Жұмыстың мақсаты – жаңа сығылған күнбағыс майы мен 160 - 180 °С температурада 2 және 6 сағат бойы қыздырылған күнбағыс майының тотығу дәрежесін салыстыру.
Аспаптар және ыдыс. Секундомер, фотоэлектроколориметр ФЭК - М; сыртқы беті тоңазытқышпен сыйымдылығы 100 мл шыны сауыт; сыйымдылығы 250 мл шыны сауыт; микробюретка; сыйымдылығы 5 мл тамшуыр; тұз қышқылына арналған сыйымдылығы 2 мл автоматты тамшуыр; сыйымдылығы 25 мл өлшеуіш шыны сауыт; шыны таяқшалар; су моншасы, технохимиялық таразы.
Реактивы. Хлороформ; үлес салмағы 1,19 тұз қышқылы, диэтил эфирі мен этил спиртінің арақатынасы 1:2 (реактив 52) бейтарап қоспасы; 0,1 н. ерітінді КОН (реактив 28), 1 спирт ерітіндісі КОН (реактив 29); фенолфталеиннің спиртті ерітіндісі ; 1 % - ды этил эфиріндегі флороглюцин ерітіндісі (реактив 27); этил спирті.