Тұлға теориясы Л. Хьелл & Д. Зиглер



бет20/36
Дата12.10.2023
өлшемі5,11 Mb.
#185027
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
Тұлға теориясы Зиглер бойынша

Рэймонд Бернард Кеттел

Кетеллдің тұлға теориясына қосқан ең маңызды үлесі-оның жеке түлғаны жүйелі түрде сипаттауы. Ол адамның жеке басы туралы түсінік қалыптастыру үшін оның жеке қасиеттерінің жүйелі сипаттамасын алу керек деп есептеді. Яғни адамның жеке айырмашылықтарының сипатын алу керек, содан кейін ғана адамның мінез-құлқының жеке себептерін зерттеуге болады. Ол кез-келген зерттеушіге жеке қасиеттерді анықтау қажет деп санайды. Осы мақсатта Кеттел он алты тұлғалық факторлардың жеке сауалнамасын жасады ("он алты жеке факторлар" сауалнамасы) және жеке тұлғаны зерттеудің негізгі әдісі ретінде факторлық талдауды қолданды. Диагностиканың мақсаты Өзін-өзі бағалау деректері бойынша бастапқы тұлғалық қасиеттерді анықтау болды. Кеттел сонымен қатар статистикалық нұсқаулық - тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның осы ерекшелікті қалыптастыруға қатысуының салыстырмалы үлесін бағалау үшін көп жақты дерексіз вариантты талдау жасады. Ол адамның үштен бір бөлігін генетика, үштен екісін қоршаған орта анықтайды деп есептеген

Ганс Юрген Айзенк 1916 жылы Германияда, Берлин қаласында дүниеге келді. Оның әкесі әйгілі актер және әнші, ал анасы үндемейтін кино жұлдызы болды. ол Лондон университетінде психологияны оқыды. 1940 жылы оған ғылым докторы атағы берілді.екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Айзенк психиатрлық ауруханада психолог болып жұмыс жасады, оған емделуге келушілер стресстен зардап шегуші әскерлер болды. 1946 жылы Лондон университетінде психологиядан лекциялар оқыды және сонымен қатар Лондандағы Модсли ауруханасы жанындағы психиятрия Институтының директоры жұмысын біре алып жүрді.


Ганс Юрген Айзенк

Айзенк адамдар туралы мәліметтер жинау үшін әртүрлі әдістер қолданды, өзіндік бақылау, эксперттік бағалау, өмірбаян мәліметтерді талдау, денелік және физиологиялық параметрлер , объективті психологиялық тесттер. Тұлғаның құрылымын анықтау үшін алынған мәліметтер факторлық талдауға алынды. Айзенк өзінің бұрынғы зерттеулерінде екі негізгі типті бөліп көрсетті, олар интерверсия – экстраверсия және нейротизм – тұрақтылық (кейде бұл факторды тұрақсыздық – тұрақтылық деп атайды.). Тұлғаның бұл екі өлшемі статискалық жағынан бір – біріне тәуелді емес. Коп кешікпей Айзенк өзінің теориясына үшінші типті енгізді, оны психотизм – суперэго күші деп атады. Осы суперсипат жоғары деңгейде көрінген адамдар импульсивті, өзінің ғана жағдайын ойлайды, қоғамдық тәртіпке қарсы тұруға қабілетті. Олар көбіне мазасыз, адамдармен қиынқарым – қатынасқа түседі, оларды түсінбейді, басқаларға зиян келтіреді. Айзенктің айтуынша, психотизм – бұл психопатиялық тұлға ерекшелігіне генетикалық жақындық. Айзенк теориясының мәні – тұлға элементтері иерархиялық түрде орналасқандығы . Оның сызбасын белгілі бір суперсипаттар немесе типтер орналасқан, мысалы, экстраверсия, бұл адамның мінез – құлқына оте күшті әсер етеді. әрбір осындай суперсипат бірнеше құрамдас сипаттардан тұрады. Бұл құрамдас сипаттар негізгі типтің сыртқы бейнесі немесе осы типке тән ерекше қасиеттері. Сипаттар көптеген дағдылы реакциялардан құралады, алдағдылы реакциялар көптеген ерекше реакциялар негізінде қалыптасады. Мысалы, адамды бақылап отырсақ, оның ерекше реакцияларын байқаймыз: басқа адаммен кездескен кезде күлімсірейді және қолын береді. Егер біз мұндай жағдайды әркез басқа адаммен кездескен сәтінде байқайтын болсақ, онда біз бұл адамның мінез құлқы басқа адамды кездестірген кездегі дағдылы реакциясы деп қарастыруымызға болады. Бұл дағдылы реакциялар тобы қарым – қатынасшылдық сипатын қалыптастырады. қарым қатынасшылдық белсенді, пысық, сенімді мінез – құлықпен байланысты. Осы сипаттардың жиынтығы супрсипат немесе типті құрайды, бұл – Айзенк бойынша экстраверсия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет