Титулдық парағы



бет31/59
Дата16.12.2021
өлшемі0,59 Mb.
#101812
түріНұсқаулар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Аспаптар мен ыдыстар. Технохимиялық таразы; сурет салғыш құрал және жарықтандырғышы бар микросоп; бұйымды, қабатты және сағатты шынылар; шыны таяқшалар; химиялық стакандар; үш 100 мл сыйымдылығы бар конустық шыны сауыт; (тар түтікті (капилярлі) скозиметр; термостат; секундомер; екі монша – сулы және құмды.)

Реактивтер. Йодты калийдегі 0,004 н. йод ерітіндісі (реактив 12); 1 % - ды қайнатылған тұздың ерітіндісі; микрокөшірме үшін крахмал (реактив 13); 0,4 % - ды лимон қышқылының ерітіндісі, тазартылған су.

Жұмысты орындау техникасы

Тәжірибе 1. Крахмалды дәндердің сыртқы түрінің сұйықтық барында қыздырғанда өзгеруі. Картоп крахмалының су суспензиясын дайындау және оны клейстердің пайда болуына дейін сулы моншада қыздыру. Микроскоппен 280 есе ұлғайтып (окуляр 7, объетив 40) қарау және сурет салу құралының көмегімен шики картоп крахмалының дәндерін бейнелеу. Микрокөшірме (реактив 13) жасау үшін крахмал дайындаудың әдістемесі 1 қосымшада келтірілген.

Крахмал препаратының ерітіндісін келесі тәсілмен даярлау керек: суға малынған шыны таяқшасының ұшымен кішкене крахмалды бұйымды шыны үстіне салу. Крахмалды су тамшысымен ылғалдандырып, қабатты шынымен жабу. Дәндердің формасына, көлеміне және қаббаттылықтың пайда болуына назар аудару.

Суды сәйкесінше 70 °С және 90 °С - та екі моншада қыздыру. Крахмалдың 1 % - ды су суспензиясын дайындау, екі химиялық стаканға технохимиялық таразымен 0,5 г крахмалдан өлшеп салу, әрбіреуіне 50 мл судан құю және араластыру. Крахмалды суспензияны үздіксіз араластыру арқылы сулы моншада келесі температураларға дейін қыздыру: біріншісін - 58 °С, екіншісін - 80 °С - қа дейін, араластыруды жалғастыра отырып, оларды осы температурад 5 мин ұстап, су құбырының суымен салқындату.

58 °С және 80 °С - та клейстеризацияланған крахмал препараттарын йрдпен боялған және боялмағанын даярлау. Ол үшін бұйымды шыны үстіне сәйкес клейстердің тамшысын тамдыру және қабатты шынымен жабу; жанына (сол бұйымды шыны үстіне) сол клейстердің тамшысын йод ерітіндісімен бояп тамдыру және қабатты шынымен жабу. Қабатты шынылардың астынан шыққан сұйықтықты сүзгіш қағазбен алу.

Дайын препараттарды микроскоп арқылы қарау және әр түрлі температуларда крейстеризациялануының нәтижесінде крахмалды дәндердің түрінің өзгеруін (дәндердің формасының және көлемінің өзгеруі, қабаттылықтың болу, болмаауы, тұнықтылықтың пайда болуын) белгілеп, суретін салу.

Бұған қоса, даярланған клейстердің үлгілерінің бірін алып құмды моншада қайнағанға дейін жеткізу және 1 мин қайнату. Клейстер тамшысын бұйымды шыныға тамызу, препаратты йод ерітіндісімен бояу, микроскоп арқылы қарау және крахмалды дәндердің суретін салу. Бұзылған дәндердің пайда болғанын белгілеу.

Тәжірибе 2. Клейстерлердің жабысқақтығын зерттеу. Технохимиялық таразылармен 1 г крахмалдан өлшеп, 100 мл сыйымдылығы бар конустық шыны сауыттарға салу және олаға сәйкесінше 50 мл тазартылған су құю, лимон қышқылының 0,4 % - ды ерітіндісін және аспаздық тұздың 1 % - ды ерітіндісін салу.

Крахмал ерітіндісі бар даярланған әрбір шыны сауытты қайнағанға дейін талшықтасты тордың үстінде қыздыру. Құрамындағыларды жеңіл сілкеу отырып араластыру. Тура 1 мин қайнатып, оттан алу және ағып жатқан су астында 20 °С - қа дейін суыту.

Микрокөшірме үшін крахмалды клейстерлердің препараттарын дайындау. Олардың дайындалу техникасы (реактив 13) 1 қосымшада келтірілген. Үлгілерді йод ерітіндісімен бояп, микроскоп арқылы қарау және крахмалды дәндердің ұлғаюы мен шашырау деңгейіне назар аудара отырып, суретін салу.

Даярланған клейстерлердің жабысқақтығын каппилярлы визкозиметрде өлшеу. Клейстерлердің қатысты жабысқақтығын формула бойынша (5) есептеп шығару:


ŋ = τр/ τ0 (5)
мұнда τ0 – судың толу уақыты, с;

τр – зертеу жүргізіліп жатқан клейстердің толу уақыты с.


Бақыланған нәтижелерді 10 кестеге түсіру.
10 кесте – Қосылғыштардың крахмал дәндеріне жабысқақтығы мен бөртуіне ықпалы

Үлгі атауы

Крахмал дәндернің сипаттамасы

Клейстерлердің қатысты жабысқақтығы

картопты

күрішті

картопты

күрішті

Крахмал дәні: шикідей













58 °С-та клейстеризацияланған













80 °С қайнатылған крейстелизациядағы крейстелизациялану













Аспаздық тұзбен бірге крейстелизацияланған













Лимон қышқылымен бірге крейстелизацияланған













Аспаздық тұз бен лимон қышқылымен бірге крейстелизацияланған












Зерттеу жүргізілген қосылғыштардың крахмал дәндерінің бөртуіне және онымен байланысты клейстер жабысқақтығына ықпал етуі жайында қорытынды жасау. Крахмалды дәндер түрінің әр түрлі температурада клейстеризациялануы нәтижесінде өзгеруін белгілеу: дән формасы мен көлемінің өзгеруі, қаббатылықтың болу немесе болмауы, тұнықтылықтың пайда болуы. Крахмалды клейстерді қайнатқанда бұзылған дәндердің пайда болуын белгілеу. Крахмалды дәннің қасиеттері мен жасанды құрылымының өзгеруіне әкелетін үрдістерді түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет