Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата04.03.2020
өлшемі3,58 Mb.
#59598
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ресурстық мектеп


Мұғалім: Міне, балалар, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде кімнің қадірлі

екенін, өмір  сүру үшін  не қажет  екенін,  шындықты  бұзатын,  достықты

нығайтатын не екенімен таныстық және осындай ғибрат аларлық сөздерді есте

сақтау керектігін ұмытпаңдар.

Ендігі  кезекте  біз  ненің жақсы,  ненің жаман  екендігімен, қасиетті

ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді.

Мұғалім: Жерден ауыр не бар?

Судан терең не бар?

Оттан ыстық не бар?

Көктен биік не бар?

Оқушы: Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім,

Судан терең дегенім – оқу, ғылым.

Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.

Көктен биік дегенім – тәккапардың көңілі



(Музыкалық үзіліс)

Балалар, қазақтың би-шешендері туралы кім, қандай мәліметтер біледі?



Қорытынды: Міне,  балалар,  сендер  тәлім-тәрбие  аларлықтай “Атадан

қалған  асыл  сөздер” өте  көп  екен.  Сондықтан    да үлкендердің  әр  сөзіне  зер

салып, әр  сөзінің астарына үңіле қарай  білу  керек. Әсіресе үйдегі  ата-

әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін

есте сақтаңдар.



Тақырыбы: «Сөйле, тілім, күмбірлеп»

Мақсаты:  тілдің  қасиетін  сезінуге,  ана  тілімізді  сүюге,  тілдің мәртебесін

көтеруге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру



Әдісі:  ой толғау,сайысу

Көрнекілігі: даналық сөздер, қабырға газеттері, мақал-мәтелдер.

І. Кіріспе бөлім.

Мұғалім сөзі:

Қай  халықтың болса  да қоғамдық  өну-өркендеу  жолында  көтеріле  алған

биігі  мәңгілік  болып  ана  тілінде  сақталып  отырады. Қай  халықтың болса  да,

ақыл-ой  тереңдігі,  сана-сезім  сергектігі  көп  салалармен  тармақтана – молыға

келіп  тағы  да  сол  ана  тілінің алтын қорына қосыла  ажарлана береді. Қай

халықтың болса да басынан өткендәуірлері, қилы-қилыкезеңдері  ана тілінде із

қалдырмай өте  алмайды.    Тіл- аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.    Халықтың

тілі  неғұрлым  бай  болса, өзге  тілдермен  араласуы  да  соғұрлым  басымырақ

келеді.  Жоғалып, өшіп  кеткен  тілдердің  қайта  тіріліп  келмейтіндігі  белгілі.



52

Жаңадан  тіл  пайда  болмайды.  Тілдердің пайда  болу  дәуірі  біткен.  Сондықтан

қазіргі    бармызыды мәпелей  білуіміз  керек. Қазақ тілін  зерттеушілердің

барлығы  да  бір  ауыздан  бұл  тілді  ең бай,  ең таза  түркі  тілдерінің бірі  деп

таниды.

Бабамыздың тілі деп,



Даламыздың үні деп,

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп

Қазақ тілін,

Қазақ тілін  сүйеміз,- деп  жырлағандай  бүгінгі  «Сөйле,  тілім,    күмбірлеп»

атты тәрбие сағатын бастайық.

1-оқушы:

Бар тілден үйрен білімді,

Ұмытсаң ана тіліңді.

Өз тілің өскен өркенің,

Ананың берген ақ сүті,

Мақтаның ұлттық-ол сенің.

2-оқушы: Сүйемін туған тілді,  анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Ең алғаш сол тілменен сыртқа шықты,

Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім.

Мұғалім: Әр  адамның азаматтық  қасиеті  мен  мәдениеті өз  халқын, өзінің

атамекенін қалай  сүюімен, өз  ана  тілін қалай  білуімен өлшенбек.  Ананың ақ

сүтіне-уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз

тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметпен бірдей.

Кімде –кім қазіргі  уақытта  ана  тілін, өзінің  әдебиетін    сыйламаса,  бағаламаса,

оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

3-оқушы: Қазақ тілі-өзінің даласындай  кең пішілген  жайдары  да  жалпақ

тіл.  Оған қысылып-қымтырылып,  ерін ұшынан  шүлдірлеп-былдырлау  мүлде

жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады.  Кейде қазақ болып туғаның

үшін  және әлемдегі  ең бай,  ең сұлу  тілде  сөйлегенің  үшін өзіңді  бақытты

сезінесің!

4-оқушы: Асан қайғы, Жиренше,

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Әз Жәнібек, Қойлыбай

Сыйлап өткен ғажап тіл.

Уатқан бізді баба тіл,

Сол туған тіл отауы-

Ежелгі біздің қазақ тіл.

Осы тілді жек көрген

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен

Бабаң тілің-асыл дүр.

Мұғалім:  «Мақал-сөздің мәйегі»  демекші,  туған  тілімізге қатысты,  тіл

өнеріне қатысты  мақал-мәтелдер айтайық!



53

5-оқушы: Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

6-оқушы: Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,

Тілімнен сүріндірме.

7-оқушы: 1) Тіл буынсыз, ой түпсіз.

2) Өнер алды-қызыл тіл

8-оқушы: 1) Тіл қылыштан өткір

2) Піл көтермегенді, тіл көтереді

1-оқушы: Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

2-оқушы: Ат жүйрігі айырады,

Тіл жүйрігі қайырады.

5-оқушы: 1) Тіл жетпейтін түкпір жоқ.

2) Ұлы сөзден ұлағат

3-оқушы: 1) Тіл-тіліп түсер наркескен.

2) Сөз-өткір жебе тау кескен.

Ой  толғау. Қоңырауға  асыға  шыққан  Серік  пен  Арсен  бір-бірімен  орыс

тілінде  сөйлесе  бастады. Екеуі де  6-шы  «б» қазақ сыныбында  оқиды. Олар

сыртқа  шыға  берісте  Жеңіс  күніне  байланысты  мектепке  шақырылған

ардагерлерге  кезігіп  «Здравствуйте» деп  амандасты.  Жылдағы  мектебіміздің

ардагер ақсақалы Қалдыбай ата оларды тоқтатып қойып:

- Балалар,  сендердің  өз  бауырларыңмен өзге  тілде  амандасуларың дұрыс

емес.

Біз 


осындай 

жарқын


өміріміз

үшін 


соғыс 

жылдары 


талай

қиыншылықтарды  басымыздан  кешірдік. Енді  егемендік  алып  тілімізді,

дінімізді,  салт-санамызды  бір қалыпқа  келтіре  бастағанда  сендердің бұл

істеріңе  мен  алаңдаулымын. Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  ағаларыңыз  да:- Қазақ

пен қазақ  қазақ тілінде  сөйлессе ғана  тіліміздің мәртебесі өседі,- деген.

Сондықтан да мен сендер үшін ұялып тұрмын, - деді ақсақал.

Серік пен Арсен өз қылықтарына қатты ұялып, атайданкшірім сұрады.

Мәтін сұрақтары:

1. Қазіргі  уақытта өз  тіліне  немқұрайлы қарайтын  Серік  пен  Арсендей

оқушылар арамызда бар ма?

2. Оларға қалай әсер етуге болады?

3. Сен өз тіліңді қалай құрметтеудесің?

4. Ұлт ұғымына тілдің қандай қатысы бар?

Ән. «Туған елім».

Қорытынды: Атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра-ол ана

тілі.  Бізідің ана  тіліміз-қазақ тілі.  Сол  бабалар  тіліні ұрпақтан

ұрпаққа

жалғастырып сақтап қалу-борышымыз.



ТақырыбыАуылыңда қарт болса, жазып қойған хатпен тең...

Мақсаты: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, оларды үлгі-

өнеге тұтуға тәрбиелеу



Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, ата-әже, қариялар,



54

Елімнің шежіресі дариялар.

2-жүргізуші: Кең пейіл, өресі биік, дарқан көңіл, көргенін көсемдігімен, ой

талғамын шешендігімен жеткізетін ауылымыздың асылдары!

1-жүргізуші: Тұла бойы тұнған шежіре, өнегеге тұрарлық салиқалы мінезді

қазақтың көнекөз қарттары-ұлтымыздың сарқылмас қазынасы  десек  артық

айтпаспыз.

2-жүргізуші: Өмірде  көп  нәрсені  көрген,  көкірегіне  көп  нәрсені  түйген

ауылымыздың жақсы-жайсаңдарымен  кездесіп  отырғанымызға қуаныштымыз!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға береке, бірлік, қуаныш

тілейміз, балаларыңызды жақыннан көріп, немерелеріңіздің маңдайынан сипап

жүре беріңіздер!

2-жүргізуші:

Дүние келер  бір рет,

Дария кеуде тау мүсін.

Құрыштан құйған құдірет,

Қарттарым, аман-саумысың

1-жүргізуші: Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары

«Туған жер» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Ауыл  шежіресі-өткен  тарихымыздың сан  алуан қырынан  елес  беріп,

кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге  боларлық. Ауылымыздағы  мақтан  тұтар  аталар  мен

әжелеріміз мақтанышымыз-сіздерсіздер!

1-жүргізуші: Әкенің  құдіреті,  ананың  қасиеті әрбір  адамның

көңіліне

жылылық ұялатады.

2-жүргізуші:  Ия,  шынында  да  солай, әке  мен  ана  бала  бойына қуат  беріп

таудай  іске  талаптандырып,

қанаттандырып  жібереді.  Неткен

құдіретті

жандар?!

Ән. Әкешім-анашым

1-жүргізуші: Шырқа әнге шалықта,

Би дегенде жалықпа.

Өнеріңді аямай,

Мың бұралып билеші.

«Қазақ» биін қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: 

 

«Жақсыменен 



сөйлессең, 

құмарыңды

қандырады,

жаманменен сөйлессең, көңіліңді қалдырады» деген екен Жанқұты шешен. Ата-

әжелеремізді бір сергітіп алатын «Ерке қыз» әнін тыңдасақ қалай болар екен.

2-жүргізуші: Әрине, тамаша ұсыныс!

1-жүргізуші: «Көңіл аудар даналардың сөзіне,

Адал жанды өнеге тұт өзіңе»,- деп Баласағұн атамыз айтқандай, біздің үлгі

тұтар  ата-әже, әке-аналарымыз.  Оларды  сыйлау-ата-бабаларымыздан  мирас

болыып келе жатқан дәстүр. Сіздерге қандай құрмет көрсетілсе де орынды.



Сахналық көрініс: «Автобуста»

55

Үш  оқушы  сахнаға  шығып  автобустағы

үш  жолоушының

кейпін


бейнелейді.

Жолшыбай аялдамадан бір қарт әже автобусқа мінеді. Екі құрбы Ақмарал

мен Самал құлақтарына наушникті тағып алып, музыка тыңдап келеді.Қарт ана

қастарына барып отырғыштың құлағынан ұстай кетеді.Автобус іле-шала жүріп

те үлгереді.Әжейді  көзі  шалып қалған  Ақмарал  орнынан  тұрып  орын  береді.

Үлкен  кісі  оған  батасын  жаудырады.  Ал ұйықтап  келе  жатқан  Самал өзінің

бірінші болып орнынан тұрмағанына іштей өкініп қалады.

Балалар, осы оқиғаға өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

2-жүргізуші:    Иә, сыйынатынымыз  да,  сыйлайтынымыз  да-өздеріңіз.

Сіздерді  мақтаныш  етеміз.  Баршаңызға  зор  денсаулық  ұзақ  ғұмыр,

отбасыларыңызға бақ- дәулет, береке, бірлік тілейміз.

1-жүргізуші:  Туған  елеміздің, жеріміздің мәртебесін  арттыру  бағытында

атқарған  еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Өмірдегі  адалдығыңыз,  еңбектегі қажырлы

қайратыңыз алдыңғы толқынға мақтаныш, кейінгі ұрпаққа өнеге.

2-жүргізуші:  Жапырақ жайған  бәйтеректей,  айналаға  жүрек  жылуын

шашып, мейірімділік пен бауырмалдықтың үлгісінтанытып, өркен жайып жүре

беріңіздер!

Орындарыңыз төр, көргендеріңіз құрмет болсын!

Хор: «Қарттарым аман болсыншы » әнімен сабақ аяқталады.

Тақырыбы: Салтым менің-асыл қазынам

Мақсаты: Оқушылар  азақ халқының салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпымен,

тыйым  сөздерімен  танысады;өз  елін,  жерін  сүйе  білуге,  халық мұрасын

қастерлеуге,  салт-дәстүрді

құрметтей  білуге  тәбеленеді;  шығармашылық

ізденістерін арттырады.

Сабақ барысы:

Мұғалім:  Бала  тәрбиесіне,  жалпы  адам  тәрбиесіне  терең мән  беріп,  оның

сәтті  болуына  көмек  болған - өзіміздің  қазақ халқы. Әр ұлтың  өзіндік

ерекшеліктері,  салт-дәстүрі,  тілі  болатыны  белгілі.  Біздің тәрбиемізде  ананың

ақ сүтінен, ананың әлдиінен, ананың қасиетті сөздерінен бастау алады.

Бүгін өз  халқымыздың салт-дәстүрлері,  асыл қазыналары,  асыл  мұралары

туралы ізденіс сабағын өткізгеліотырмыз.

Жас кезімізден бастап Абай, Шәкәрім, Мұхтардың шығармаларымен сусындап

нәр алып келеміз. Сол себепті І қатар «Абай ауылы»

ІІ қатар «Мұхтар ауылы»

ІІІ қатар «Шәкәрім ауылы» ауылы болып бөлініп оырамыз.

«Абай  ауылы» Бұл  ауыл қазақтың дәстүрі  бойынша  іздеген  жұмысарын

көрсетеді.



«Абай ауылының» ұраны: Салт-дәстүрін ел бұзбас

Уәде сертін ер бұзбас.

Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.



56

1-оқушы: Сүйінші. Қуанышты  хабар  жеткізуші  адам  «Сүйінші,  сүйінші»

деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді, немее оған риза

болатындай сыйлық ұсынады. Бұл – шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.

2-оқушыШашу. Қуаныш  айғағы  ретінде  жасалатын  салтанатты  дәстүр.

Бала  дүниеге  келгенде,  келін  түскенде, құда  келгенде,  осындай қуанышты

күндерде тәттілермен, күміс тиындармен шашу шашады.

3-оқушы: Сыбаға. Құрметті қонаққа  немесе өздерінің жақын-жуығына

арнап  сақтаған  кәделі  ет  мүшелері  сыбаға  деп  аталады. Үлкен  ақсақалдарға,

құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.

4-оқушы:  Ерулік.  Басқа  жерден  көшіп  келген  көршілерге  бұрыннан

тұратындар ерулік береді., яғни қонаққа шақырады.



Ән: «Қазақы дастарханы»

-

Міне,  балалар, «Абай  ауылы» бізге қазақтыңсалт-дәстүрі



бойынша ертеде ата-бабамыз төсеген оюлы сырмақты сыйлады.

-

Ал,  енді «Шәкәрім  ауылына» сөз  кезегін  берейік.  Бұл  ауыл



бізге балаға байланысты салт-дәстүр туралы айтпақшы.

Ұраны: Салт-дәстүрді қастерлепорындаймыз.

Біздер бұрын көрмеген

Салт-дәстүрім-өнегем.

Үйренеміз дәріптен,

Заманымда өрлеген.

1-оқушы: Шілдехана. Бала  дүниеге  келген  күні  кешке  ауыл  жастары

шілдеханаға  жиналады. өнерлі  жастар  таң атқанша  жаңа  туған  баланы,  оның

анасын ардақтап, ән салып, күй тартады. Әр түрлі ойындар ұйымдастырады.

2-оқушыБесік  той. Кіндігі  түскен  баланы  бес  күннен  кейін  бесікке

салады.  Бұл  тойға  жиналған  көрші-қолаң шашуларын  ала  келеді.  Баланы

бесікке  салардан  бұрын ауылдың жас үлкені,  беделді әйелі  бесік  жабдығын

орын-орындарына қояды. Содан кейін бесікті адраспанмен аластап шығады.



3-оқушы: Қырқынан  шығару. Қырық күн  толған  соң нәрестенің сүт

тырнағы  мен қарын  шашын  алып,  теңгелер  салған  ыдысқа қырық  қасық су

құйып шомылдырады.

4-оқушы: Тұсау  кесу. Бала қаз  тұрып  жүре  бастағанда  жасалатын  салт-

дәстүр. Бұл дәстүр бала құламай, аяғын тез басып кетсін деген оймен жасалады,

тілек айтылады.

Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды тесейін, - деп ала жіппен кеседі.

Ән: «Қазағымның дәстүрлері»

-

Міне,  балалар, «Шәкәрім  ауылы» балаға  байланысты  жасалатын



салт-дәстүрді айтып, бізге шашуын шашты.

-

Балалар, халқымызбен бірге ежелден жасап келе жатқан, санамызға



жазылып қалған  тыйым  заңдары  да  бар.  Бұл  халқымыздың  әдебі  мен  салт-

дәстүрінің бір бөлігі болып саналады.



57

Ендігі  кезекте  осы  тыйым  сөздер  жайлы  таныстырып өту үшін «Мұхтар



ауылына» сөз берейік.

Ұраны: Ата-бабамыздың салт-дәстүрін жалғастырамыз.

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

1-оқушы: Босағада тұруға, табалдырықты басуға, есікті керуге болмайды.

2-оқушы: Айға қолыңды шошайтпа. Қол жуғансоң қолыңды сілкіме.

3-оқушы: Екі бүйіріңді таянба. Ошаққа су құйма.

4-оқушы: Кеш батарда ұйықтама.

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,

Тағдырыңа шуақ шашып тұрады.

- Міне,  балалар  «Мұхтар  ауылы»  бізді  тыйым  сөздермен  таныстыра

отырып өздерінің сурет альбомдарын тарту етті.

Қорытынды.

- Балалар, өздерің көріп  отырғандай  бүгінгі  сабағымызда  біз қазақтың

салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпымен,  тыйым  сөздерімен  танысып өттік.  Бұлардың

барлығы – қазақ халқының байлығы.  Сондықтан  оны ұмытпай  ескеріп  жүру –

сендердің міндеттерің.

Тақырыбы: Зиянды заттарға не жатады?

Мақсаты:  Зиянды әдеттер  туралы  түсінік  беру, қоғамға  және  адам

ағзасына  темекінің, ішімдіктің кері әсері  туралы  мағлұмат беру,  ортадан  тек

қана жақсы әдеттерді бойларына сіңіру.

Мұғалім  сөзі:  «Бірінші  байлық-денсаулық» деп  халқымызы  айтқандай

қазіргі  заманда  ең бірінші  алға қойған  мақсат-міндеттердің бірі  адамның хал

ахуалы  мен өркениетті  елдің  әрбір  азаматы  дені  сау,  салауатты  болуы  шарт.

Адамдардың іс-әрекетінде,  мінез-құлқында әдептілікке  жатпайтын әрекеттер

жиі кездеседі, олар адамның абыройына нұқсан келтіріп жаман атын шығарады,

дос-жаран,  ағайыннан  алыстатады.  Соларға  темекі  шегу,  ішімдік  ішу,

нашақорлық жатады. Осы тақырып аясында берілген тапсырмалар бойынша

сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, сабақ сайыс түрінде жүргізіледі.

І. Таныстыру

І топ. Ұраны - «тәні саудың-жаны сау»

Төсбелгі-аспан бейнді, көк түсті, ортасында медициналық көмек көрсету

белгісі, яғни адам әрқашан да өз денсаулығын сақтап отыруы қажет.

ІІ топ. Ұраны- «Бірінші байлық-денсаулық»

Төсбелгі-жасыл түсті көк шөп, табиғат бейнесі. Өмірде бірінші орында

ақыл иесі адам болғандықтан адам бейнесін алдық. Адам-тіршілік игеруші және

құрушы. Сондықтан адамның денсаулығын сақтау қажет.



ІІ. Жұмбақ шешу:

Уланбасын өмірің



58

Түтін болып кіреді,

Күркіл болып жүреді. Ол не? (Темекі)

Мұрыныңа тақасаң, түшкіре бересің,

Ерніңе тақасаң түкіре бересің  (Насыбай)

Оңға қарай оқысаң,

Жаға салар күйесін (арақ)

Өз-өзімен отырып,

Ұрмай-соқпай өкіріп,

Сықылықтап күледі,

Жылай салар бұл өзі. (Нашақор)

Мақал-мәтелдер айту:

1. Шараптың қызығы бір кеште өтер,

2. Арақ ішті дегенше

Азғын жолға түсті де.

Жабылады шарабын ішерде,

Пәм  төнсе, жоқ араша түсерге.

3. Бойға шарап сіңсе

Ойдан айырылдым де.

4. Мастықтың түбі-мазақ,

Мазақтың түбі-азап.

5. Арақ ішкен азар,

Карта ойнаған тозар.



«Бәйге» Сұрақ-жауап

1.

Зиянды әдеттерге не жатады?



2.

Темекінің құрамына қандай заттар жатады?

3.

Темекі тартатын адам айналасына қандай зиян тигізеді?



4.

Темекінің құрамындағы зат



Сөзжұмбақ.

Темекінің құрамындағы зат (никотин)

Ең кең тараған наша түрі (героин)

Құрамында этил спирті бар (спирт)

Уытқұмарлық зат (желім)

Шылымның зияны  тиетін мүше (өкпе)

Көңіл-күйін, санасын, тәртібін өзгертетін зат (есірткі)

Ой толғау.Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, әр топ

мүшелері өз ойларын ортаға салады.

Асқарбек  6-сыныпта  оқиды.  Ол-оқу  екпіндісі.Бірақ бүгін  оның көңіл-күйі

мүлдем  жақсы  емес,  себебі  оның  әкесі  соңғы  кезде  жұмыстан қысқарып,  жиі

ішімдік  ішіп, үйдің беректін  алатынды  шығарды.Кейде әкесі  анасына қарсы

ұмтылса,  Асқарбек  анасының алдына  барып қолын  жайып  тұра қалады.Әкесі

болса  оған  да  талай  рет қол  тигізді.Бір-екі  рет әкесінен  жалынышты үнмен

анасына қол  тигізбеуін өтінді.  Бірақ ол әдетін қоймады.Ұйықтар  алдында  ол

әкесінің үйге ішімдік ішпей келуін тілейді, есейгенде мұндай әдеттерден бойын

аулақ  ұстайтынына өзіне серт  берді. Әлі  де  болса  ол әкесінің дұрыс  жолға

түсетініне сенеді...


59

Мәтін сұрақтары:

1.Балалар, бұл әңгіменің қазіргі уақытпен байланысы қандай?

2.Асқарбектің әкесінің мұндай жағдайға душар болуына не себепкер деп

ойлайсыңдар?

3.Мұндай қасіреттің басты себебі не деп ойлайсыңдар?

«Зиянды әдеттерден аулақ болайық» деген тақырыпта эссе жазу.

Топ мүшелерінің берілген тапсырмаларды орындау барысындағы жинаған

ұпайларына қарай бағаланып, қорытынды жасалады.

Тақырыбы: Адам болам десеңіз.

Мақсаты: Абайдың адам бойындағы  асыл қасиеттер  иен  жағымсыз

қасиеттер жайлы жазылған өлеңдерін талдау,халық мақал-мәтелдерін,Абайдың

нақыл  сөздерін үйрену.Оқушылардың білімдерін  кеңейту,  еске  сақтау,  ойлау

қабілеттерін 

дамыту.Адалдыққа, 

талаптылыққа, 

еңбек 

сүйгіштікке,



адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:Тақырып жазылған плакат, бес асыл іс, бес дұшпан жайлы

плакат, Абай портреті, кітап,журнал, кереге, түс киіз, Шәкір, Шәкәрім ақынның

суреттері, кітаптары.

Түрі: сайыс -саяхат

Жүру барысы: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Адам болам десеңіз»,-

деп  аталады.Ата-аналарыңмен  бірге  2  топқа  бөлініп  саяхатқа  шығамыз. Өз

білімін  жақсы  көрсеткен  топ    Абай  ауылына  бұрын  жетеді.  Ол үшін әр

тапсырма  орындаған  сайын  2  топтың  қоржынына  асық салынады.Қай  топ  көп

асық жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

Саяхатымызды бастамас бұрын мына сұраққа жауап берейікші.

Абай  ата  адамдағы  асыл қсиетерді  5  топқа  және  кертартпа  жаман

мінездерді  5-ке  бөледі.Осы  туралы  Абайдың  қандай өлеңдері  бар?(«Ғылым

таппай мақтанба» өлеңін айтып береді).

Саяхатымызды өзіміздің Шәкір атамыздың ауылынан бастайық. Құндызды

өңірінен 

ақындық 


үзілмеген 

Сабырбай, 

Түбек 

бастаған 



17 

ақын


шыққан.Абайдан үлгі алған ақындардың бірі-Шәкір ата.Шәкірдің қандай өлең-

дастандарын білесіңдер?(Кейпін батыр, Таңшебер, Жапал, Шыңғыстау).

Шәкір ата  да  адам  мінезіне  ерекше  ой  жүгіртті.Ол  туралы  бізге  «Кейпін

батыр» дастанынан үзінді айтып береді.

Бақыт пенен мансаптың,

Ақыл мен тілге қонса егер,

Екі түрлі жолы бар,

Бақыт мансап тұрақты.

Бір деп қате түсіну,

Дүние тозса тозбайтын,

Оның да оң мен солы бар,

Ақыл жағар шырақты.

Бақыт, мансап қонса егер,

Әділдің жолы сол,



60

Арам күшпен дәулеттен.

Адал еңбек істесең,

Оның болмас тұрағы

Қанағат сақтап бойыңа

Аз күндік өмір әуре еткен,

Рақыман мүлде түспесең.

Шәкір  атамыз  да  адал  еңбек  істе, қанағат  сақта, рақымды  бол,-деп өсиет

қалдырыпты.Бұл  ауылға  мынадай  тапсырма  бар:    Мен өлең бастаймын,

оқушылардың біреуі жалғастыруы тиіс.Көп өлең білген топ көп ұпай жинайды.

1. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, .........».

2. «Ішім өлген-сыртым сау, .............».

3. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы, .............».

4. «Білектей арқасында өрген бұрым, ..............».

5. «Интернатта оқып жүр, ....................».

6. «Шоқпардай кекілі бар, ............................».

Ата-аналарға:

1. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, ......................».

2. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, .....................».

3. «Білімдіден шыққан сөз, ..............................................».

4. «Қансонарда бүркітші шығады аңға, ..............................».

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді  сүйсең менше  сүй,-деп  Абай  атамыз  айтқандай,  келесі  ауылға әнмен

барайық.


«Көзімнің қарасы» әні орындалады.

-Келесі Шәкәрім кім?Абайға қандай туыс болып келген.

Қандай шығармалары бар?

(3 оқушы Шәкәрімнің «Талап пен ақыл» өлеңін айтып береді).

-Шәкәрім ата да намыс, ар-ұят, сабыр,сақтық, талап, ынсап адамға қажетті

қасиеттер,-деп есептеген екен.

Бұл –ауылдың тапсырмасы.Магнит  тақтада  сөз  жасырулы  тұр.Кубик

арқылы 3 әрпін ашуға болады.Одан әрі өзі табуы тиіс.

Оқушыларға:

1.Абайдың баласы. «Медғат-Қасым» поэмасының авторы кім? (Мағауия)

2.Абайдың үшінші атасы кім? (Ырғызбай).

3. «Абай» журналы қай жылы шықты? (1918 жылы).

4.Абайдың 150 жылдық мерекесі қай жылы тойланды? (1995 жылы).

Мұнда тек 2 сан ғана ашылады.

Ата-аналарға:

1.Абайдың сөзі:  Күллі  адам  баласын қор қылатын    3  нәрсе  бар,  содан

қашпақ керек: әуелі-надандық, екнші-? (еріншектік), үшінші-? (залымдық)

2.Абай мұражайы қашан ашылды? (1945ж.)

-Әннің де  естісі  бар,  есері  бар,  тыңдаушының  құлағының кесері  бар.Ән

тыңдайық. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы».



61


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет