Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары


Ағаш түрлерінің жылуға қатынасы



Pdf көрінісі
бет15/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h
туризм тарихы билеттер (2), фил сессия (2)
Ағаш түрлерінің жылуға қатынасы
Барлық ағаш түрлері жылуды 
талап етуі бойынша негізінен екі топқа бөлінеді: жылу сүйгіштер және суыққа 
төзімді ағаш түрлері.
Осы негізде Г.Ф. Морозов жылу сүйгіш ағаш түрлерінен бастап, қысқа 
төзімділерімен аяқтай отырып, мынадай шкала жасады: талшын, емен, шаған, 
шегіршендер, кәдімгі қарағай, шетен, қандыағаш, қайың, майқарағай, шырша, 
самырсын, балқарағай. 
П.С. Погребняк ағаш түрлерінің жылуға қатынасын сипаттайтын 
шкаланы ұсынды: 
I. Өте жылу сүйгіштер: қиыр шығыс қарағайы, тоз қатпарлы емен, 
сауырағаш, секвойя.
II. Жылу сүйгіштер: талшын, айлант, қара жаңғақ ағашы, грек жаңғақ 
ағашы, үлпек емен, ақ қараған, қармала. 
III. жылуды аз қажет ететіндер: қызыл емен, үйеңкі, қарағаш, тау емені
шаған. 
IV. жылуды қажет етпейтіндер: көктерек, қайың, сұр қандыағаш, шетен, 
шырша, сібір майқарағайы, кәдімгі қарағай, балқарағай 
Ағаш 
түрлеріне 
температураның 
әсері. 
Ағаш 
түрлеріне 
температуралық ауытқулар әсері әр түрлі болып келеді, бірақ, әсіресе, тым 
төмен және тым жоғары температуралардың зияны көп. 
Тым төмен температураларда мыналар орын алуы мүмкін:
-өркендердің, гүлдердің, жапырақтардың үсікке ұрылуы; 
-қысқы суықтар кезеңінде өсімдіктердің үсіп кетуі; 
-аяздан шытынаулар мен ойық жарылулардың пайда болуы.
Тым жоғары температура (аптап ыстық) тамыр мойнының күйіп 
кетуін, дің қабығы мен жапырақтардың күюін туғызады, олар сеппелер мен 
ағаштарға теріс әсер етеді. 


23 
Кеш түскен көктемгі және ерте түскен күзгі үсіктер ағаштарға аса зиянды. 
Күздің басындағы күтпеген үсіктер сүректенбеген өркендердің жойылуына 
әкеліп соғады.
Үсіктерге шаған, шырша, шамшат, майқарағай сезімтал, ал қайың, 
қарағай шетен, балқарағай, қандыағаш төзімді келеді. 
Аяздан дің бойымен шытынаған жарылулар біршама жиі кездеседі. Бұл 
құбылыс- жер бетінде температураның шұғыл төмендеуінің нәтижесі. Ағаш 
сүрегінің жэылу өткізгіштігі төмен болу салдарынан, сыртына қарағанда ішкі 
бөлімінде аз қысылады, содан діннің сыртқы бөлігі тік бағытта жарылуы пайда 
болады. Аяздан болған жарылулар көбіне аз майысқақ қабықты ағаштарды 
(емен, шаған, шамшат, шегіршіндер) көбірек кездеседі. Мұңдай сүректің 
техникалық сапасы төмендейді, жарылуларды зиянды жәндіктер мекен етіп, 
ағаш бүлдіретін саңырауқұлақтардың споралары түседі. Қар аз түскен 
жылдары, ұзақ қатты аяздар (-40 С-қа дейін) кезінде ересек шырша 
ағаштарының қылқандары қызарып кетеді, содан соң жерге түсіп қалады. Егер 
шыршалар қылқанының 60 пайызға жуығын жоғалтса, олар құриды. 
Әсіресе, тегіс қабықты жас ағаштар (шырша, граб, майқарағай) үшін ең 
көп тараған екі зақым түрі қауіпті: қабық күйігі және тамыр мойының күйіп 
кетуі. Қабық күйгенде камбий қабаты өледі және қабық діңнен сылынып 
қалады. Бұл саңырауқұлақ ауруларын туғызады. Күйік бәрінен жиірек жұқа, 
тегіс, қабығы қощқыл қара түсті ағаш түрлерінде (майқарағай, шаған, шамшат 
және т.б) байқалады. Топырақ үстінің жоғары температурасында (50-60С) 
тамыр мойнының күйіп түсуі орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет