Титулдық парағы



бет23/59
Дата16.12.2021
өлшемі0,59 Mb.
#101812
түріНұсқаулар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59
Жұмыстың мақстаты – ақуыздардың концентрациясы мен ақуызды қоспалардың құрамының жүйелердің тұтқырлығына әсерін оқып білу. Құралдар мен ыдыстар. 100 мл - лік өлшеу цилиндрі; капиллярды вискозиметр; 100 °С термометрлер; технохимиялық таразы; 500 мл - лік химиялық стакандар - 1 дана, 100 мл - лік стакандар - 8 дана; су моншасы.

Жұмысты орындау барысы

Жұмыртқаны жарып, ағын сарысынан бөліп алып, алдын ала технохимиялық таразыда өлшенген 100 мл химиялық стакандаға салу. Жұмыртқаның ағы мен сарысын мұқият біркелкі араластырып, өлшеңіз. Сарысын бірдей үш бөлікке бөліңіз. Бір өлшеміне 30 мл сүт, екіншісіне - 50 мл сүт қосыңыз. Сарысы сияқты ағына да үш өлшем жасап, сүт қосыңыз. Сары мен ағының үшінші өлшемін қосып, 60 мл сүт құйыңыз. Барлық жұмыртқа-сүтті қоспаларды су моншасында 80 °С 5 мин аралығында ұстаңыз. Қыздыру процесі кезінде зерттелетін үлгілерді үздіксіз араластырып отырыңыз. Қыздырудан соң қоспаларды бөлме температурасына дейін су ағыны астында салқындатып, капиллярлы вискозиметр көмегімен меншікті тұтқырлығын өлшеңіз (сурет 4). Өлшемдерді әуелі су тұтқырлығын анықтау бойынша, кейін зерттелетін қоспа бойынша өлшеңіз.

Вискозиметр үшін катаң түрде құюға болатын судың мөлшерін (40...50 мл) құрылғыныңы кең құбырына құяды, шариктің С көлемі жартысына дейін етіп болатындай. Құрылғының жұқа құбырына резеңке құбырды кигізіп, А белгісінен жоғары жұқа бөлігіне суды сорып алады. Кеңістікті толтырғаннан соң, А и В белгілерінінң арасындағы сұйықтықтың менискі кең майыстырылған тізеден шарикке түсу керек. Сумен толтырылған вискозиметр вертикалды түрде суы бар температурасы 20 °С болатындай стаканға түсіреді. А белгісі стакандағы судың деңгейінен төмен болу керек. Вискозиметрді стаканда 10 мин қалдырады, кейін А белгісінен жоғары сол жақтағы құбыршаға суды сорып алады және секундомер көмегімен А және В белгісі аралығындағы сұйықтық көлемі түскен уақытын өлшейді.

С

Сурет 4 – Каппилярлы вискозиметр көмегімен ақуқыз қоспасының тұтқырлығын өлшеу


Келесі формула (2) бойынша зерттелетін жұмыртқалы-сүтті қоспаның меншікті тұтқырлықты:
ŋ = τр / τ0, (2)
мұнда τр – зерттелетін ерітіндінің ағып кету уақыты, с;

τ0 – судың ағып кету уақыты, с.


Жұмыс барысында алынған нәтижелерді кесте 5а енгізіңіз.

Химиялық құрамының кестелері бойынша есептеу.

Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз. Жұмыртқаның ақуызының, жұмыртқанын бөлек құрылымды бөлшектерінің, олардың табиғатының зерттелетін жұмыртқа - сүтті массаларының тұтқырлығына әсерін зерттеу.
Кесте 5а – Акуызды қоспалардың концентрациясының тұтқырлыққа әсері

Зерттеу объектісі

Ақуыз:су қатынсы

Судың ағып кету уақыты

Зерттелетін ерітіндініің ағу уақыты

Тұтқырлық

Сұйықтықтың сыртқы түрі

Сүт
















Сарының және сүттің қоспасы
















№ 1
















№2

т.б.



















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет