Беткей анестезияны өткізу
Офтальмология, оториноларингология, стоматологияда, бронхоскопия, гастроскопия, цистоскопия, ларингоскопия өткізген кезде қолданылады.
Анестетиктер
Кокаин 1%, 2% ,3% - 5 мл
Дикаин 0,5% ,1% - 5 мл
Лидокаин 2% - 5 мл
Хлорэтил 30 мл
Анестетиктің әсерін ұзарту үшін адреналин ерітіндісін қосады (анестетик ерітіндісінің 1 мл 0,1% адреналин гидрохлорид ерітіндісін 1-2 тамшы
Іс- әрекетінің алгоритмі
Теріні, кілегей қабатты тампонмен өңдеу
Пипетка арқылы 3-4 тамшы тамызу
Аэрозольды дененің бетінен 25 см арақашықтықта шашырату
Инфильтрациялық қабатты Вишневский арқылы анестезия өткізген кезде мейірбикенің іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші – жараға алғашқы хирургиялық өңдеу өткізген кезде, іріндіктерді тескенде.
Анестетиктер
Новокаин 0,25% - 500 мл
Новокаин 0,5% - 250 мл
Құжаттар –
Залалсыздандырылған лоток
Марлялы дәке
2 пинцет
Шприц 20 мл
Инелер, бұлшық ет инъекциясына арналған
1% йодонат
70% этил спирті
Ноокаин ерітіндісі
Резеңкелі қолғаптар
Іс- әрекетінің алгоритмі
Резеңкелі қолғап кию
Теріні 2 рет залалсыздандырылған салфеткамен йодонат пен пинцет арқылы өңдеу, содан кейін спиртпен ортасынан шетіне дейін
Шприцке новокаин ерітіндісін алу
Тері ішіне инъекциялық инені еңгізу
«Лимон қабыршағы» пайда болғанша новокаинды ақырын жіберу
Инені тері ішіне қабатымен(майлы клетчаткаға, бұлшық етке) терең еңгізу, новокаин жіберу
Инені алып, 3-5 минут өткен соң манипуляцияны жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |