Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру. Бронхиттер. Бронх демікпесі. Жедел пневмониялар



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі22,02 Kb.
#91254
1   2   3
Байланысты:
№2Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру

Классификациясы.
Этиологиясы бойынша:
І. Инфекциялық:
а)вирустық;
б)микоплазмалық;
в)бактериялық;
2.Инфекциялық емес (түрлі физикалық және химиялық әсерлерден).
3. Аралас (вирустық-бактериялық).
Патогенезі бойынша:

  1. Біріншілік.

  2. Екіншілік (жедел респирациялық аурулардың асқынуынан, жоғарғы тыныс жолдарында инфекция ошақтарының болуынан: тонзиллит, фарингит, ларингит, синуситтің, бронхоэктаз ауруының).

Орналасуы бойынша:

  1. Проксимальді . (ірі бронхтардың қабынуы)

  2. Дистральді немесе обструкциялы (қабыну процесінің бронхтардың түйілүіне, кілегей қабықтың ісінуіне, гиперсекрециясына алып келуінен).

Қабыну түрі бойынша:

  1. Катаральді

  2. Ісіңкі

  3. Іріңді

  4. Іріңді-некрозды

Барысы бойынша:

  1. Жедел (ұзақтығы 2-3 апта)

  2. Созылыңқы (1 айға дейін, оданда ұзақ созылатын).

Клиникалық көрінісі. Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан кейін немесе онымен бірге басталады. Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі (ринит, фарингит)трахеяға түседі. Бұл кезде трахеиттің белгілері (құрғақ жөтел, төс артының ашып, қырнап ауруы) байқалады. Көп ұзамай қабыну процесі алдымен ірі, кейін ұсақтау бронхтарға отеді.

Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, демікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда болатын қатаң аурулардан кейін пайда болады. Сонымен қатар ол СПИД-пен ауырған кезде де болуы мүмкін.
Ауруды әр түрлі вирустар (аденовирус, риновирус), бактериялар (пневмококк, стафилококк, стрептококк) қоздырады. Аурудың дамуына дененің қатты мұздауы, ауыр жұмыс пен жүйкелік-психик. күш түсу, улану, т.б. факторлар әсер етеді.
Түрлері мен белгілері Өңдеу
Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел пневмония және созылмалы пневмония, ал қабынудың жайылып тарауына қарай: бөлікті пневмония және ошақты пневмония болып бөлінеді.
Жедел пневмония кенеттен басталады, дене қызуы 39 — 40oС-қа, кейде одан да жоғары көтеріледі, науқас қалтырап, алғашқыда құрғақ, кейіннен қақырықты жөтел пайда болады. Науқастың бүйірі шаншиды, біртіндеп тынысы тарылып, ауа жетпейді, буындары сырқырайды. Ем қабылдаған соң аурудың беті 3 — 5 күннен кейін қайта бастайды.
Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе тінінің құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Сырқаттың дем алысы әлсіреп, сәл күш түссе деміге …
Бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі;
Дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы;
Әр дем алған кезде Пневмония дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп Пневмония басылып тұрады;
Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді);
Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан);
Кеуде ауырады;
Науқастың халі ауырлайды;
Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер демалысы жиі және терең болса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы жүйке ауруы болуы мүмкін.
Пневмонияғы әкелетін жағдайлар Өңдеу
Ересектер:
темекі шегу және созылмалы бронхит;
өкпенің созылмалы аурулары;
эндокриндік аурулары;
жүрек жеткіліксіздігі;
иммуно жетіспеушілік;
кеуде және іштің хирургиямв;
маскүнемдік;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет