1.1 Тәрбие берудің басты ұстанымдары
2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беру
ұйымдарында тәрбие берудің Кешенді Ұлттық бағдарламасында (Жобасында)
тәрбие берудің басты ұстанымдары төмендегідей айқындалған [5]:
1. Табиғилылық ұстанымы
тәрбие табиғи және
әлеуметтік-мәдени
үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды
тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің
қажеттігіне негізделеді.
2.
Мәдени
сәйкестілік
ұстанымы
тәрбие
жалпы
адамзаттық
құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай
дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге
сәйкес құрылады.
3. Мақсаттылық ұстанымы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық
сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс
таңдауды қарастырады.
4. Тәрбие берудің
гуманистік бағыт
ұстанымы
адам тұлғасында
гуманистік қасиеттерді қастерлеу, оның құқы мен бостандығына құрметпен
қарау, тәрбиеленушінің тән саулығына, әлеуметтік және психикалық саулығына
қамқорлық жасау.
5. Тәрбие берудің
халытық
бағыт ұстанымы
тәрбие берудің негізін
дәстүрлер мен ұлттық-мәдени құндылықтар, шаруашылық, халықтың рухани
тәжірибесімен ұштастыру.
6. Халықтың мәдени мұрасының басымдық
ұстанымы
патриоттық тәрбие
беруді айқындайды, өз үйіне, туған өлкесіне құрметпен қарауды қалыптастыру,
тәрбиеленушілерді
қазақ
халқының
дәстүрлерін,
ұлттық-мәдени және
педагогикалық мұрасын қастерлеуге үйрету.
7. Этностық
ұстанымы
мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыру
көзделеді, біріккен этностық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің
гүлденуіне ықпал жасайтын, азаматтық келісім және үйлесімділікке, қоғамдық
қатынаста табысқа жету.
8. Тәрбиенің үздіксіздік ұстанымы жеке тұлға ғұмырының барлық
кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық
әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып,
кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.
9. Демократияландыру ұстанымы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-
әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен
авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық
басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің
құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида
оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.
11
1.2
Тәрбие берудің бағыттары
Қазақстан Республикасы
үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
тұжырымдамасында
жас ұрпаққа тәрбие берудің мынадай бағыттары
көрсетілген
[2]
:
Азаматтық-патриоттық
тәрбие беру
-
Қазақстан азаматы мен
патриоты тұлғасын
қалыптастыру және дамыту, Отанының
тағдырына
жауаппен қарау, оны бейбіт өмір мен соғыс уақытында қорғауға дайын болу.
Рухани-адамгершілік тәрбие беру - жан-жақты жетілген тұлғаның даму
жүйесіндегі жетекші компонент, адамгершілік сана, ізгілік мұраттарды,
адамгершілік және этникалық құндылықтарды, нормаларды, зор адамгершілік
сезімдерді меңгеру көзделеді; гуманизм, ар-ұят, ождан сақтау, намыс, борыш,
жолдастық, қайырымдылық, кішпейілділік, инабаттылық, сыпайыгершілік,
принципшілдік, діни құндылықтарды игеру, қоғамның адамгершілігі мол
жауапты мүшесін қалыптастыру, оқушыларды ана тіліне, мемлекеттік қазақ
тіліне деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, ынтымақтастық, ұлттық келісім,
басқа да халықтардың дәстүрі мен тілін, мәдениетін құрметтеу және сыйлау.
Тәрбие беру мазмұнында
рухани-адамгершiлiк тәрбиесі педагогикалық
процестiң iзгiлендiру идеясын ұсынады. Мемлекеттiк идеологияның негiзiнде
рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мазмұны қарастырылады.
Кәсіби және еңбек тәрбиесі - кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін
қалыптастыруды, қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет
пен
кәсіби
әдеп
нормаларын
сақтауын
болжайды.
Балалардың,
жасөспірімдердің және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және
дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық
және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін
қалыптастырады.
Экологиялық тәрбие - адамның бойында табиғатқа әдепті көзқарастың
және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың
жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-
әрекеттерін жобалайды. Экологиялық тәрбиенінің негізі алдымен, қоршаған
ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай
туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді
.
Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулықты
қорғаушы ортаны
қалыптастыру
-
жастардың
бойына психикалық
тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін
салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын
алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының
мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшіліктерін болжау, адамның физикалық,
психикалық
және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-
ақ,
тәрбиеленушілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен
ағартушылық
және ақпараттық
түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге
асырылады.
12
Отбасылық тәрбие - оқушылардың отбасының адамгершілік негіздерін
игеруге бағытталған, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру,
ұлттық отбасылық дәстүрлер, толыққанды отбасын құру үшін денсаулықтың
айрықша құндылығын сезіну, балаларға тәрбиенің ықпалын қамтамасыз ету
үшін ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру, ата-
аналардың функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ету.
Отбасы-өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты
даярлау, яғни тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын кіші
институт. Отбасы –адам баласының түп қазығы,алтын ұясы. Себебі: адам
баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы - негізгі
қамқорлық
мектебі. Отбасы – адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі, некеге немесе
қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ. Қоғаммен бүкіл
қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланысты болғанымен, отбасы—
қоғамдық өмірмен салыстыра қарағанда адамдардың биологиялық жағынан ең
жақын, дербес те сырлас тобы.
Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет
атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді
тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан
жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы
өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі
тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында
баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік
құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. «Баланың құқығы жөніндегі
конвенцияда» /1989/ отбасында баланың құқығын қорғау оған қамқорлық
жасау көрсетілген.
Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң жобасының
35-бабында да «Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың
денсаулықтарын, рухани, әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі
жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті. Отбасындағы жас
ұрпақтың
тұлғалық
қасиеттерінің
қалыптасуына
ата-ананың,
отбасы
мүшелерінің қарым - қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Тек
осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана Отанын, елін-жерін
сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени
құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға
тәрбиелеуге болады, бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді.
Сондықтан да халқымыз «Бала ұядан нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке
айтпаған. Бала мектеп табалдырығын аттағанға дейін алғашқы даму ,қалыптасу
деңгейінен
өтіп келеді. Ата-ана
өз баласының
алдында-өнегелі
ұстаз,
адамгершілік пен әділеттіліктің символы ретінде танылуы керек.
Жеке тұлғаны имандылыққа тәрбиелеуде ата-аналардың негізге алатын
ұстанымдары болу керек. «Отан
- отбасынан басталады» демекші мектеп
жасына дейінгі балаларға өзінің жанұясы, отаны, туған жері, елі, ұлтымыздың
13
ұлылары, ақылгөй данышпандары қалдырған өсиеттері, даналық сөздері мен
шежіре мұраларын жадында сақтап өсуі үшін, бала алғаш бойындағы
адамгершілік,
инабаттылық,
иманжүзділік,
сүйіспеншілік
қасиеттерді
отбасында, балабақшада қалыптастыру керек. Қазақ халқы өз ұрпағының
өнегелі, үлгілі, иманды, адал азамат болғанын армандаған, сондықтан бұғанасы
қата бастағаннан –ақ халық даналығы мен имандылық иірімдерімен жан-жақты
сусындата білген. Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Абай
Құнанбайұлы қарасөздері ақыл, өмір шежіресі, даналық түйінді
пікір.Абайдың мұраты-адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы
қоғамды жетілдіру, қазақты ілгері дамыған елдер қатарына қосу еді. Оның
қарасөздеріндегі
қоғамдық,
педагогикалық,
психологиялық
көзқарастары
осыны көздейді. Әл-Фараби: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл біріккенде ғана
олар адамшылық қасиеттер болып табылмақ»- деп жазса, Абай Құнанбайұлы:
«Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат, осы үшеуінің басын қос, бәрін
жүрекке билет деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуі бір кісіде
табылса, табанының топырағы қөзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала
болсаң, мен жүректі жақтадым, құдайшылық сонда» - деген қара сөздерінің
тәрбиелік мәні зор.
Адам тәрбиесінің қос қанаты-жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі бірін-бірі
жетелей дамиды, Абай айтатын нұрлы ақылға бай толық адамның тұлғасы
осылайша қалыптасса керек.
Абай Құнанбайұлы: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады:
біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, Бұлар тәннің құмары, бұлар
болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды.
Біреуі білсем демеклік... Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, үйренсем
екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса
денелеп білмесе адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам
жаны болмай, қайуан жаны болады» [9].
Абай ең жоғары, аса шарапатты адамгершілік қасиетті «махаббат» деп
атаған. «Ей, жүрегімнің қуаты перзенттерім!...Ықыласпен ұғып алыңыздар,
оның үшін махаббаттың төлеуі –махаббат. Әуелі адамның адамдығы, ақыл,
ғылым деген нәрселермен. Мұның
табылмақтығына себептер
-
әуелі
хауассәлим (арабша өзіндік дұрыс қасиет) һәм тән саулық. Бұлар туысынан
болады, қалмыс (қалғаны) өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,
жақсы ұстаздан болады. Талап ұғым махаббаттан шығады», - деген [9]. Демек
адамгершілік сапалары туа біткен қасиетке қоса өзін қоршаған әлеуметтің де
ықпалымен жаңғырып, жаңарып, әсемденіп, байып отырады .
Абай
қарасөздерінің
адамзаттық
құндылықтары
толысқан
тұлға
қалыптастыруда мән мағынасы терең ой пікірлерімен мағыналы.
Халық қаһарманы, абыз атамыз Бауыржан Момышұлы былай дейді:
«Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі: - осы заманда бесік жырын айта
алмайтын келіндердің көбейіп бара жатқандарынан қорқамын. Екіншісі -
балалары мен немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара
14
жатқандығы.
Үшіншісі-
дәстүрді сыйламайтын
ұрпақтардың өсіп келе
жатқандығынан қорқамын» [10].
Мағжан Жұмабаев тәрбиенің
төрт түріне назар аударуды
өсиет
еткен.Тәрбие бағыттары алаш азаматының: «Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі,
ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егер адам баласына осы
төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді
ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын
көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс
пішетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден
ләззат алып, жаны толқынарлық
болса, жамандықтан жаны жиреніп,
жақсылықты жаны тілеп тұратын қылықты болса, міне осылай болғанда адам
баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы» [11] деген ойларымен
әдемі үйлесіп жатты.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері
мен тағылымдарын оқушы бойына өнеге тұтқызып, дарытпай, оларды ізгілік
пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес.
Балаларды ізгі қасиетке шақыруда ұлы Абай «біреуге көмектесу –ішкі зор
қуат пен терең ақыл және ыстық сезімнің ісі » деп тәрбиелі сөз айтқан. Қазақта
«Жақсыдан- шарапат, жаманнан кесапат » деген мақал бар. Мұндағы «шарапат»
сөзі қайырым, мейірім деген мағынаны білдіреді. Шарапатты істі жасау кез-
келген адамның қолынан келеді, бірақ оны тек адамгершілігі жоғары, рухани
әлемі бай, жан дүниесі таза адамдар ғана жасайды. Ол басқаның қамын өз
қамындай шынайы жүрегімен қабылдап, қандай қиын болса да, амалын табуға
тырысады, не сөзімен, не ісімен жәрдем береді, шарапатын тигізеді.
Шарапатты адам - адамгершілігі мол адам, шарапатты адам –Абай
армандаған кемел адам. Абайдың шарапатты адамы - қазіргі біздің іздеп жүрген
– ТҰЛҒА, жан-жақты дамыған бас әріппен жазылатын АДАМ, АЗАМАТ.
Абай қарасөздерінің пәлсапалық ойы - тереңде жатыр, ол - өркениет
дәуіріндегі жеке тұлғаның моральдық тұрғыдағы иманды, бәсекеге қабілетті,
дарынды, ізденгіш, білімді Адамы.
Ендеше Абай аңсаған
ТҰЛҒАНЫ
қалыптастыру
ұлттық
тәрбиеге
негізделуі керек. Олай болса, ұлттық тәрбие дегенді қалай түсінеміз?
Ұлттық тәрбие - адам тұлғасын өз ұлтына, өз халқына лайықты өкілі
ретінде қалыптастырады, өз тілін қадірлейтін, тарихын, адамгершілік, рухани,
отбасылық, құндылықтарын, еңбек дәстүрлерін меңгерген, басқа да
халықтардың мәдениетін білетін және құрметтейтін адам, сұхбатқа дайын
және басқа да ұлттардың өкілдерімен өзара ықпалдасу, жас ұрпаққа тәрбие
беруде туған жеріне сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге ықпал ету, үлкендерді
сыйлау, табиғатты қорғау деген ұғымды білдіреді.
Ұлттық тәрбие туралы сөз болғанда Сұлтанмахмұт Торайғыровтың:
«Байқасаң қазақтың өзінде бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары», -деген сөздері
ойға оралады [12].
15
Рух пен тәрбие жөнінде ой қозғасақ, онда арынды өзендей таси жөнелетін
ұлылық пен ұлағаттың үлгісіндей тұлғалар ғұмыры жайлы ақпараттар легі
толассыз толғандырады емес пе?!
Қазақтың ұлттық тәлім – тәрбиесі туралы М. Жұмабаев бұл жөнінде былай
деген: «... Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым
болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін, әркімнің өз тәжірибесі
жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек...» [11].
Балаға тәрбие негізінен ана құрсағында жатқаннан бастап - ақ беріледі.
Абай нәр алған данышпандықтың
бастауы неде? Қайнар көзі қайда? Оны
ұлылыққа ұмтылдырған тәлімі мен тәрбиесін сөз еткен жөн. Соның бірі «Алып
анадан туады» дейтін тылсым сыры әлі ашыла қоймаған ұлағатты сөз бар. Абай
ана құрсағында –жүрек тәрбиесі –жетіліп туған алып екендігі айқын. Мейірімді
ананың құрсағында парасатымен, дархан мінезді әженің шапағаты... дүниеге
оянған жүрегімен келген сәбиді, халықтық
тәлімнің ғасырлар бойы
қалыптасқан алтын бесігімен тербей отырып ер жеткізді. Осы уақытқа дейін
зерттеліп жеткен деректерде, Абайдың туған анасы – Ұлжан да, бауырына
басып адамдықтың алғашқы әліппесін үйреткен әжесі- Зере де аймағына аттары
аңыз болған инабатты жандар. Зерделі сәбидің – ақыл тәрбиесі оянғаннан-ақ
бесік жырынан бастап, халқымыздың ұлан ғайыр таңғажайып әдебиеті телегей
теңіз тереңімен тербеп құлаш ұрғызады.
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар»-деген өлең жолдарында құрсақтағы
баланың ананың көңіл күйінен нәр алып, өсетіндігін әуенге теңеп, ұйықтап
жатқан жан иесінің жүрегін оятатынын мегзеп, жүрек тәрбиесінің ана
құрсағында қалыптасатындығын, адам тіршілігіндегі жүрек ықпалын Абай өз
шығармаларында, қарасөздерінде ұрпақ тәрбиесінде үлгі етіп, таңғажайып
тұжырым жасаған.
Шағын жинақты мектептердің өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерін
саралай келе нарықтық экономика жағдайындағы ауыл мектептерін дамытуда
төмендегідей шаралар атқарылуы тиіс:
1. Мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара
сабақтастық, үйлесімділік болу.
2. Ата-аналарды ұлттық тәрбие тәжірибелерін мектептерде насихаттауға
бейімдеу.
3. Педагогикалық тұрғыдан оқушылардың ұлттық сана сезімдерін тұрақты
тәрбиелеу, әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз ету.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) өз түлектерін дайындауда төмендегідей
мақсаттар қояды:
- ауыл қоғамының құндылықтарын сақтау және ауыл өмірінің мәдениетін
көтеруге белсене ат салысу:
- аграрлық өндірістегі бастапқы дағдыларды қалыптастыру;
- ауыл табиғатын сақтау және ыждағаттылықпен пайдалану;
- ауыл өмірінің даму бағдарлары мен болашағын ескере отырып мамандық
таңдау.
16
Бұл мақсаттарға қол жеткізу оқу-тәрбие үдерісі барысында келесідей
міндеттерді шешуді керек етеді:
- білім беру мазмұны мен педагогикалық үдерісті ізгілендіру;
- оқушының
жеке басының
даму ерекшеліктерін ескеріп, дарынды
оқушылардың
дамуына мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық
жағдай жасау;
- түрлі жастағы оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін оқушының жеке
тұлғасын қалыптастыру үдерісінде тиімді пайдалану;
- қазіргі
заманғы
оның
ішінде
информатикалық
педагогикалық
технологияларды игеру;
- ауыл оқушысының бейімділігі мен қабілеттілігін ескеріп, жалпы және
кәсіби дайындаудың үздіксіздігі мен сабақтастығын жүзеге асыру;
- ауыл мектебінің қосымша қызметтерді игеруі:
а) ауыл балаларын сапалы мектеп алды даярлау;
б) жоғары кәсіптік білім алу үшін мектеп бітіруші түлектерін бастапқы
мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
в) мамандықты ауыстыру кезінде еңбек нарығында ауыл тұрғындарына
оралымды бейімделуге мүмкіндік беретін, салыстырмалы кәсіптік икемделгіш
негізін қалыптастыру.
Ауылдағы
тұйық
әлеумет,
қарым-қатынас
тапшылығы,
мәдени
мекемелердің жоқтығы, халықтың білім деңгейінің төмендігі және т.б. көп
жағдайлар шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға
кері әсерін тигізеді.Сондықтан тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында
тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы шағын жинақты мектеп оқушыларының
өз мүмкіндігіне қарай танымдық қабілетін, шығармашылығын жан-жақты
дамытуына жағдай жасалады.
Тарихына тағылымы сай ұлттық тәрбие беруді нығайту күн тәртібіндегі өзекті
мәселеге айналып отырғанда тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында
тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан озық
әдет-ғұрып, дәстүрлері мен ізгі қасиеттерін бойына сіңіре отырып, дені сау,
рухани өрісі биік, парасатты, қазіргі қоғам дамуының үрдісіне сай білімді тұлғаны
тәрбиелеу үшін жоғарыда аталған тәрбие ұстанымдары мен бағыттарын
басшылыққа алуымыз керек.
Шағын жинақты мектептегі
тәрбие
үдерісінің үш арнасының
–
адамгершілік және эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесінің –
теориялық негіздерін анықтау мақсатында әрқайсысының ішкі мазмұнына
нақтырақ тоқталып өтеміз.
Адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды, ойластырады,
болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады. «Адам жолында екі
түрлі, бір-біріне қарама-қарсы ағыстар бар. Бір ағыс қаталдыққа жетелесе,
екіншісі – мейірімге талпынады» деген сөзде үлкен мағына, терең ой бар.
17
Адамгершілік құндылығы бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді,
кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Адамгершілігі бар болу деген не? Ол
қайырымдылықтан тұрады. Ал қайырымдылық қандай қасиет? Ол үшін «Мен
қандай болуға тиіспін? Адам болу деген не?» сұрақтарына жауап беруіміз
керек. Құнды адамгершілік қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру оның
туған кезінен басталады.
Бұл жөнінде адамгершілік идеяларды уағыздап, артына мол мұра
қалдырған Ұлы бабамыз Әл-Фараби жалпы педагогиканың бір саласы болып
табылатын тәрбие теориясының негізін салуға да орасан зор үлес қосты.
М.Бурабаев
Әл-Фарабидің
педагогика
ғылымының
тарихында
тәрбие
тұжырымдамасын жасаудағы алатын орнына былайша баға береді.
Әл-Фарабидің
адамгершілік
мұраттары
әділеттілікті,
халықтар
достастығын, мәдениет дамуындағы барлық адамдар теңдігін, ғылымды, ақыл
қабілеті мен олардың сәтті жетістіктерге бағытталуын, бақытқа, кемеліне
жетуді және әлемдегі барлық халықтардың ынталану үндестігін жоғары
көтереді.Бүгінде оның мына сөзінің маңызы зор: «Егер халықтар бақыт
жетістігі
үшін бір-біріне көмектессе, барлық әлем
қайырымды болып
қалыптасады» [13].
Әл-Фараби адам әрекетіндегі ақылдың ролін жоғары бағалады және ол
халықтар арасындағы «мағынасыз ұрыс-керісті шектеуді көрсетеді» дегенге
сенімді болды. Адамдар ақылдың арқасында «ең жоғары игілік» жетістіктер
үшін «келісімге келуге тиісті, яғни не жақсы, не жаман екенін шеше алады».
Өзінің этикалық өсиеттерінде Әл-Фараби адамның қабілеттері мен ерік
қалауын жоғары қойды, адамдардың шынайы бақытын жақтады, оларды
бақытқа күнделікті ізденіспен, оқу жолымен өздігінен жетуге шақырды.
Әл-Фараби тұлғаның адамгершілік тәрбиесіне байланысты әлеуметтік-
этикалық
трактаттар
жазып,
адамдардың
арасындағы
адамгершілік
қатынастардың болуы мен адамгершілік мінез-құлықты игеру мәселесіне
ерекше мән берген. Оның «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат»,
«Мемлекеттік
қайраткердің
нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында»,
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Кеңес (танбих) кітабы» деп
аталатын ғылыми еңбектерінде адамгершілік сапаларға сипаттама беріліп, оны
қалыптастырудың әдіс-тәсілдері мен жолдары көрсетілген [13].
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн,
ыстық-суық, жақсы-жаман. Ал адам бойындағы адамгершілік құндылықтар
рухынан туындайды. Рухтың мекені – адамның жүрегі.
Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп
тұратын құлықты болуын, сұлу сөз,сиқырлы үн,һәм байсалды,ойламды,иманды,
шымыр болып өсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұстанған. Жеке тұлға
- рухани адамгершілігі мол адам, осы адамгершілік қасиеті жайлы ең алдымен
«қалың жұрты – қазағының» арғы-бергі болашағын ойлап, оның қамын жеп
өткен адамзат тарихына ірі тұлға болып енген Абай туралы Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаев былай деп жазады: «АБАЙ өз халқының ойшылы болды. Дүние
жүзінің мәдениетіндегі қазақ халқының орнын, адамзат халықтарының ішіндегі
18
оның болашағын ойлап, жатпай, тұрмай қинала іздестіріп келіп, Абай қазақ
қауымының өз заманасы ұсынған талаптардан кейін қалуының бірқатар
себептерін ашты. Өз шығармаларында ол Батыс, Шығыстың ойшылдарына
жүгінді. Осы тұста оның өз заманында қалыптасқан шынайы тарихты
қаншалықты кең ауқымда көре білетіндігі танылды. Осынау «қайғы ойлап
қажыған» кемеңгердің жан жылуы бүкіл халқын қамтыды. Сондықтан қазақтар
Жер бетінде өмір сүрген кезінде осынау ұлы адамның шарапатын үнемі сезініп
өтетін болады».
Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда
бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтардан тазарып,
жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу – өзекті
мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды. Жүрек жылуының басқа табиғат
жылуы, күн көзінің жылуынан да әсері мол. Бұл жөнінде Абай өзінің 38 қара
сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: әуелі-надандық,
екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық»-деп адам баласын надандықпен,
зұлымдықпен күресуге шақырады [14].
Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер
тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік,
кішіпейілділік, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді
тәрбиелеу – заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушыларға
адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет,
бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.
Адамгершілігі мол адам бақытты, ел-жұртына қадірлі, қоғамға да пайда
келтіреді, яғни маңындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан «қиын
оқушыларды» жас кезінен адамгершілік
қасиеттерге баулу
-
олардың
келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке, қоғам өмірінде,
тұрмыста, көпшілік орында өзін ұстауынан, басқалармен қарым-қатынасынан,
жүріс-тұрыс, қимылынан байқалады.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:
а/ адамгершілік сананы қалыптастыру;
ә/ адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;
б/ адамгершілік мінез-құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру;
Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігі сабақ мазмұнының
ғылымилығы, мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-
эмоциялық сипатқа ие болуы, сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасында
қалыптасатын өзара түсіністікке құрылған қарым-қатынас стилі, мұғалімнің
адамгершілік келбеті негізінде мүмкін болады.
Адамгершілік тәрбиесінің ғылыми айқындалған психологиялық жүйесі
/сезім, сана, сенім, әдет-дағды/ халықтың педагогикалық бай мұрасынан да
айқын көрінеді.
Біз этнопедагогика құндылықтары арқылы оқушыларды тәрбиелеуде
мынадай адамгершілік сапаларды қалыптастыруды жөн көрдік: ақыл-ой, сана,
еңбек, Отанына, халқына, жалпы адамзатқа, табиғатқа деген сүйіспеншілік,
19
елжандылық,
ар-ождан, ізеттілік, ата-анаға,
өзінің
жақын туыстарына
мейірімділік, бауырымдылық, кеңпейілділік. Күнделікті өмірде, мектепте, кез-
келген ортада осы адамгершілік сапаларын оқушы бойына сіңіре білу ата-ана
мен ұстаздардың міндеті болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |