Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата04.03.2020
өлшемі3,58 Mb.
#59598
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ресурстық мектеп


Эстетикалық тәрбие

Эстетикалық тәрбие  оқушылардың көркемдік  талғамдарын,  алуан  түрлі

шығармашылық  қабілеттерін  жетілдіруге  себепкер  болады,  эстетикалық

мұраттарды қалыптастырды,  оларға әсемдікті  түсінуді,  бағалауды  және

жасауды бойға сіңіруге, қоршаған ортадағы жағымсыз қылықтарға төзбестікпен

қарауды  дамытуға  көмектеседі.  Сұлулық заңдылығын –оқушылардың  өзі

қоршаған  ортаға,  еңбекке,  оқуға,  мінез құлық нормаларына  енгізе  білу  негізгі

міндеттердің бірі.  Оқушыларды  оқыған  кітаптар  мен  көрген  кинофильмдерін,

спектакльдерін  эстетикалық тұрғыдан  дұрыс  бағалай  білуге үйретуіміз  керек.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарына  мектепте  табиғаттың    қоршаған

ортаның, еңбектің, көркем өнердің, әдебиеттің ролі ерекше.

Табиғаттың мектеп  оқушыларын қалыптастыруда  алатын  рөлін  көрнекті

педагог В.А.Сухомолинский: « Мен балдырғандарды өздерін қоршаған дүниеге

олар әр  күн  сайын әлденендей  бір  жаңалық ашатындай  етіп,  біздің  әрбір

қадамымыз ғажайып  табиғат  сұлулықтарына – ойлау  мен  сөздің  қайнар  көзіне

саяхат  болатындай  етіп  енгіземін  мен  кітапты  ашудан,  алғашқы  сөзді  буынға

бөліп  оқудан  бұрын  балалар  дүниедегі  ең  ғажайып  кітаптың – табиғат

кітабының беттерін  оқитын  болуына  күш  салдым», - деп  табиғат  эстетикалық

тәрбие  берудің беташары, қайнар  көзі  екенін ұстаз өз  еңбегі  арқылы

дәлелдейді [15].

Эстетикалық тәрбие  беру  мектепте  ең алдымен,  сабақта  жеке  пәндердегі

оқыту жүйесінде іске асады. Эстетикалық тәрбие-адамгершілік тәрбиесі. Әдеби

шығармалардағы  кейіпкерлер  адамның бала қиялына  ой-сезіміне  тікелей әсер

етеді, дүниені сұлулық тұрғысынан тани білуге үйретеді.

Кез-келген көркем шығарма балалардың алдына өмір қойған адамгершілік-

эстетикалықпроблемаларды 

шешуге 


көмектеседі. 

Бұл 


бағытта

қазақ


мектептерінде қазақ  әдебиетінде  көрнекті қайраткерлері  С.  Сейфуллин,

І.  Жансүгіровтің, Б.  Майлин,  М. Әуезов,  С.  Мұқановтың,  Ғ. Мүсірепов,

Ғ.

Мұстафиннің



шығармаларымен  таныса  отырып,  олардан

өздеріне


эстетикалық тәрбие алады, көркемдік талғамын арттырады.

Бейнелеу өнері, ән-күй  сабағы,  ойындар,  драмалар,  инсцинироавкалар,

үйірме  сабақтарын  жүргізу  оқушыларға  сыныптан тыс  уақытта  эстетикалық

тәрбие беру де ролі зор. Еңбек эстетикасы әсемдік сезімі, сұлулық заңдарымен

туындылар жасау қабілеті қалыптасты.

Мінез-құлық пен  тұрмыс  эстетикасы.  Сыпайылық – ішкі  мәдениеттің

сыртқа 

шығуы. 


Ол

ұстамды 


болудан,

өзін-өзі 

шек

қоя 


білуден,

шыдамдылықтан, өзгелердің бейімі  мен  талғамын құрметтей  білуден  көрінеді.

Әдептілік –көпшілік  арасында өзіңді ұстай  білетініңді  дәлелдейтін,  шартты

түрде қабылданған мінез-құлық қағидалары.



20

Эстетикалық тәрбие-жан-жақты  тәрбиенің бүкіл  жүйесінің табиғи    бір

бөлігі.

Эстетикалық тәрбие  баланың жас  кезеңдеріне  байланысты әр  түрлі



дамиды, оның  өзі баланың белгілі бір нәрсеге әсерлену  сезімімен  байланысты.

Бастауыш сыныпта өнер шығармаларымен танысу, тіпті өнермен айналысу оны

тез  жалықтырады.  Көркем  шығармашылықтың нәтижесінен  кері  сурет  салу,

желімдеу,  музыка  процесі қызықтырады,  ал  эстетикалық  құбылыстарды

бағалауы  белгілі  бір  жағдайларда ғана  байқалады.  Жоғары  сыныптарда

баланың  өмірдегі  эстетикалық сананы  талғаммен қабылдауы  жеткіншектерге

қарағанда жоғары  болады. Өнерге,  көркем  шығармашылыққа, өзінің тәртібіне

ерекше мән береді. Балалардың  әдемілікке деген сезімін қай жерде болмасын;

мектепте, үйде  демалыста  т.б.жетілдіріп  отыру  керек.  Мектепті,  сыныптарды,

арнайы  бөлмелерді  эстетикалық тұрғыда  безендіргенде  міндетті  түрде  оларды

қарастырған жөн [10].

К.Д. Ушинский «Жас баланы жақсы істі, жақсы сезімді, жақсы ойды сүюге

үйрететін  жақсы әдеби  шығарма ғана»  деген  болатын. Әдеби  шығарманы  оқи

отырып,  балалар  адамдардың

мінез-құлқын,  іс-әрекетін,

қылықтарының

себептерін  түсіне  білуге,  жақсының жақсылығын  сезе  білуге,  бұзақылық пен

жамандықты  айыптай  білуге үйренеді.  Осы  шығармалар  негізінде өткізілетін

этикалық  әңгімелер, әдетте  баланың  өзіне  жақын  адамдарға,  жолдастарына

қатынасы  жайлы  болса,  Отан,  табиғат  дүниесі  алдындағы  жауапкершілігі

жөнінде мәселе қойса балаларды қызықтыра түседі.

Балалардың алдына қойылған  сұрақтарды ұжым  болып  талқылауы

адамгершілік  жөніндегі  түсінігін  анықтауға ғана  емес,  сонымен  бірге  баланың

өмір тәжірибесін байыта түсуге де әсер етеді. Тәрбие беру тұрғысынан келетін

болсақ, баланы әңгіме, ертегі, өлеңдерде болатын «адамгершілік» проблемасын

қызықтыра  білу өте  маңызды.  Осыған  орай  мұғалімнің мәнерлеп  оқи  білуінің

ролі  зор,  баланың шығарманы  түсініп  сезінуі  көбіне  осыған  байланысты.

Табиғатты  сүю – Отанды  сүю  көрінісінің бірі.  Табиғатты үнемі  бақылау

балалардың табиғатқа  деген  ынтасын  арттырады,  онда  болып  тұратын

өзгерістерді  байқауға

үйретеді,  оның

себептерін

анықтап  белгілі-бір

заңдылықтарын  ажыратуға  тәрбиелейді.  Табиғаттың

көркем  сұлулығын

сырттай ғана тамашалап, айналадағы табиғаттан ләззат алып, оның алуан түрлі

әсемдігін  бағалай  білу – балалардың адамгершілік  және  эстетикалық

сезімдерін

қалыптастырудың

негізі.  Бастауыш  сыныптағы  балалармен

табиғатқа саяхатқа, серуенге шыққанда төмендегідей мақсатты шешу көзделеді:

табиғатты анықтап, оның белгілі-бір заңдылықтарын ажыратуға тәрбиелейді.

Табиғаттың көркем  сұлулығын  сырттай ғана  тамашалап,  айналадағы

табиғаттан ләззат алып, оның алуан түрлі әсемдігін бағалай білу – балалардың

адамгершілік  және  эстетикалық сезімдерін қалыптастырудың негізі.  Бастауыш

сыныптағы  балалармен  табиғатқа  саяхатқа,  серуенге  шыққанда  төмендегідей

мақсатты  шешу  көзделеді:  табиғаттағы  маусымдық  құбылыстар  жөніндегі

балалар  білімін  толықтыру,  оның сұлулығын бағалай  білуге үйрету,  балаларға

өсімдіктер  мен  жануарлардың  өсуі  және  адамдар  еңбегі  мен  олардың ара


21

қатынасы,  байланысы  жөніндегі  түсінігін  тереңдету,  табиғатқа ұқыптылықпен

қарауға  тәрбиелеу,  алған  білімлерін  мүмкіндігінше  табиғатты қорғау  ісіне

пайдалана білуге  дағдыландыру.



Эстетикалық тәрбие өнерінің әдістері арқылы дамуы

Адамның эстетикалық мүмкіншілігі көбінесе өнері әдістері арқылы дамуы.

Адамның эстетикалық мүмкіншілігі  көбінесе өнерде  байқалады. Өнерде

эстетикалық тәрбиенің қатынасының өмірге қажетті деген басты ерекшеліктері

жинақталған.  Жалпы  білім  беретін  мектептің оқу  жоспарына  көркемдік қиял

пәндері-әдебиет,  музыка,  бейнелеу өнері  енгізілген.  Жеке  адамдардың жан-

жақты  жетілу  міндеттерін  ескере  отырып өздеріне өнердің күрделі  жиынтығы

біріктіреді.  Педагогикада  эстетикалық тәрбиені өнер әдістер  арқылы  жүзеге

асыратын болғандықтан «көркем тәрбие» деп атайды.

Эстетикалық тәрбие өнердің    әдістері  арқылы,  табиғатқа, өнер  саласының

өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты

әр  түрлі  жолмен  жүзеге  асады.

Оқушылардың оқу үрдісі  мен  сыныптан  тыс  жұмысы  негізінде  көркем

тәрбиенің жалпы және негізгі әдіс-тәсілдеріне тоқталайық [9]:

1) Көркем 

шығармаларды 

орындау 

немесе 


көрсету, 

балаларды

мүмкіндігінше  кең көлемде өнер құбылыстарымен  жақын  араластырып  отыру

қажет.


2) Көркем шығармаларды талқылау және бағалау. Әдемілік құбылыстарын

бағалай  білуге  тәрбиелеу, өздерінің ойын  эстетикалық тұрғыда  дәлелдеуге

дағдыландыру.

3) Өнертану  білімдері  саласынан  мағұлмат  беру.Оқушы өнер  түрлерінің

теориясы саласынан, оның тарихы даму жолынан хабардар болуы керек.

4) Оқушылардың

шығармашылық

және  орындаушылық  әрекеттерін

ұйымдастыру.

5) Көркем әрекеттерінің  әрбір  түрлерінде  жаттығу  арқылы  оқушылар

өздерінің мүмкіндіктерін, қабілеттілігін,  дағдысын  жетілдіреді.  Эстетикалық

тәрбиенің дамуы үрдісінде  ана  тілі, ән  айту  мен  музыка,  бейнелеу өнері

лайықты функцияларды атқарады. Оқушылар ана тілі сабақтарында әдебиет сөз

өнері  тұрғысында қабылдауға,  көркем  шығармаларды өзінің  қиялы  арқылы

жеткізуге,  кейіпкерлердің  өзіндік  ерекшеліктері  мен  мінез

құлықтарын

байыппен 

аңғартуға, 

олардың

іс-әрекеттік



қылықтарын 

дәлелдеп


қорытындылуға үйренеді.

Еңбек тәрбиесі

Балаларды  еңбекке  баулу  және  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу  мәселесіне

әрбір  тарихи  кезеңде әртүрлі  баға  берілсе  де  еліміздің эконмикасының

дамуына  орай,

бұл  мәселенің  өзектілігі  күн  сайын  артуда.  Баланы

еңбексүйгіштік қасиетке  баулуда  жалпы халықтың еңбек  тәрбиесін  жан-жақты

қарастырған 

дана 


ойшылдары

Әл-Фараби,

Қ.А.Яссауи, 

М.Қашқари,

М.Х.Дулати өз еңбектерінде атап көрсеткен. Ғұламалардың шығармаларындағы

ұрпақты  еңбексүйгіштікке,  іскерлікке, өнер-білімге  шақырған  насихаттарының



22

тәрбиелік  мәні  зор.  Баланы  жастайынан  еңбекке үйрету,  еңбектің адам

өміріндегі  орны  туралы  айтылған  ой-пікірлер  XIX

ғасырдың


екінші

жартысында 

Ш.Уәлиханов, 

А.Құнанбаев, 

Ы.Алтынсарин,

Ш.Құдайбердіұлымұраларында 

жалғасын 

тапты. 


Сонымен

қатар, 


бұл

мәселелердің  қазіргі  таңдағы  зерттеулер  де  маңыздылығы  жоғары:  еңбек

тәрбиесінің

тарихи-педагогикалық

негіздері 

(Г.Уманов, 

А.Сейтешев,

Ә.Мүсілімов);  еліміздегі  жалпы  білім  беретін  мектептерде  еңбекке  тәрбиелеу

мәселелеріне  арналған  зерттеулер  (К.Қожахметова,  К.Құнантаева,  О.Сатқанов,

Ж.Әбиев, С.Әлімбекова); қазақ этнопедагогикасы негізінде еңбекке тәрбиелеуге

байланысты  зерттеу  жұмыстары  (К.Ақышев, Қ.Шалғынбаева,  С.Жиенбаева,

М.Бұлақбаева); еңбек іс-әрекетіне  педагогтар даярлау мәселесі (К.Дүйсенбаев,

С.Жолдасбеков) педагогика ғылымында әр қырынан қарастырылып жүр.

Ғылыми  тақырыптарын  еңбек  мәдениетіне  арнаған ғалымдардың бірі

Қ.Шалғынбаева қазақ халық педагогикасындағы  еңбек  тәрбиесі  туралы

зерттеулер жүргізіп, еңбекке даярлаудағы қазақ халқының моральдық-этикалық

көзқарастарын зерделей келе, қыз бала мен ер балаларды еңбекке даярлаудағы

еркшеліктері  мен  халық

педагогикасының

еңбек  тәрбиесі  дәстүрлерін

жеткіншіктер  тәрбиесінде  пайдалану  тұжырымдамасын  жасап,  практикаға

енгізеді.

М.Қаламқалиев

ғылыми 


зерттеулерінде 

жалпы 


орта 

мектептерде

оқушыларды  еңбекке  тәрбиелеуде  техникалық шығармашылықты  дамыту

нарықтық кезеңдегі  педагогикалық мәселе  екендігін  айқындап,  еңбекке  баулу

міндеттерін көрсетті.

С.Жиенбаеваның  «Бастауыш  сынып  оқушыларының еңбек  іс-әрекеті

тәжірибесін қалыптастырудың  ғылыми  негіздері»  атты  еңбегінде  балаларды

еңбекке  баулу  жолдары, құралдары, әдіс-тәсілдері,  оларды  жүзеге  асыру

әдістемесі 

талданған, 

аталмыш

ғылыми 


еңбек 

жүйелі


зерделенген

жұмыстардың бірі[16].

«Еңбекке тәрбиелеу», «еңбексүйгіштікке тәрбиелеу» бүгінгі мектептің оқу-

тәрбие үдерісіндегі қажеттілікті  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Жеке  тұлғаның

әлеуметтену  барысында  еңбек  тәрбиесінің  құрамдас  бөлігі  «еңбексүйгіштік»,

«еңбекқорлық»,  «еңбек ету» ұғымдары-бүгінгі жас ұрпақтың еңбек мәдениетін

қалыптастырудағы құндылық сапалар.

Еңбексүйгіштікке 

тәрбиелеу 

дегеніміз, 

баланың

еңбекке 


деген

қызығушылығын арттыра отырып, еңбек нәтижесіне қанағаттану, үлкендердің

еңбегінен үлгі алу  арқылы өзінің еңбек  ету  шеберлігі  мен  дағдысын

қалыптастыру,  еңбекті құрметтеуге  және  оның маңыздылығын

ұғынуы  мен

еңбек мәдениетіне үйренуі болып табылады.

Педагогикалық тұрғыдан:  жас  ерекшеліктерін,  бала  жастан  еңбек  ету

дағдысын есепке алу; еңбекті материалдық және рухани құндылық қайнарының

негізі,  жеке  тұлғаның даму  тұтқасы  ретінде қабылдауға  тәрбиелеу;  еңбек

әрекеттері  арқылы  балаларды  еңбек  адамдарын құрметтеуге,  оның адам

өміріндегі  маңыздылығын  түсінуге үйрету; ұжым  еңбегіне  сүйсіну, ұжымдық


23

еңбек  етуге  дағдыландыру;  бастауыш  мектеп  жасындағы  балаларды  еңбек

мәдениетіне тәрбиелеу; еңбекке баулу механизмдері мен тетіктерін енгізу.

Оқушы  еңбексүйгіштікке  тәрбиелену  арқылы: ұқыпты    болуға  тырысады;

еңбекті  бағалауды үйренеді;  мақсат қоя  біледі; тәні  мен  денесі  шынығады;

еңбек  етуге қабілеті  шыңдалады;  намысқа  тырысады;  жігерленеді; өзіне

сенімділігі

қалыптасады;  ой-өрісі  дамиды;  адамдармен

қарым-қатынасы

реттеледі; әсемдікке ұмтылады; өнерді құрметтейді;  білімге  білуге құштар;

іскерлекке,  кәсіпкерлікке  бейім;  елгезек;  төзімді;жаман әдеттерден қашық

болады; этномәдениеттік бағдары бар халықтық тағылыммен қаруланған тұлға

болуға қалыптасады.

Дене тәрбиесі

Жеке  тұлғаның дамуында  негізгі  орын  алатын дене  тәрбиесі. Өмірге

қажетті  дағды  және  іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады.

Табиғи қозғалыстың түрлері:  жүгіру,  жүзу,  секіру,  шаңғы,  велисопед  тебу,

жаттығулар. Жас баланың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды.

Дене  шынықтыру  сабағы  жастарды  адамгершілік  рухта  тәрбиелеудің

белсенді құралы  ретінде,  жалпыға  бірдей  орта  білім  беру  идеяларын  іске

асырады,  соның нәтижесінде қоғамдық пайдалы  еңбекке  араласу  мен  Отан

қорғау ісіндегі жүйелі тәрбиенің негізін құрайды.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған  «Қазақстан -2030»

стратегиялық бағдарламасы  жас ұрпаққа  салауатты өмір  сүруге

үйрету


міндетін    атап  көрсетті.  Дене  тәрбиесі  ерік  жігерді,  тәртіпті,  батылдықты

белсенділікті

қалыптастырып,

өз  Отанын

қорғауға

әзір  азаматтарды

тәрбиелеуге көмектеседі.

Сабақ


дене  тәрбиесін

ұйымдастырудың

негізгі  формасы.  Дене

шынықтыру  сабақтары  мемлекеттік  оқу  бағдарламасына  сәйкес  жүргізіледі.

Дене  тәрбиесі  сабақтары  негізгі  принциптер  мен  заңдылықтарға  сәйкес

құрылады.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

1) оқушылардың дене сапасын, өмірге қажетті іскерлікті жақсарту, спортқа

қызығушылығын анықтау;

2) дене шынықтыру және спорттық біліммен қамтамасыз ету;

3) қимыл іс-әрекет дағдыларын және іскерлігін игеру;

4) адамгершілік қасиеттерін  тәрбиелеу  (батылдық, тәртіптілік,  шын-

шылдық, ептілік, коллектившілдік, жігерлілік т.б.)

5) эстетикалық сапаны қалыптастыру(жүріс-тұрыс,қозғалу тәртібі т.б.)

6) дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға дағдылану;

7) гигиеналық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Күнделікті  тәрбиелік  іс-шараларында  физминутка  жатады.Физминутка

сабақ үстінде бастауыш сынып оқушыларымен өткізіледі, зерттеулер бойынша

физминутканы үшінші  не  төртінші  сабақтың ортасында  жүргізген  пайдалы.

Осы  кезде  балалар  шаршап,  көңілі,  зейіні,  енжарлығы байқалады.  Физминутка

өткізгенде  желдеткішті  ашып  3-4  жаттығуларды  1,5-2  мин.  аралығында



24

оқушылардың шаршағанын  басу үшін  жасатуға  болады.  Еңбек  сабағында,

немесе өнімді  еңбек

ұйымдастырғанда  жаттығу  жасау ұзақтығы  5-7  мин.

Арнайы жаттығулар, балалардың демалу құралына айналу қажет.

Дене тәрбиесін жақсартуда серуендер, саяхат, туристік жорықтар өте қажет

болып  саналады.  Туризм  оқушыларды  төзімділікке,  еңбек  сүйгіштікке,

қиыншылықты  жеңуге үйретеді.  Мектептерде  5-6  рет  «сауықтыру  күндерін»

өткізген  жөн,  себебі  дене  шынықтыру  және  спорт  балалардың денсаулығын

жақсартып қана қоймай, қабілетін,  білімін  жетілдіреді.  Балалардың сауықтыру

жұмыстарын

қоғамдық


пайдалы  еңбекпен

үйлестіріп  жүргізудің  үлкен

тәрбиелік мәні бар. Мысалы, туған өлкені, орман шаруашылығын, қорықтарды

қорғау.  Бастауыш  мектеп  оқушыларына қозғалмалы  ойындар өте қажет.

Бастауыш  сыныптың

дене  шынықтыру  сабағында  ойын  элементтерін

пайдаланудың

айрықша 


маңызды 

жағы-алғашқы 

ойын

қолданылған



сабақтардың  өзінде-ақ оқытушы  оқушылардың  қабілеттеріне қарай  оларды

топтастыруға    мүмкіндік  алады.  Осыған  орай  олардың неден қабілеттерін

дамытуға  баса көңіл бөлуді алдын-ала белгілейді.

Дене  тәрбиесін ұйымдастыру  формаларына  дене  шынықтыру  сабақтары,

үйірмелер, секциялар (жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, футбол, күрес т.б.)

жатады.  Мектептен  тыс  жаппай  спорт  жұмыстары  оқушылардың тұрғын

жерлерінде,  балалар  мен  жасөспірімдердің спорт  мектептерінде,  спорттық

базаларда  (стадион,  жүзу  бассейндері,  мұз  айдыны  т.б.).  Дене  тәрбиесін

ұйымдастыруда  басқа  формалар:  саяхат  жасау,  туристік  жорықтар,  спорттық

тақырыпқа  байланысты кештер,  ойындар  т.б.  Дене  тәрбиесінің маңызды

құралдарына    дене  жаттығулары,  гимнастика,  ойын,  туризм,  спорт  табиғи

факторлар (күннің көзі, ауа, су, топырақ) жатады.

Дене жаттығулары -бұл саналы  түрде орындалатын қимылдар, қозғалғыш

әрекеттер.  Гимнастика-өз  еркімен  орындалатын  ерікті  жаттығулар, қимылдың

тұтас  табиғи    формалары  (жүру,  жүгіру, қарғу, өрмелеу  т.б.).  Ойын  балалар

өмірінде  алатын

қимыл-қозғалыс

әрекетінің

түрі.

Қозғалыс  ойындары



оқушылардың

ептілігін,  тапқырлығын,

өзін-өзі  тәрбиеленуін  дамытады,

қозғалғыш дағдыларын жетілдіреді.

Ауылдық жерлердегі мәдениетті өмір сүру деңгейін көтеру мәселесі тұрған

кезде,  сол  мектеп  оқушыларының салауаттылығы,  салауатты өмір  сүру

дағдысын

қалыптастыру  туралы

ғылыми  негізделген  проблема  кеңінен

қарастырылмаған.

Сондықтан тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында ауылдағы шағын

жинақты мектеп  оқушыларын салауатты өмір сүруге үйрету, дене шынықтыру

және 

спортпен 



жүйелі 

түрде 


айналысуға 

дағдыландыру, 

сауықтыру

жұмыстарын қоғамдық пайдалы  еңбекпен үйлестіріп жүргізу,  адамгершілік-

эстетикалық тәрбие беру міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Осыған орай келесі бөлімде тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында

шағын  жинақты  мектептердегі  тәрбие  жұмысын ұйымдастыру

әдістемесіне

тоқталамыз.


25

2 Шағын жинақты мектептердегі тәрбие жұмысының әдістемесі

Қазақ


ағартушыларының,

зиялыларының, 

ғалымдарының 

ғылыми


зерттеулерінде тұлғаны тәрбиелеу туралы психологиялық терең ойлар жатыр.

ХХ ғасырдың басында ұлттық психологиялық көзқарастармен  барша

халыққа  танымал, қазақтың жантану  ілімін  зерделеген  Ж.Аймауытов  болды.

Ж.Аймауытовтың

психология 

саласындағы 

«Тәрбиеге 

жетекші»,

«Психология»,  «Жан  жүйесі  және өнер  таңдау»,  «Комплекспен  оқыту

жолдары»  еңбектері  жарық көрген.  Бұл  еңбектер  тұңғыш  рет қазақ тілінде

басылып  шыққан  психологиялық туындылар  болды.  Жүсіпбек  Аймауытов

(1890-1931жж.) - "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың

ережелерін,  заңдарын  баяндайтын,  оқытудың дұрыс  жүйесін  тауып,  білім

берудің шарттарын  көрсететін  педагогика  бөлімі  "дидактика"  деп  атап,

дидактикаға қазақ тілінде  тұңғыш ғылыми  анықтама  берген.  Баланың ақылын,

сезімін,  ерік-жігерін,  мінезін  тәрбиелеу  керектігін  атап  көрсетті.  Балаға  туған

елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын  көрсетуді ұсынды.  Баланың тіл  байлығын

арттыруға ерекше көңіл бөлді.

Тұлға  бойындағы  ерекше

қасиеттердің

бірі  патриоттық

тәрбиеге


байланысты  Г.Ж.Меңілбекова,  И.Р.Халитова,  Р.Джанабаева,  С.Т.Иманбаева,

Е.Жұматаева,  Ж.Т.Сарыбекова,  Б.Байменова,  М.Х.  Балтабаев  т.б.;  тұлғаны

әлеуметтендіру мәселесі бойынша Р.Әбсаттаров, И.П. Подласый, Д.И. Грядовой

және  т.б. ғалымдардың, ал  жас ұрпақтың  ұлттық тұлғалық  қасиеттерін  тарих

саласы  бойынша  М.Қозыбаев,  М.Қойгелдиев, Т.Тұрлығұл, Қ.Мыңжанұлы,

Т.Жұртбай,  Ж.Қасымбаев  еңбектерінде  зерделенген. Тұлғаны қалыптастыру

мәселесіне  байланысты  шетел ғалымдары  А.Адлер,  К.Роджерс,  П.Кайлер,

З.Берн, З.Фрейд, Э.Эриксон еңбектерінде қарастырылған.

Л.И.Новикованың  «Воспитательная  система  малокомплектной  школы:

общее  и  особенное»  мақаласында  шағын  жинақты  мектептің тәрбие  жүйесі-

жалпының бірлігі,  ерекше  және  бірегей  екендігін  атап өткен.  Зерттеушілердің

пікірінше (Л.И.Новикова және т.б.) шектеулі қарым-қатынас тәжірибесі, қарым-

қатынастың шағын  ортасы  балаларда ұялшақтық туғызады.Шағын  жинақты

мектептің тәрбие  жүйесі  сынып ұжымының ерекшеліктерімен байланысты

Л.И.Новикова 

бастаған 

зерттеушілер 

шағын 


жинақты 

мектептің

аз

сыныптарының ерекшеліктерін алғашқы ұжым ретінде зерттеді[17].



Ал,  Н.И.  Куралованың  «Малокомплектная  школа  начала  80-х  годов»

(социально-педагогическое 

описание 

напримерешколЯрославскойобласти)

еңбегінде  шағын  жинақты  мектептердің оқу-тәрбие  жұмысына  сипаттама

жасалған. 

Зерттеулерінде 

Н.И.Куралова 

оқушылардың

оқуға, 


еңбекке

қызметтің түрлі  салаларына қызығушылықтың дамуын, қоғамдық жұмысқа

қатысуы туралы көрсеткен[18].

Г.Ф.


Суворованың

«Совершенствование 

учебного 

процесса 

в

малокомплектной  начальной  школе»  еңбегінде  шағын  жинақты  мектептердің



жұмыс 

ерекшеліктері 

мен 

оқу-тәрбие 



процесін 

жетілдіру 

жолдары

талданған[19].



26

1990 жылдары М.И. Зайкиннің «Феномены малокомлектных школ» еңбегі,

«Советская  педагогика»  журналында  «Обучение  в  малочисленных  классах»

мақаласы  жарық көрген.  Бұл  еңбектерде  шағын  жинақты  мектептердегі  оқу-

тәрбие ерекшеліктеріне сипаттама берілген.

2007 жылы Г.З.Әділғазиновтың «Организация  управления педагогическим

процессом в малокомплектной школе» монографиясы жарық көрді [20].

Монографияда  ШЖМ-тің

әлемдік  тәжірибесі,  оқу-тәрбие

үдерісінің

ерекшеліктері  және  оны  басқарудың тиімді  технологиялары,  білім  мазмұнын

интеграциялаудың  ғылыми-әдістемелік  жолдары  көрсетілген.  2008  жылы

Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті базасында пән мұғалімдері, шағын

жинақты  мектептердің басшылары  тәжірибесін  сипаттайтын  «Педагогика

малокомплектной школы.  Из опыта эффективного управления педагогическим

процессом в малокомлектной школе» оқу-әдістемелік құралы жарық көрді.

Г.З.Адильгазиновтің  «Теория  и  парактика  совершенствования  управления

педагогическим 

процессом 

в 

малокомплектной 



школе» 

еңбегінде

педагогикалық процестің көрсеткіштері:оқушылардың танымдық  қызметінің

әдістерін игеру, ұжымның қалыптасу деңгейі, әлеуметтік белсенділік бойынша

зерттеулер  жүргізілді.  Ауыл  мектебінің  43 процент  оқушыларына  жүргізген

сауалнамада  оқушылардың тең оқитындығы,  жоғары үлгерім  мен  білім

сапасының

көрсеткіші 

байқалмады.Сонымен

қатар 


шағын 

жинақты


мектептерде білім  сапасы  20-25  процентен  жоғары  көтерілмегендігін  атап

көрсеткен.  Ауыл  балаларының еңбекке  бейімділігін  жүргізілген  сұраулардың

49  проценті  еңбек  етуден қашпайтындығын,  37  проценті  еңбектің  әр  түріне

қатыстылығын айтқан.

Шағын  жинақты  мектептердің  қызметін ғылыми-әдістемелік  жағынан

жетілдіру,  ондағы  оқу-тәрбие  жұмысын ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз

ету мәселелері Н.Ә.Тойбазарованың еңбектерінде жүйелі қарастырылған. Оның

шағын  жинақты  мектептің біріктірілген  сыныптарында  пәнішілік  мазмұны

ұқсас тақырыптарды  кіріктіре  оқытуға  арналған  оқу-әдістемелік  кешені

мұғалімдер арасында әдістемелік көмекші құрал ретінде кеңінен қолдау табуда.

[21].

«Тәрбие жұмысының әдістемесі»  атты  еңбегінде С.  Г. ГубашеваА.  Ж.



Отарбай. тәрбие беру  іс-әрекетіндегі негізгі міндеттерді  атап көрсетеді [22]:

а) Жас ұрпақтың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Ғылыми  дүниетанымды қалыптастыру үшін,  жеке  тұлғаның  қоршаған

табиғат, әлеуметтік орта және өзімен –өзінің іс-әрекет туралы көзқарастары мен

сенімдерінің жүйесін қалыптастыру  керек.  Адамның дүниеге  көқарасы-ның

барлық  өмірінің идеялық бағытын  іс-әрекетін,  тәртібін  айқындайтын    ең

маңызды  буын.  Дүниетанымды қалыптастырудың негізгі  мектепте әрбір  пәнді

оқыту және тәрбиелік шараларды өткізу арқылы қаланады.

ә) Ақыл-ойын  дамыту  және  жалпы  мәдени  деңгейін  көтеру. Қазіргі

тәрбиеге қойылып  отырған  маңызды  талаптардың бірі - оқушылардың ойлау,

танымдық, шығармашылық  қабілеттерін,  ақыл-ой  мәдени  еңбегінің деңгейін

көтеру. Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнына табиғат, қоғам және адам туралы және

қазіргі өндіріс туралы білімдер енеді.


27

Мектептегі  тәрбие  процесінің

алдында  тұрған  басты  міндеттер

оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамытуда танымдық ойындарды,

шаралар мен  іс-әрекеттерді кеңінен ұйымдастыру болып табылады.

б) Қазіргі  тәрбиедегі  тағы  бір  басты  міндеттердің бірі –оқушылардың

адамгершілік  санасын қалыптастыру.  Адамгершілік  тәрбиесінің

мазмұнына,

оқушылардың бойында  елжандылық,  ұжымшылдық, шыншылдық, тәртіптілік,

өз  борышына  адалдық,  ұйымшылдық, т.б.  сапалық  қасиеттерді қалыптастыру

жатады.

в) Еңбек тәрбиесі мен оқушыларға кәсіби бағдар беру-тәрбие саласындағы



негізі міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбек

етуге еріктілік берілген. Баланы кішкентай кезінен бастап, «еңбек ету менің ең

бірінші қажеттілігім»  деп  сезінуіне үйретуіміз қажет.  Еңбек  процесінде

оқушыларда ұқыптылық, ел  игілігіне қамқорлық сезімі  дамиды.  Еңбек  іс-

әрекеті арқылы еңбек мәдениеті қалыптасады: өз жұмыс орнындағы тәртіптілік,

жұмыссөз  тез  кірісу,  оны  дұрыс  жоспарлау,  жұмыс  уақытын бағалау,  жұмыс

кезінде алаңдау, есептеу машиналарымен жұмыс істеу т.б.

г)  Дене  тәрбиесінің міндеті- біздің  қоғамымызда  жеке  тұлғаны  дамыту,

салауатты өмір сүруге баулу болып отыр.

Бүгінгі  күннің талабына  сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін

және ұйымдастыру жүйесінің негізгі қағидалары мыналар:

1.  Тәрбиенің мазмұны,  оны  жүзеге  асыратын әдіс-тәсілдердің негізі-

адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.

2. Үздіксіз  тәрбиенің негізі-ұлттық тәлім-тәрбие. Әр  халықтың тәлім-

тәрбиелік  мұрасы-мәдениеттің  құнды  бөлігі.

Қазақ


халқының

бағалы


педагогикалық ой-пікірлерін оқу-тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыру. Өнегелі

тәрбие  ісін  дүниежүзілік ғылыми  және  рухани қазынаны ұлттық мұрамен

ұштастыру арқылы жүзеге асыру.

3. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

Ата-ана  мен  бала,  тәрбиеші  мен  тәрбиеленуші, үлкен  мен  кіші  арасындағы

қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылықа, имандылыққа бір-біріне сый-

құрметпен қарауға  негіздеу.  Тәрбие  барысында  психологиялық жағынан

жайдарлылық,  үйлесімділік  ахуал  туғызу,  жас  азаматтың  өзіне  деген  сенімін

арттыру, қамқорлық сезімін дамыту.

4.  Тәрбие  жүйесінің барлық буынында  ана  тілін  пайдалану. Қоғам

мүшелерінің тәрбие алудағы теңдігін, шығу тегін ұлттық белгілері қатынасына,

тіліне,  діни  сеніміне,  кәсіби түрлеріне  тәуелсіздігі.  Тәрбие  беруде  тілді  таңдау

еркіндігі.

5.  Тәрбие  жүйесінің сабақтастығы, үздіксіздігін,  бірлігін қамтамасыз

ету.Ұрпақ тәрбиесі нәтижелі болу үшін тәрбиенің барлық сатыларында отбасы,

балбақша,  оқу  орындары  мен  басқа  тәрбие  мекемелерінде  талаптың бірлігін,

өзара сабақтастығын ескеру болып табылады.

Шағын  жинақты  мектептерді  біріктіретін тірек  мектебінде  (ресурстық

орталықта) тәрбие  жұмыстарын ұйымдастыру  мақсаттарына  сәйкес  жеке

тұлғаның тәрбие  деңгейін  сипаттайтын  көрсеткіштер  маңызды үш сфераға



28

бөлініп  (танымдық, мінезқұлықтық, мотивациялық),  үш  деңгейде  анықталады

[23]:

Қазақстандық патриотизм мен азаматтылық:

-оқушы өз  отанының тарихын  танып-білуге ұмтылуы  (танымдық сфера)-

ортаңғы деңгей.

құқықтық мәдениет:

-құқықтық сауаттылық – төменгі деңгей;

- адам құқығын қорғауға  бағытталған  адамгершілік- құқықтық іс-әрекеті-

ортаңғы деңгей;

- өз құқығы мен міндетінің орындалуына ұмтылуы-ортаңғы деңгей.

экономикалық мәдениет:

- кәсіптік білім алуы жайлы түсінігі-ортаңғы деңгей;

- өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі- төменгі деңгей;

- өмірде белгілі бір мақсатқа жетуге талпыну;

- болашақ мамандығына деген көзқарасы –төменгі деңгей.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасына қарай былай жүйелеуге болады:

1.Көпшілік жұмыстар.

2.Топтық, үйірме жұмыстары.

3.Жеке жұмыс.

Тәрбиелік іс-әрекетті әдісіне қарай төмендегідей жүйелеуге болады:

1.  Сөздік  формалар  (жиналыс,  саяси  хабарлар,  баяндама,  оқырман

конференциясы, пікірталас, ауызша газет, кездесулер).

2.  Тәжірибелік  формалар  (жорық, саяхат,  олимпиада,  сайыстар,  жас

техниктер, натуралистер үйірмелері).

3.  Көрнекілік  формалар  (мектеп  мұражайы,  еңбек  соғыс  ардагерлерінің

залдары, көркемөнер көрмелері, кітап көрмелері, т.б. ).

Тірек 

мектебінің



кадрлық,

материалдық-техникалық

ресурстарын

ортақтастыра  пайдалана  отырып дамыту  мен  демалыс  жұмыстары  арқылы  оқу

сессиясы 

уақытында 

магниттік 

мектеп 


оқушылары

үшін


ғылыми-

шығармашылық зертханалар,  бейнелеу өнері  студиясы,  техникалық модельдеу

станциясы,  пресс-орталығы

ұйымдастырылып, әртүрлі  білім  және өнер

сайыстарын, жобаларды қорғау іс-шаралары өткізіледі.

Алайда  тұлғаның шығармашылық дамуы  аталған  іс-шараларды  жүйелі

және үздіксіз өткізгенде ғана нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан да Ресурстық

орталық  құрамында қосымша  білім  беру  орталығын  ашу  алдағы  тұрған

маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Тірек  мектебі  (ресурстық орталық) шағын  жинақты  мектептер  мен  тірек

мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларының және ата-аналарының бірыңғай

шығармашылық ұжымының қалыптасуына жол ашады.

Бала санының аздығына байланысты шағын жинақты мектептер мен тірек

мектебі (ресурстық орталықтардың) тәрбие жұмысын ұйымдастыруда  негізінен



Ұжымдық шығармашылық  қызмет  (ҰШҚ) технологиясын қолдану  тиімді

болып  табылады.  Себебі әртүрлі  жастағыларды  біріктіру  арқылы  тәрбиелік  іс-

шаралар немесе сыныптан тыс жұмыстар ортақ, яғни бірге ұйымдастырылады.


29

Ұжымдық шығармашылық  қызмет  (ҰШҚ) технологиясы  педагогикалық

тәжірибеде  кеңінен қолданылады.  Бұл  технологияның авторы - педагог-ғалым

И.П.Иванов, оның оқушылары, ізбасарлары.

ҰШҚ

технолоиясының



мәні 

педагог 


және 

тәрбиеленушілердің

педагогикалық

процесс  субъектісі  бола  отырып,  бірге  жоспарлайтын,

ұйымдастыратын,  сараптайтын  және  бірге  шығармашылық  қызметті өзара

қарым-қатынаста ұйымдастыру болып табылады.

ҰШҚ

технологиясы  тұтастай  және  толықтай  тұлғаға  бағытталған



пеадгогикалық процесс  белгілеріне  сай  келеді  және  оның  қағидаларымен

құрылады.

Технология атауларын айқындай түсейік:

ұжымдық – тәрбиеленушілер  және  педагогтар  ортақ және  жеке

мақсаттарды  жүзеге  асыру  бойынша  ортақ біріккен қызметте,  жауапты

тәуелділік қатынастарында  жоспарлайды, ұйымдастырады,  жүзеге  асырады

және талқылайды;

-

шығармашылық

қалып  бойынша,  стандарт  бойынша  жүзеге



асырылмайды,  жаңа  нұсқалармен  ортаға  шығады, қатысушылардың суырып

салмашылығын,  тұлғалық,

жеке  рең,  өзара қарыма-қатынастардың жаңа,

дәстүрлік емес әдістерін жөн көреді;

-қызмет – технология болмысты, өзін, өзара әрекеттестікті педагогикалық

процесс қатысушыларымен  белсенді  түрде  түбегейлі өзгертуге  бағытталған;

оның негізінде  алуан  түрлілік  және  педагогикалық процесте қызмет  түрлерін

ауыстыру, оны ұйымдастыруға әрекеттік тұрғыдан қарау жатыр.

- ҰШҚ кез-келген қызметті, өзара әрекеттестікті,  сабақтан  тыс  істі,  оқу

қызметін ұйымдастыру әдісі  екенін  баса  айтып өтейік.  Егер  іс-қимылдардың

белгілі  алгоритмін ұстанатын  болсақ, кез-келген  сабақты  (семинар,  экскурсия,

сынып кеші және т.б.) ҰШҚ айналдыруға болады.

ҰШҚ

нақты


ұйымдастыру 

түрлері


өте 

көп 


(И.П.Ивановтың

«Энциклопедия  КТД»  кітабын қараңыз),  алайда  олардың негізінде  небәрі

бірнеше іс құру сұлбасы-құрылымы жатыр:

-

ұрыс;



-

қорғаныс;

-

эстафета;



-

саяхат;


-

рөлдік ойын.



«Ұрыс» сұлбасы

Бірнеше  команда  бір-біріне  тапсырмалар ұсынады,  сұрақтар қояды,  бұл

сұрақтармен  «шабуылдайды»,  ал  оларға  жауаптармен  «қорғанады».  Негізінде

«ұрыс»  сұлбасы  жатқан ҰШҚ мысалдар:  КВН, әр  түрлі ұрыс  ойыны,  баспасөз

ұрысы және т.б.

«Қорғаныс» сұлбасы

Әр  шығармашылық топ  бір  нәрсені  (елді,  мамандықты,  мүддені,  есімді,

өсімдікті, ғылымды және т.б.) қорғайды. Негізінде «қорғаныс» сұлбасы жатқан

ҰШҚ мысалдары: қиял-ғажайып  жобаларын қорғау,  жыл  мезгілдерін қорғау,

зодиак белгілерін және т.б.


30

«Эстафета» сұлбасы

Командалар қатаң бірізділікпен қандай  да  болмасын  компоненттердің

өзара  байланысын  сақтауға  тырыса  отырып,  іс  мазмұнын ұсынады.  Негізінде

«эстафета»  сұлбасы  жатқан ҰШҚ мысалдары:  ауызша  журнал,  турнир,  ринг

және т.б.

«Саяхат» сұлбасы

Командалар  (экипаждар),  шығармашылық топтар  тапсырмалар  орындай

және  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  бекеттен  бекетке  (бір  кезеңнен  кезеңге)

«саяхаттайды».  Негізінде  «саяхат»  сұлбасы  жатқан ҰШҚ мысалдары:  саяхат

ойыны.

«Рөлдік ойын» сұлбасы

Шығармашылық топтардың арнайы құрылған  шартты  жағдайда қызмет

және қарым қатынастар жүйесін жаңғыртуы. Негізінде «рөлдік ойын» сұлбасы

жатқан ҰШҚ мысалдары: баспасөз конференциясы.

ҰШҚ технологиясы келесі үш сатыны жөн көреді:

-

дайындық, істі ұйымдастыру;



-

істі өткізу;

-

сараптама, істі жаңғырту.



Аталған сатылардың әрқайсысына сипаттама беріп өтейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет