4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Электр диполь және электр диполь өрісі дегеніміз не?
2. Эйнтховен теориясы неде?
3. Электрокардиограмма дегеніміз не?
4. Вектор-кардиограмма дегеніміз не?
5. Оқыту және оқыту әдістері: тәжірибелік, шағын топтармен жұмыс.
Электрокардиография - жүрек бұлшықеттерiнiң қозуы кезiнде пайда болатын электрлiк үдерістерді тексеруге арналған, ағзаға зиянды әсерi жоқ, қолдануға оңай, медицинадағы кең түрде пайдаланатын зерттеу әдiстерiнiң бiрi.
Электрокардиография әдiсi В. Эйтховен теориясына негiзделген. Бұл теория бойынша жүректi электрлiк диполь деп қарастырған. Жүректiң электрлiк диполь моментiнiң бағыты және моделiнiң уақыт бойынша өзгерiсi электрокордиограмма - ЭКГ көмегiмен график бойынша көрсетуге болады.
Осы қағиданы негiз етiп, В.Эйтховен жүректiң электрлiк моментi векторы мен адам денесiндегi нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы тығыз байланысты екендiгiн анықтаған.
ЭКГ-нi тiркеу, үшiн потенциалдары әр түрлi екi нүктенiң арасындағы уақытқа тәуелдi потенциалдардың айырымын тiркесе жеткiлiктi. Уақытқа тәуелдi потенциалдар айырымының өзгерiсi тiркелетiн екi нүктенiң жиынын тармақ деп атайды.
Ағзада әр түрлi тармақтар жүйесi кездседi. Олар дене бетіне қойылған (бекiтiлген) электродтардың орнына байланысты. Мысалы, көкiрек (грудные), шеткi тармақ (отведение от конечности) және т.б. Клиникада көбiнесе шеткi тармақ қолданады (2-сурет).
2-сурет
3-сурет
Оны қалыпты (стандартный) тармақ деп атайды. Оларды алу үшiн электродтарды жоғарғы және төменгi шетеi мүшелерге бекiтедi. Оң тiрсекке жермен қосылатын сым жалғанады.
Сонымен қатар, қосымша көкiрекке бекiтетiн электрод та қолданылады. Мұндай тармақ көкiрек тармағы деп аталады. Ол қосымша диагностикалық мәлiмет бере алады.
3-суретте қалыпты жағдайдағы адам жүрегiнiң бiр тармақ үшiн, жазылған ЭКГ-сi берiлген. ЭКГ-нiң тiстерiн латын әрiптерi Р,Q,R,S,T мен белгiлейдi, ал оның бұраңдаған бөлiктерiн толқын деп атайды.
Электрокардиограммадағы Р тiсi жүрекшенің жиырылуы алдында, Q,R,S тiстер кешкнi жүрек қарыншасының жиырылуы басталарында, ал T тісі оның соңғы кезеңiнде пайда болады. Q-T аралығының өзгерiсi жүректе әр түрлi функционалдық бұзылу болғанда бйқалады.
Мысалы, Q-T аралығы түрегеп тұрған жағдайда жүректiң соғу ырғағы жиiлегендiктен қысқарады, ал жатқанда бұрынғы қалпына қайтып келедi.
Дем алған кезде аздап қысқарады, ал терең дем шығарған кезде алғашында тахикардияның әсерiнен қысқарады, содан соң брадикардияның пайда болуынан ұзарады. Физикалық жүктеме оның аралығын қысқартады, ал көз алмасындағы қысым оны ұзартады. R тiсi жүрек қарыншасының белсендi бұлшық еттерiнiң ұлпаларының потенциалын көрсетедi. Оның амплитудасы сәйкес қарыншаның бұлшық ет массасының шамасына тәуелдi.
Ұсақ U толқындары Т толқынының артынан жүрек қарыншалары босағаннан кейiн болады.
ЭКГ негiзiнен оның тiстерiнiң пішіні, биiктiгi және олардың ара-қашықтығымен сипатталады. Төменгi 1-кестеде II тармақтағы қалыпты жағдайдағы жүрек үшiн осындай мәлiметтер берiлген.
1-кесте
P
|
Q
|
R
|
S
|
T
|
U, мВ
|
t, с
|
U, мВ
|
t, с
|
U, мВ
|
t, с
|
U, мВ
|
t, с
|
U, мВ
|
t, с
|
0,05-0,025
|
0-0,1
|
0-0,2
|
max 0,03
|
0,3-1,6
|
max 0,03
|
0-0,03
|
max 0,03
|
0,25-0,6
|
max 0,25
|
сек. пен берілген аралық ұзындығы
|
РQ
|
QRS
|
QRST
|
ST
|
RR
|
0,12-0,2
|
0,06-0,09
|
0,03-0,44
|
0-0,15
|
0,7-1,0
|
Адам жүрегiнде патологиялық өзгерiстер болған жағдайда ЭКГ-нiң пішіні, оның тiстерiнiң биiктiгi, ара қашықтықтары өзгеруi мүмкiн. Сондықтан ЭКГ-нi зерттеудiң жүрек ауруын диагностикалауға пайдасы орасан зор.
ЭКГ-нi жазып алатын қондырғы электрокардиграф деп аталады. ЭКГ-нi жазу каналдарының санына, қоректендiру ттүріне (батереямен жұмыс iстейтiн, тоққа қосылатын), жазу түрлерiне (сия қаламұшпен жазатын, т.б. қарай электрокордиографтың көптеген түрлерi бар.
Электрокардиографтан басқа жүректi электрлiк моментiнiң өзгерiсiн координаталық жазықтықта проекциясы бойынша анықтайтын әдiс – векторктрокордиография әдiсi деп аталады. Жазықтықта векторэлектрокар-диограмманың проекциясы, екi байланысқан тармақтардың қосылуынан алынады. Егер электронды сәулелiк түтiктiң ауытқушы пластинкаларында екi тармақтан да кернеу берсе, онда экранда олардың векторлық қосындысын, яғни вектор-электро-кардиограмманы алуға болады. Ол ЭКГ-ге қарағанда жүректiң жұмысы туралы толық мәлiмет бере алады. Тiркеушi қондырғы ретiнде электрондық сәулелiк түтiк қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |