Тәжірибе 1. Пияздың құрылымын зерттеу.
Пияздың бір қабықшасын бөліп, екіге бөліп, бір бөлігін салқын суға салып, екіншісін – 15 мин ыстық суы бар стаканға салады. Пісірілегн және шикі қабықшаларынан ине көмегімен жұқа қабықшасын алады. Алынған қабықщшаларды жазып, екі дана 2x2 мм2 өлшемді препаратты кесіп алыңыз және екі заттық шыныға салыңыз, әр шыны үстіне су тамшысын тамызыңыз.
Бір заттық шыныда препараттарды жабынды шынымен жабып, микроскоппен зерттеңіз. Ұлпалардың күйіне және жуандығына, бір- біріне жабысуына, ядролардың құрамына, мөлдірлілігінің деңгейіне назар аударыңыз.
Препараттардың суретін салыңыз. Пісірілген және шикі препараттардың ерекшріктерін қарастырыңыз. Бұл препараттарды жылулық өңдеу кезінде цитоплазманың өзгеруін зерттеңіз. Препараттардан жабынды шыныларын тусіріп, сүзгіш қағазбен суын сорып алып, үстіне 10%-дық ас тұзының ерітіндісін тамшылаңыз. Препараттарды 5-10 мин ұстаңыз. Ас тұзымен препараттарды өңдеу торлардың плазмолизіне соқтырады – торлы кабырғалардан цитоплазманың бөлінуі, осматикалық қысым әсерінен торлы шырыннан су қоршаған ортаға түседі.
Ас тұзы ерітіндісінде ұсталған препараттар жабынды шынылармен жабып, микроскоп астында қараңыз. Микроскоптың көру аймағында шикі пияздың плазмолизденген торларын табыңыз. Шикі және пісірілеген пияздың суреттерін салып алыңыз. Пісірілген пияздағы мұндай торлардың жоқтығын түсіндіріңіз.
Пісірілген және шикі пияздың препарарттарын сафранинмен бояп, екінші заттық шыныға салыңыз. Пектин заттарын сафранин оранжды-сары түске бояйды, жасұнық пен денатурленген ақуыздың үлпектерін шиелі-қызыл түске бояйды.
Препараттардан суды алып, бір тамшы бояды тамызып, 2 мин ұстаңыз. Кейін сүзгіш қағазбен артық бояу затын алып тастаңыз, бір тамшы су тамызыңыз, жабынды заттық шынымен жабыңыз. Микроскоп астында зерттеңіз. Пісірілген және шикі пияздың түрлерінінң ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Шикі және пісірілеген пияздың суреттерін салып алыңыз. Бұзылған орларын белгілеп, ақаулардың себептерін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |