы Астана қаласы бүгінгі күнде тез өркендеуде. Халқының саны да жылдан жылға өсуде. 11-кестеде Астана қаласының 1989 ж., 2000 ж., 2005 ж., 2010 ж., 2014 ж., 2015 ж. тұрғындарының саны берілген. 11-кесте – Астана қаласы тұрғындарының саны
Жыл
1989 ж
2000 ж
2005 ж
2010 ж
2014 ж
2015 ж
Тұрғындар саны
281252
381000
529335
649139
814401
852985
1-сұрақ. 1989 жылмен салыстырғанда 2015 жылы тұрғындардың саны қанша пайызға артты? Жауабы: _______. 2-сұрақ. Пайызбен есептегендегі тұрғындардың орташа өсуі қандай? Жауабы: _______. 3-сұрақ. Астана халқы өсуінің осындай пайызы сақталатын болса, онда Астана тұрғындары неше жылдан кейін миллионнан асады? Жауабы: _______.
8-есеп.Көлдер. Әлемдегі аса ірі көлдер қатарында бірінші орында Каспий теңізі, оның бетінің ауданы 371 мың км2 құрайды, жетінші орында Байкал көлі, оның ауданы Каспий теңізінің ауданынан 339278 км2-ге кем, ал Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан Балқаш көлінің ауданы Каспий теңізінің ауданынан 356400 км²-ге кем және ол он үшінші орында тұр. 1-сұрақ. Байкал көлінің және Балхаш көлінің ауданы қанша шаршы километрді алып жатыр? 2-сұрақ. Әрбір көлдің ауданы қанша гектарды алып жатыр? (1 га = 10000 м2, 1км 2 = 1 000 000 м2). Жауабы: _______. 3-сұрақ. Жуық шамамен Каспий теңізінің ауданы Байкал көлі мен Балқаш көлінің ауданынан қанша есе артық (жеке алғанда)? Жауабы: _______. 4-сұрақ. Барлық көлдердің ауданы неге тең? Жауабын гектармен жазыңдар. Жауабы: _______.
9-есеп.Омыртқалы жануарлар. 12-кестеде біздің республикамыздың аумағында мекендейтін омыртқалы жануарлар саны туралы кейбір деректер көрсетілген. 12-кесте – Қазақстандағы омыртқалы жануарлар саны
Кластары
Саны
Ескерту
Бауырымен жорғалаушылар
(0,33332 + 1,66668) : 200 + 48,99 өрнегінің мәні еліміздегі бауырымен жорғалаушылар санын береді.
93 түрлі құстар қыстап шығуға ұшып келеді немесе көктем және күзде ұшып келеді (бұл біздің еліміздегі мекендейтін құстардың саны)
Балықтар
балықтардың 3 түрі – дөңгелек ауыздылар (бұл біздің еліміздегі мекендейтін балықтар санының 2,9%)
Сүт қоректілер
Сүт қоректілерге қарағанда құстың түрлері 308-ге артық
1-сұрақ: Елімізде мекендейтін бауырымен жорғалаушылар саны қанша? Жауабы: _______ 2-сұрақ: Елімізде мекендейтін қос мекенділер саны қанша? Жауабы: _______ 3-сұрақ: Елімізде мекендейтін құстардың түрлері қанша? Жауабы: _______ 4-сұрақ. Еліміздің аумағында балықтың қанша түрі мекендейді? Жауабы: _______ 5-сұрақ: Елімізде мекендейтін сүт қоректілер саны қанша? Жауабы: _______ 6-сұрақ: Еліміздің аумағында омыртқалы жануарлардың қанша түрі бар? Жауабы: _______
10-есеп.Киіз үй. Киіз үй – киізбен жабылған қаңқалы көшпелі үй. Киіз үйдің негізгі бөлігі – ағаш қаңқа мен киіз жапқышы. Киіз үйдің сүйегін: жылжымалы керегекөз негізі – кереге, күмбез сырғауыл – уық, жартылай сфералы төбесі – шаңырақ, есік құрайды. Киіз үйдің керегесі бірнеше бөлек бөліктерден – қанаттардан құралады. Қанаттар санына байланысты киіз үйлер төрт қанатты, алты қанатты және т.б. болып бөлінеді. 13-кестеде алты қанатты киіз үйдің өлшемдері дұрыс көрсетілген, ал төрт және он қанатты киіз үйлердің өлшемдері ауыстырып берілген.
1-сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, төрт қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар. Жауабы: _______ 2-сұрақ: Алты қанатты киіз үйдің өлшемдерін пайдаланып, он қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар. Жауабы: _______
Одан әрі қарай түрлер мен деңгейлерге бөлінбеген тапсырмалар келтірілген.
11-есеп.Бояу. Бөлменің төбесі 35-суретте бейнеленгендей ортасы ақ эмульсиямен, шеттері жасыл эмульсиямен боялған. 1-сұрақ. Шеттерінің ені қандай болады? Жауабы: _______. 2-сұрақ. Ақ эмульсиямен боялған бетінің ауданы қанша? Жауабы: _______. 3-сұрақ. Жасыл эмульсиямен боялған бетінің ауданы қанша? Жауабы: _______.
35-сурет
12-есеп.Өнімділік. Ені 0,45 км, ал ұзындығы енінен 0,5 есе артық болатын тіктөртбұрышты жер теліміне күріш өсірілді. 1-сұрақ. Егістік ені қанша километр? Жауабы: ___________ . 2-сұрақ. Егістік ауданы қанша гектар? (1 км2 = 100 га) Жауабы: ___________ . 3-сұрақ. Әр гектардан х ц күріш жиналған болса, онда егістіктен барлығы қанша центнер күріш жиналды? Жауабы: ___________ .
13-есеп.Шаруа қожалығы. Шаруа қожалығында 300 бас қой бар. Әрбір қойдан 5,1 кг жүн қырқылды. Жүнді жуғаннан кейін ол 1,2 кг-ға жеңілдеді. 1 кг таза жүннен 0,7 м мата тоқуға болады. 1-сұрақ. Шаруа қожалығының барлық қойларының жүнінен қанша метр мата тоқуға болады? Жауабы: ___________ . 2-сұрақ. Жүннен тоқылған матадан көйлек тігу үшін орташа есеппен ересек адамға 2,5 м, ал жасөспірім қыз балаға 0,9 м мата кетеді. Ересек адамның көйлегі 10500 тг, ал жасөспірімнің көлегі 6700 тг тұрады. Егер фабрика шаруа қожалығынан жуылмаған жүнді 1 кг-на 170 тг-ден сатып алса, өңдеуге кететін шығын сатып алған бағаның 30%-ын құраса әрбір бұйымды тігудегі экономикалық пайданы есетеңдер. Жауабы: ___________ .
14-есеп.Ойыншықтар дүкенінде. Ойыншықтар дүкеніндегі әр түрлі үстел үстіндегі ойын түрлерінің бағалары келесі 14-кестесінде көрсетілген.
14-кесте
Ойыншық түрлері
А
В
С
D
E
F
G
Бағалары (теңге)
1130
1500
1030
920
850
4100
3250
1-сұрақ. Бағасы 1500 теңгеден аспайтын ойыншық түрлері санын табыңдар. Жауабы: ___________ . 2-сұрақ. Әкесі кішкентай қызына екі әр түрлі ойындар сатып алды, оған ол 2500 теңгеден кем ақша жұмсады. Мұнда сауданың нұсқалары санын табыңдар. Жауабы: ___________ . 3-сұрақ. Егер үш ойыншық сатып алса, дүкенде барлық саудаға 20% жеңілдік беріледі. Әкесі қызына қандай үш ойыншықты сатып алуына болатынын жазыңдар. Жауабы: ___________ .