Тјжірибелік сабаќЌА



бет13/32
Дата09.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#168148
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
Практ Стом каз 22

Кеуде электродтары.

Кеуде электродтарын 1946 жылы Вильсон ойлап тапқан. Вильсон біріккен электроды — индифференттік электрод ретінде қолданылады. Ол оң және сол қолдардын, сол аяктың электродын кедергі аркылы қоскан кезде түзіледі. Бұл электродтың потенциалы шамамен 0-ге тең және ол гальванометрдің теріс электродына қосылады. Белсенді электрод кеуде қуысының алдыңғы бетінің әртүрлі нүктелерінде орналастырылады және оны гальванометрдің оң полюсіне қосады.
Бұл электродтар біріккен Вильсон электроды мен адамның кеуде қуысының алдыңғы бетіне орналастырылған белсенді электродтың арасындағы потенциалдар айырымын анықтайды.
Бір полюсті кеуде электродтары V әрпімен таңбаланады. Кеуде шыкпаларының саны — 6 (V1—V6) (2-сурет).
V1- белсенді электрод төс сүйектің оң жақ жиегінде, төртінші қабырға аралығында орналасады.
V2- белсенді электрод төртінші қабырға аралығында, төс сүйектің сол жиегіне орналастырылады.
V3 - белсенді электрод V1 мен V4 арасын қосатын тузудің ортасына орналасады.
V4- белсенді электрод бесінші қабырға аралығында, сол бұғана орталық сызығының бойында орналасады.
V5- белсенді электрод бесінші қабырға аралығында, алдьңғы сол қолтық асты сызықтың бойында орналасады.
V6- белсенді электрод бесінші қабырға аралығында, ортаңғы сол қолтық асты сызығында орналасады.

  • қызыл (R)  оң қолға О.Қ.) байланады;

  • сары (L)  сол қолға С.Қ.) байланады;

  • қара (N)  оң аяққа О.А. байланады;

  • жасыл (F)  сол аяққа С.А. байланады;

  • ақ – қызыл (V1) төртінші қабырғаға кеуденің оң жағына;

  • ақ – сары (V2) төртінші қабырға аралығына кеуденің сол жағына;

  • ақ – жасыл (V3) бесінші қабырғаның V2 мен V4 ортасына;

  • ақ – қоңыр (V4) бесінші қабырға ортасына сол жаққа қарай;

  • ақ – қара (V5) V4 пен V6 электродтар аралығының сол жағына;

  • ақ – күлгін (V6) қолдың астына V4 деңгейіне;

Тыныштандыру кнопкасын «>О<» - жағдайына келтіру керек. Индикатор шамы «Разряд» жасыл түс болып жану керек. Электродтар дұрыс қосылмаған жағдайда «ПЕРЕГРУЗКА» индикатор шамы жанады. «ПУСК» тетігін басқан кезде жазу қондырғысы орнатылмаған жағдайда дыбыстық сигнал және «АВАРИЯ» қосылады. ЭКГ – ны тіркеу кезінде «РАЗРЯД» индикатор шамы қызыл түспен жанып тұрса ЭК- ның қоректендіру бөлігін өшіріп, акумулятор батареясын зарядтау керек.
ЭК – ның төмендегі жұмыс тәртібі автоматты түрде қосылады.

  • сезгіштік 10 мм/мВ;

  • автоматты жұмыс реті;

  • жазу таспасының жылдамдығы 25мм/с;

  • тыныштандырғыш қосылған;

  • фильтр өшірілген;

  • ЖЖЖ (жүректің жиырылу жиілігі) көрсетуі 000;


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет