Электрокардиограмма жазғанда болатын ауытқулардың түрлерi
және оларды болдырмау жолдары:
Электрокардиограмма жазғанда нөлдiк сызықтың шайылуы (көрiнбей қалуы) (4а), сомотикалық дiрiл пайда болуы (4б), жазу нөлдiк сызықтан адасу (4в) сияқты әр түрлi ауытқулар болуы мүмкiн.
ЭКГ жазу кезiндегi нөлдiк сызықтың көрiнбей қалуы, оның тiстерiнiң периотды түрде қайталанып, тiс секiлдi нөлдiк сызықтың пайда болуына байланысты (4а сурет).
Жазу кезiнде ЭКГ амплитудасы көп немесе аз, қысқа уақыт аралығында болып, оның тiстерi жинақталады. Жазудың шайылуы (көрiнбей қалуы) айнымалы тоқтың ауытқуына байланысты. Көбiнесе, бiрдей тармақтардағы мұндай ауытқулар басқаларымен салыстырғанда күштiрек немесе әлсiздеу көрiнедi. Олар науқас адамның орнынан қозғалуына байланысты артып немесе кемiп отырады.
4-сурет. Электрокардиограмма жазуда болатын ауытқулардың түрлерi.
Ауытқуларды болдырмау ұшiн төмендегi мәселелердi тексеру керек:
Электрокардиографтың жермен қосылғанын. Ол үшiн төсек немесе кушетканың металл рамасын пайдалануға болады. Тармақтарды ауыстырып қосқыш, ”К” қалпында тұрғанда, нөлдiк сызықтың шайылуы байқалмайды.
Электродтарды дұрыс бекiту (электродтармен науқастардың терiсi арасында сапалы байланыстың болуы), электродтың оң аяққа бекiтiлуiне аса назар аудару.
Тармақ кабелiнiң электродты мен шеткi мүшелерге бекiтетiн таспалардың жағдайына көңiл бөлу (олар таза болуы).
Ерiтiндiге батырылған дәке жақсы суланған болуы.
Тармақ кабелiнiң электродтары мен жақсы байланысуына, аяқ-қол тiрсектiң металл нәрселерiмен жанаспай тұруына көңiл бөлу.
Егер айнымалы ток ауытқулары тек көкiрек тармағында ғана байқалса, онда көкiрек электродтардың жақсы бекiтiлуiн тексеру керек.
Егер айнымалы тоқтың ауытқуы барлық тармақтарда байқалса, онда науқас өте күштi айнымалы ток өрiсiнде жатқан болуы мүмкiн.
Мұндай ауытқуларды болдырмау үшiн мыналарды орындау керек:
науқасқа жақын тұрған барлық электр құралдарын (мысалы қыздырғыш, рентген қондырғысын, т.б.) токтан ажырату арқылы өшiру;
тармақ кабелiн шиыршықталып немесе оралып қалмайтындай етiп орналасыру;
тармақ кабелiнiң тарамақталатын жерiн науқас қарнының үстiне, ал жеке электродқа таралатын кабел желiлерiн науқастың денесiне жақын орналастыру;
кушетканы қабырғадан алыстау жерге орналастыру, себебi қабырғада, жасырын ток желiлерi болуы мүмкiн;
жақын жерде аса жоғарғы жиiлiктi қондырғы жұмыс iстеп тұрмағанын тексеру;
аяқ-қол, тiркес үшiн арналған электродтарды науқасқа қайтадан бекiту;
науқасты басқа жерге немесе басқа бөлмеге көшiру.
Кейбiр жағдайларда айнымалы ток ауытқулары өте үлкен болғандықтан, одан түгелдей арылу мүмкiн болмай қалады.
Соматикалық дiрiл (4б сурет) нөлдiк сызық тұрақты болмаған жағдайда пайда болады. Ол кезде ондағы импульстiң жиiлiгi, пішіні және амплитудасы әртүрлi, ал биiктiктерi үшкір болады. Мұндай ауытқулар науқастың ыңғайсыз қалыпта жатуынан немесе басқа бұлшық еттердiң жұмыс iстеуiнен болады. Соматикалық дiрiлдiң айнымалы ток ауытқуларынан болатын дiрiлден айырмашылығы, оны түгел жоюға болмайды. Кей жағдайда тек қана минимумға ғана келтiруге тура келедi, бұл әсiресе өте жас және егде жастағы науқастарда болады.
Мұндай ауытқуларды болдырмау үшiн:
науқастың ыңғайлы жатқанын тексеру керек;
науқастың төсегi, оның денесi тұтас, яғни аяқ-қолды сиятындай үлкен әрi кең болуы керек;
науқастың шеткi мүшелерi (аяқ-қол, тiрсек) босаң қалыпта жатуы керек;
шеткi мүшелерге бекiтiлген таспалардың дұрыс бекiтiлгенiн тексеру керек;
науқасқа, электркардиограмма жазып жатқанда өзiне күш түсiрмей және сөйлемей жату керектiгiн ескертiп, тыныштандыру керек;
егер дiрiл жүйке жүйесiнiң жағдайында немесе жасына байланысты болса, онда науқасты 10-15 минут дем алдырып, содан кейiн ЭКГ жазуды қайтадан бастау керек;
шеткi мүшелерге жалғанған электродтарды мүмкiндiгiнше науқастың денесiне жақындатып қойю керек.
Егер науқас мазасызданып немесе өзiне күш салатындай жағдайда жатса, онда ол ЭКГ жазу кезiндегi ауытқудың негiзгi көзi болып табылады, яғни соматикалық дiрiлдiң күшеюiне әкеледi.
Адасқан нөлдiк сызық (4в - сурет), барлық жазудың жоғарғы - төмен қозғалысымен, науқастың тыныштық жағдайын бұзғанымен, “терi – электрод” электрохимиялық үдерістер өтетiн жерімен, науқастың дем алуымен сипатталады.
Адасқан нөлдiк сызықты қалыпқа келтiру үшін мыналарды ескеру керек:
науқастың ыңғайлы жатқанын тексеру;
науқасты тыныштандыру, жазу кезiнде онымен сөйлеспеу;
электродтардың дұрыс орналасқанын тексеру;
тармақ кабелiн элктродтарға әсер етпейтiндей етiп орналастыру;
жұмыс iстерден 10-15 минут бұрын электродтың астына қоятын дәкенi ерiтiндiге батыру.
Егер нөлдiк сызықтың ауытқуы науқастың дем алуына байланысты болса, көп жағдайда көкiрек тармағын жазған кезде кездеседi, онда мыналарды орындау керек:
электрокардиограмма жазуды 1-2 с тоқтатып, содан кейiн жазуды қайта жалғастыру;
көкiрек электродтардан шешiп, электрод бекiтiлген жердi құрғақ фильтрдi қағазбен, содан кейін спиртке батырылған тампонмен сүртiп, ЭКГ жазуды жалғастыру;
науқастан электрокардиограмма жазу кезiнде демiн мүмкiндiгiнше бөгей тұруын сұраңыз;
электродтар комбинациясынан келген сигнал қаншалықты әртүрлi болса да, қай электродта ауытқу бар екенiн анықтау.
Мұны тексеру үшiн 2-кестенi пайдалану керек.
2-кесте.
Тармақтардағы ауытқулар
|
Тексерудi қажет ететiн электродтар
|
I және II,бiрақ III емес
|
Оң қолда
|
I және III,бiрақ II емес
|
Сол қолда
|
II және III,бiрақ I емес
|
Сол қолда
|
V, бiрақ I, II немесе III емес
|
Көкiрек клеткасында
|
Барлық тармақтарда
|
Оң аяқта
|
Әдетте оң аяқ соматикалық дiрiлдiң болуының себепшiсi болмайды, бiрақ оң аяққа нашар бекiтiлген электрод айнымалы тоқтың ауытқуын күшейтедi.
ЭКГ жазу кезiнде, тармақ кабелiне барлық электродтар түгелдей жалғануы керек (мысалы, I тармақ үшiн сол аяқ электродты керек емес). Кез-келген тармақ кабелiне жалғанбаған электродтар ауытқудың себепшiсi болуы мүмкiн.
Нөлдiк сызықтың ауытқу болған кезде, ”К” қалпында тұрған тармақтарды ауыстырып қосқыш қондырғының дұрыс жұмыс iстеуге дайын екенiн көрсетедi.
ЭКГ жазу кезiндегi кез-келген ауытқудың болуына науқас немесе қоршаған орта себепшi болады.
Достарыңызбен бөлісу: |