Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата04.03.2020
өлшемі3,58 Mb.
#59598
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ресурстық мектеп


ҚорытындыАбай-қазақ халқының  ұлы  перзенті,  асқан  дарын  иесі.

Абайдың  өнегелі өмірі, қазақпын  деген әрбір ұланның жүрегінде  мақтаныш

сезімін

ұялатады.Абайдың  әр  сөзі  білген  адам



үшін

өнеге,


өсиетке

толы.Сондықтан  Абай  сөзімен  айтсақ, Адам  болам  десеңіз,  Абай  жолымен

жүріп, ата баласы емес адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін

бойға сіңіре  беріңіздер.



ТақырыбыЗергерлік өнердің қыры мен сыры

Мақсаты:  Оқушыларға  зергелік

өнердің


шығу  тарихы,  зергерлік

бұйымдардың түрлері  туралы  мағлұмат  бере  отырып,  оларды әсемдікке,

сұлулыққа тәрбиелеу

Мұғалім сөзі:

Зергерлік өнер – ерте  заманнан  келе  жатқан, әрі  халыққа  көп  тараған

сәндік  және қосалқы өнердің бір  түрі.  Алтын,  күміс,  асыл  тас және  сүйекті

пайдаланып,  сән  салтанат үшін әшекейлі  жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік

бұйымдарымен қару-жарақ, сауыт-сайман,  ер-тұрман  зергерлеу өнері  болған.

Оған  тас,  сүйек,  металл,  бояу,  былғары  сияқты  материалдар  кең түрде

пайдаланылған.  Заттарға  зергерлік  бейне  жасау,  сондай-ақ бедерлеу, қалыпқа

салып қысу  бір  затқа  бір  затты  оюластыру,  кіріктіру, қақтау,  күмістеу,

термелеу, өру,  бұрау,  тоқымалау, әбзелдеу  т.б. әдістер  жетерлік.  Оңтүстік,

Орталық  Қазақстан,  Сыр  бойы,  Жетісу  аймақтарындағы  обалар  мен

қорымдардан  табылған  көне  заман  бұйымдары  (Түркістандағы Қожа  Ахмет

Иассауи  мешітіндегі  тайқазан,  Семей  музейіндегі  Бөгембай  батырдың

айбалтасы, Алматы облысы Есік қаласынан табылған мәйіттің алтын киімі, т.б.)

зергерлік өнердің  қазақ жерінде  ертеден өркендегеніне  айғақ. Зергерлік өнерді

халық  өнері деудің мәнісіне  келсек,  жасалған  сәнді бұйымды баяғыда  бір ұста

жасап,  безендірген, өз  заманында  оның аты-жөнін  халық білген,  бірақ көп

ғасырдан кейін оның аты ұмытылып, жасаған бұйымы халықтікі болып кеткен.

Шебер  түрлі  материалдарды өңдеу үшін құрал-саймандарды  пайдаланып, өз

қол күшімен көп еңбек етіп, сәнді бұйымдар жасаған. Қолөнерімен айналысқан

ұсталар,  көшпелі  елмен  бірге  көшіп-қонып  жүріп,  шебер  ісімен өз өнерлерін

ілгері  дамытып  отырған.  Бұл ұсталардың  құрал-саймандары  көлемі  шағын,

сандары  аз ғана  болғанымен,  олардың жасаған  сәнді  бұйымдары ұрпақтан-

ұрпаққа  мирас  болып,

өшпестей  із

қалдырып,  бүгінгі  күнге  жеткен.

Қазақ зергерлері  негізінен әйелдердің сәндік әшекей  заттарын  (сырға,  білезік,

жүзік,  сақина, шолпы,  алқа, қатырма,  шашбау,  т.б.), ұсталары – батырлардың

қару-жарақтарын  (айбалта,  көксүңгі,  алдаспан,  дулыға,  кісе, қорамсақ, садақ,

шоқпар),  шеберлері – үй  іші  мүліктерін  (кебеже,  жүк  аяқ, ағаш  төсек,  асадал,

адалбақан,  зерлі  аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға,  тұғыр,  балдақ, оқшантай),

музыка  аспаптарын  (асатаяқ,  қобыз,  домбыра,  сыбызғы,  дауылпаз,  сазсырнай)



62

әсем  жасай  білген.

Қазақтың

зергерлік  заттарында  жан-жануарларға

байланысты  мифтік ұғымдағы өрнек  түрлері  (қошқар  мүйіз,  түйе  табан,

таңдай),  көкөніс өрнектер  (жапырақша,  гүл,  сабақша), ұласымды өрнектер

(ырғақ,

сағақтау, 



айқас), 

геометриялық 

өрнектер 

кездеседі.

Зергерлік өнердің туындылары  жауға-айбар,  жақынға  мақтаныш,  аруға-ажар,

жігітке-жігер  беретін  болғандықтан  батырлардың

ерлігіне,  ақындардың

тапқырлығына, 

жүйріктердің

бәйгесіне 

сыйға 

тартылатын 



болған.

Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі

әшекейлі  бұйымдар  жасаған.  Олардың ішіндегі  ең көрнекті  де қымбаттысы –

сәукеле.  Сымбатты  сәукеленің бағасы  ХХ ғасырдың бас  кезінде  1-2  мың сом

күміс 

ақша 


немесе 

жүз 


мың

жылқының 

құнымен 

бағаланған.

Қазақ  әйелдерінің ең көп  тұтынатын  бұйымы – білезік.  Ол  көбінесе  жұмыр,

төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі

де  болады. Әйелдерге  арналған әсем  бұйымның бірі – жүзік.  Оның  үстіңгі

бетіне әр  түрлі  тастардан  не

өңді

әйнектерден  ою-өрнек  жүргізіледі.



Жүзікке  көбінесе  күмістен  көз,  балдақ,  құс  тұмсық орнатылады.  Соған  орай

көзді,  балдықты, құс  тұмсық жүзік  деп  аталады.  Сондай-ақ мөр  жүзіктер  де

болады. Әйелдерге  және  ерлерге  арналған  сақиналар  да  соғылады.  Күміс

сақиналар  көбінесе  шапқымен  шикіліп,  бізбен ғана  безіледі.  Беті  көлемді

құдағи  жүзіктер  де  істеледі. Әйелдер құдағи  жүзігін  көбінесе  келіндеріне,  не

қызының біріне мұра ретінде сыйға тартқан. Шебер ұсталар сақина мен жүзікке

есімдерді  де өрнектеген.  Аса қадірлі  жүзікке  Мұхамедтің атын  жазған. Қазақ

әйелдеріне  арналған  көркемдік  бұйымның тағы  бір  түрі – сырға.  Сырғаны

көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл

жасалады.  Сырғаның ай,  айшықты,  тұмар қозалы,  салпыншақты,  тас  алтын,

күмісті, қоңыраулы,  күмбезді  т.б.  түрлері  болған. Қазақтың бойжеткендері

шолпы  таққан.  Шолпының ызған  не  кестелі  бауға  тағып,  шашпен  бірге өріп

қойған.  Жас әйелдердің көп қолданылған әсем  бұйымының бірі – шаш қалта.

Оны  тана  моншақпен  безендіріп

өрген  шашты  соған  салып

қояды.


Қазақ  әйелдерінің ең жеңіл  бұйымдарының бірі - алқа.  Ол  бір-бірімен

шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек

әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен өңді әйнектермен

безендіріледі.  Мойынға  тағатын әшекей  заттың бірі – бой  тұмар.  Оны  ертеде

әйелдер ғана  емес,  еркектер  де  тағатын  болған.  Тұмар  іші қуыс, әдемі

былғарыдан  тігіліп,  ою-өрнектеліп  күміс  шынжырмен  мойынға  асып  алады.

Адамды  пәле-жаладан,  тіл-көзден  сақтау үшін  оның  қуысына қасиетті  дұғаны

қағазға  тығып қояды. Әйелдер  мен  еркектер үшін  істеліп,  көп  тұтынатын

заттың бірі – түйме.  Шебер  зергерлер  бойжеткен қыздың немесе  батырдың

түймесін алтын, күміс, мыс т.б. металды қолданып, әшекейлеп, оюлап жасайды.

Дөңгелек, үш бұрыш,  төрт  бұрыш  түймелер істелген.  Түйменің сабағы,  сағағы

жоғын  тона  деп  атайды. Қазақ зергерлері қыздар  мен  келіншектердің ісмер,

шебер  болуы үшін  және қолды  жарақаттап  алмауы үшін  оларға  арнап әдемі

оймақтар  жасаған.  Оймақ көбінесе  күміс  пен  мыстан өрнектеліп,  ине  тоқтар

жері көп шұқыланып бейнеленген. Оймаққа өте жіңішке күміс бау да тағылған.

Оймақ былғарыдан  да  жасалады.  Оны  матадан  көйлек,  камзол  т.б.  іш  киімдер



63

тігуде қолданады. Қазақ келіншектерінің ең  әдемі,  ең көп қолданған әшекей

заты – түйреуіш. Әсіресе,  кербез әйелдер  алтындаған,  күмістеген  және

оқшантайлы  белбеу  буынған.  Шалдардың белбеуі – кісе  деп  аталған.  Кісенің

жанында  кездік,  шақпақ салатын қалташығы  болады. Қазақтың кісе  туралы

айтылатын қара өлеңінде  «Көрінер  кісем  сұлу»  деген өлең жолынан  кейін

кездесетін 

«оқшантайымен, 

шығыршығымен,

қыныменен, 

оюымен

көксауырымен,  былғарымен,  дән-дәнумен,  іскегімен,  пышағымен»  деген  сөз



тіркестері 

кісесінің 

қаншалықты 

көркемдігін, 

неден 

істеліп,


қалай

әшекейленгенін,  нендей қосымша  пайдаланатын құралы  барлығын  білдіреді.

Қазақ  әйелдері  алтындаған,  күмістеген, әрі  жіңішке әрі  жібекпен  шеккен,

шығыршықты  ілмекті үзбелі  белбеу  тұтынған.  Оның  қалай  және  неден

істелгенін, қалай әшекейленгенін,  нендей қосымша  пайдаланатын құралы

барлығын білдіреді.

Оның қалай және неден істелгеніне байланысты «шығыршықты белбеу»,

«мақпал  белбеу»,  «дүрия  белбеу»  т.б.  аттары  бар. Қазақтың ерлері  белбеуіне

әдемі қылмен,  күміс  сапты  пышақ байлаған.  Ал  балалар  кездік  таққан.

Батырлар қанжар  асынған.  Еркектердің тағы  бір  асыл  заты – насыбай  шақша.

Шақша  киіктің, ешкінің мүйізінен  жасалатын  болған.  Оған  күміс  инелермен

ою-өрнек  орнатып әшекейлеген. Әдемі  жасалған  насыбай  шақшаны  бесті  ат

берік сатып алған. Қазақтың еркекетері мен әйелдеріне ортақ бағалы бұйымның

бірі – ер тұрман. Әсіресе, әйелдердің ер-тұрманы көркем де қымбат келеді. Оны

күмістеп,  ою-өрнектеп,

әшекейлеп,  сырлап  жасаған.  Ердің

алтындаған,

күмістеген,  айшықталған  жезбен өрнектелген  түрлері  болған.  Ол  көбінесе

қалыңдыққа  баратын  жігітке  немесе ұзатылатын қызға  арналып  жасалады.

Осындай 


көркем 

ердің


бағасы 

он 


ірі

қараға 


жеткен.

Ұлдарға  атқа  мінер  кезде  арнайы  ер-тұрман  істеп,  нағашы  жұрты  сыйға

тартатын болған. Оны ашамай ер деп атайды.

Қорыта айтқанда, қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата-

бабаларымыздың он  саусағынан өнері  тамған, өздері  сері,  жандары  сұлу

болғанын паш етіп, ерекше дәлелдей түседі.



Тақырыбы: «Қош келдіңдер, қанатты достар».

Мақсаты:  а)  Көктем  мезгілінің ерекшеліктерімен  таныстыру,  көктем

мезгілітуралы  балаларға  білім  беру,  табиғатты  сүюге  және  оны қорғай  білуге

тәрбиелеу;

ә) Құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі, туралы айту;

б)

Құстарды  күте  білуге



үйрету,

құстарға  деген  сүйіспеншілікке,

қамқорлыққа  тәрбиелеу,  халық  қазынасы  мақал-мәтел,  жұмбақ, болжамдарды

пайдалана білуге үйрету.

Көрнекілігі:  Жыл құстарының суреттері, құс ұясы,  жұмбақтар,  мақал-

мәтелдер, сөз жұмбақ.



Сабақ барысы:

Залға  оқушылар  «Көктем  вальсі» әуенімен  билеп,  бір  айналып өткен  соң

қаз-қатар тізіліп тұрады.


64

Жүргізуші:  Сәлеметсіздер  ме,  достар!  Сіздерді  көктем  мерекесі құстар

күнімен құтықтаймыз.  Бұл  мереке  табиғаттың  қысқы ұйқыдан  оянуын

танытатын көктем хабаршысы құстың келуіне байланысты.

1-оқушы: Құстар, құстар келді,

Жерді шуға бөледі.

Көктем келді деп бізге

Жақсы хабар береді.

Сәлем достар аман ба,

Мынау бейбіт заман да.

Шат-шадыман көктемің

Шаттық болсын қашанда.

2-оқушы: Ән құрадым үніммен.\,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді

Құт-мереке күніңмен.

Сәуір келді міне жайнап,

Көктемінің бұл айы.

Құс біткеннен төгілген бұл ән

Бейне көктем жырлары.

3-оқушы: Сағынышпен жеткен,

Қуана бер, көктем,

Жайнап нұрлы гүлің.

Оянады бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай қыс қысымынан.

Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған,

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

Бау-бақшаның дұшпанын

Бастырмайды құстарым.

Кербез құстар әнімен,

Келді көктем сәнімен.

Жүргізуші: Табиғат – бізді қоршаған орта: тау, тас, ауа, жер, өсімдік. Бүгін

біз табиғаттың көркі, сәні, бақшаның әні болған құстар туралы айтамыз.

Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Құстардың жылы жаққа келу себебі –

жемінің азаюы.  Күн  салқындап, құрт-құмырсқа  тығылып қалады.  Сол  кезде

құстар топтала ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды. Көктемде қайта

оралу  себебі – ол  жақ ыстық болғандықтан  жұмыртқалыр  шіріп  кетеді. Ұрпақ

өрбіте алмайды. Енді міне қанатты достарымыз қайта оралуда. Ендеше сол сол

қанатты достарымызға арналған тәрбие сағатымызды бастайық.

Құстардың қандай пайдасы бар?

4- оқушы: Олар ағаштағы, жердегі зиянды жәндіктерді жейді. Құстар ән салып,

көңіліңді көтереді. Олар – бақтың сәні.

Ағаштың қандай пайдасы бар?

5-оқушы:  Ағашан қағаз  жасайды, үй  салады, үй  жиһаздарын  жасайды.  Ағаш

жапырағы  ауаны  тазартады. Құстар  табиғатқа  сән  береді.  Олардың  әуені

табиғатты құлпыртып,  адамдардың көңіл  күйін  көтереді.  Сонымен қатар



65

көктемде күн жылынып, жер беті жасыл көрпе жамылып, көзге ыстық, көңілге

жақын  жауқазын  гүлден  алқа  тағады.  Сол  кезде  көкек  келеді.  Халық көккек

келді, көктем келді дейді. Сәуір айы көкек айы деп те аталады.

Жаршысымен көктемнің,

Көкек дейді мені жұрт.

Өз атын айтар құс менмін,

Көктемді күтсең мені күт.

6-оқушы: Қарлығашпын мен,

Адамның тұрағын.

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй ішін

Шыбын деген кеселден.

7-оқушы:  «Сүйер құлдың аты  көп»  демекші қарлығаш  туралы  аңыз  да,

ертегі де, ән де бар. Қарлығаш қай кезде де сүйкімді. Қарабатырды да құтқарып,

Төле бидің үйін жықпай құрметтейтіні де, адамның қанын айдаһарға жеткізбей

жолдар  да

қайтарған

қарлығаш.  Санк-Петербургтегі  Эрмитажда  біздің

заманымызға  дейінгі  жүздеген  жылдар  бұрын қашалған құмыра  залы  бар.

Бірінде туған жерге оралған қарлығашты көріп қуанған екі баланың суреті тұр.

Қарлығаштың – қай кезде көктемнің оралуы, жақсылықтың, жылылықтың құт-

береке, той-думанның оралуы.

8-оқушы: Қарлығаш  кеш  келіп,  ерте қайтады.  Кеш  келетіні –ол  негізінен

шыбын-шіркеймен қоректенеді.  Жемтігін ұшып  келе  жатып қағып  жейді.  Ал

шыбын-шіркей қар ерісімен  шыға қоймайды. Қарлығаш  мамыр айында  келеді.

Кілісімен ұясын  көбіне үй  маңдайшасына, қораның бел  ағашына  салады.

Адамға үйірсек,  сүйкімді. Өзге құстарға ұқсамайтын өз әні  бар. Құлаққа

жағымды.  Екінші  рет  тамызда  жұмыртқалайды. Қарлығаш  оба  тараған  жерге

келмейді.  Ертеде оба  тырысқақ  , шекшектің беті қайтып  ел  сауыға  бастағанын

қарлығаштың қайта оралуымен білегн. Жер бетінде аңызы жоқ әдебиет бар ма

екен?  Сол  сияқты  аңызда әр  адамның  өз қарлығашы  болады.  Ол  жатсаң да,

тұрсаң да    сенімен  бірге  болып,  саулық тілеп, қауіп қатерден қорғап  жүреді

дейді. Қарлығаштың бір  жазда  1  миллион құрт  жейтінін ғалымдар  зерттеген.

Адамдар үй салуды қарлығаштан үйренген.

9-оқушы: Құс сұлуы аққумы,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп,

Жырлаған талай ақындар.

Нәзік үнді, көл көркі,

Құс патшасы мен болам.

10-оқушы:  Бұл – қардан  аппақ  құс.  Ақ,  қара, қызыл  түс. Үш  түсті  бір

бойына жиып,  айтса  тіл  жетпейтін,  көрсе  көз  тоймайтын  сұлулық рәмізі.  Аққу

30-40 жыл жасайды. Аққу 3-4 жасқа дейін ақ емес, сұр боп өседі. «Бесік баласы

бес түлейді» деген мақалға сай, олда 3-4 түлеп нағыз аққауға айналады. Құстың

жауы – жылан.  Ол  жұмыртқа  көрсе бітеу  жұтады,  талғамайды,  таңдамайды.



66

Халықаңызына  сенсек  жылан  аққу  жұмытқасына  тимейді  екен.

Қазақ

құсбегілері  ешқашан  аққуға құс  салмаған.  3-4  жұмыртқа  басады,  38-40  күнде



өргізеді.Аққулар өте  тату.  Басқа құстардай  бажылдасып,  шақ-шақ етіп

шақысып,  сабылыспайды.  Аққу  жүзіп  келе  жатқанда  көл  бетінде қаз-үйрек

шетке  ысырылып  жол  береді.  Сұлулыққа  табыну  ма, әлде  алып құстан

сескенгені ме? Аққу жүрсе су сұлу.

11-оқушы: шегірткедей жұтынды

Қырғи болып қырамын.

Егістікке, жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын.

Бұлт болып қаптаса,

Найзағай боп қуамын.

Көкегісті таптаса,

Тасқын болып жуамын.

Шыбын-шіркей зиянды

Құртатұғын батырмын.

Дайындайтын ұямды достарға келе жатырмын.

12-оқушы:

Қараторғай

-

өзі  кішкентай,



өте  пайдалы

құс.  Орман

қорғаушысы. Құстарға арналған 60 шақты ән бар. Соның ішінде қараторғайдың

да  аты  бар. өткен  заманның серілері  мылтығына,  жүйрік  атына, ұшқыр

тазысына  «қараторғай»  деп  ат қойған.  Наурызбен  бірге қараторғайда  келеді.

Қараторғай  келісімен қабағы  ашылмаған  аспан  ашылып,  күн  жылынады. Өзі

сүйкімді,  адамға үйірсек.  Алақанға  жем  беріп,  аз  күн  аяласаң,  үй  маңынан

шықпайды. Жаз бойы 4 миллион құрт жейді деп болжайды ғалымдар.

14-оқушы: Тоғайдың әншісі – бұлбұлмын,

Құштары досымын әр гүлдің.

Гүлдердің хош иісі нәр беріп,

Сайраймын даңқы үшін әр гүлдің.

15-оқушы:  Ағаш  гүлдеп,  көбелек ұшып,  мамырдың мамыражай  айында

қадірлі мейірман бұлбұл келеді. Бұл жазыққа біткен жатаған тоғай, қалың бұта,

тоғайды ұнатады.  Ол  асықпай  келеді.  Ол  наурыздың алғашқы  жылылығына

алданып  келетін ұзақ, шымшық, наурызектей  емес.  Бұлбұл жалғыз  сайрайды,

түнде  сайрайды. Қарынға  жабысқан  талақтай өзге құс қапталдасса,  бұлбұл

шырқамай


қалады.  Жер  бетіндегі  6  миллиондай  адамның

осы


құсты

мойындамайтыны жоқ шығар. Қай елде ғажап әншісін бұлбұлға теңейді.



Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әні орындалады.

16-оқушы: Үкі-пайдалы құс.  Шыбын-шіркей ғана  емес,  тышқанда  аулап

жейді.  Бір  жазда  бірнеше  тышқан

ұстап,  адамның көптеген  астығын

сақтайды.Үкінің  қауырсынын  бесікке  тағады,ақындар  домбырасына  тағады.

«Үкілі  Ыбырай»  деп  атанған  серілерде  болған. Үкі-түнде  тіршілік  ететін

жыртқыш құс. Күндіз қуыстарда, тас үстінде, ескі қыстауларда паналап, жемін

аулауға түнде шығады. Азығын ұшып келе жатып та, аңдып отырып та  күшті

тырнағына  іліктіреді. Үкі ұясын  жота қуыстарына, үңгір,  тас қуысына  салады.

2-5  жұмыртқа  салып,  балапан  шығарады. Өз  бетімен  жем  табуға  көшкеннен

кейін ұяластары ыдырайды.


67

17-оқушы:  Ал қарғалар қыстап қалады. Көктемде  бар  дауыстарымен

қарқылдап жұрттың назарын өздеріне аударады. Қарғаның қасиеті-жұт болсын,

өрт болсын, аштық-аласапыран болсын туған жерін тастап кетпейді.

Туған 

жерге


құстар 

топ-тобымен 

келіп 

жатыр.


Күзде

қалай


топтасса,көктемде де солай. Өздеріне таныс әуе жолынан адаспаған. Күзде кеш

кеткендері көктемде ерте келеді. Талай қиындықтан, қауіп-қатерден өтеді. Биік

асулардан  асады.  Оларға  ештеңе  бөгет  бола  алмайды. Қанатты  достарымыз

туған жерге оралуда.



Жұмбақ шешу.

1-оқушы: Қызығып әр адам

Ұстап ап даладан,

Жүнімді жұлып ап,

Бесікке қадаған.

Бұл қай құс? (Үкі)

2-оқушы: Қашаудай мықты тұмсығым,

Бәскетіген,

Бұл-шыным.

Құрт, қоңыз, шыбын аулап жарысам,

Орман дәрігері болып табылам. (Тоқылдақ)

3-оқушы: Түсі қарай мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз аққандай.(Қарлығаш)

4-оқушы: Биікке салған ағаш үй,

Сол ғой оның мекені.

Жаздай сайран салып ап,

Қыста алыс кетеді. (Қараторғай)

Тапсырма: Жалғасын тап.

1)

Тұмсығында ауы бар,



Бұл қай құс тауып ал. (бірқазан)

2) Аққу жүрсе су да.... (сұлу)

3) Көктемнің алғашқы айы (сәуір)

4) Орман дәрігері (тоқылдақ)

5) Бізді қоршаған орта (табиғат)

6) Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)

Ойын  тапсырмасы.  Берілген  мәтіннің ішінен жасырынған құстың атын

табу.


Ағайынды Қаршыға, Абзал, Мирас үшеуі демалыс кезінде жайлаудағы ата-

әжесіне  барды.  Оларды  көріп қуанған қарындасы  алдарынан үкідей ұшып

шықты. Апасы Қарлығаш шай қойды.


68

Мазмұны

Алғысөз ...................................................................................................

3

1 Шағын жинақты мектептердегі тәрбие жұмысының мақсаты мен



міндеттері  ...............................................................................................

6

1.1 Тәрбие  берудің басты ұстанымдары …………………………...



10

1.2


Тәрбие берудің бағыттары ………………………………………

11

2 Шағын жинақты мектептердегі тәрбие жұмысының әдістемесі …



24

Қорытынды .............................................................................................

37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .........................................................



38

Қосымша. Сыныптан  тыс өткізілетін  тәрбиелік  іс-шаралардың

әдістемелік сценарийлері  .....................................................................

40


69

Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында

тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

Әдістемелік құрал

Басуға 19.08.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84

1/

16



. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 4,0.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК



010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург»ІСО, 13-қабат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет