Пікір беруіш ОблҮББИ психология
зертханасының меңгерушісі: Н.Қ.Ядгарова
_______________________ тобының студенті _______________________ «Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері" тақырыбында орындалған диплом жұмысына
ПІКІР
Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастыру қазіргі кезде үлкен өзгерістер ендіруді талап етуде. Қазіргі мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру М.Р.Битянова, И.В.Дубровина, Е.И.Рогов, В.Г.Прихожан және басқа ғалымдардың жасаған бағдарламалары бойынша жүргізілуде. Дегенмен оларда психологиялың қызмет көрсету барысында қолданылатын әдістемелер Ресей мектептеріне икемделінген, сонымен қатар мектеп бітірушілермен жүргізетін жұмыстар олардың болашақ мамандықтарын анықтап алумен байланысты болуы керек екені айқын. Сондықтан ______________ дипломдық зерттеу тақырыбы өте актуалды болып отыр.
Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, төрт параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.
Бірінші тарауда психологиялық қызмет көрсету жүйесі қалыптасу тарихына шолу жасалған. Әдебиеттерді талдау негізінде психологиялық қызмет мамандыққа жарамдылықты анықтау және кәсіби бағдар беруден басталғаны көрсетілген. Сондықтан көптеген адамның психофизиологиялық қасиеттеріне ерекше талап қойатын мамандықтарға іріктеп алу әдістемелері жақсы қалыптасқан. Ал мектепте жүргізілетін кәсіби бағдарлау жұмысының қажеттілігін А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов теориялық жағынан дәлелдегенімен, психологтің осы бағыттағы жұмысын әр маман өзі анықтап алуы керек. Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардың бір үлгісі осы жерде берілген.
Е кінші тарауда жоғары сынып оқушыларының жекелік психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін темпераментті, интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған тестілер қолданылып жүргізілген зерттеулер нәтижелері көрсетілген. Сонымен қатар жоғары сыныптағылардың коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттерін зерттеу нәтижелері берілген.
Үшінші тарауда психокоррекциялык, жұмысты ұйымдастыру шарттары анықталып, жоғары сынып оқушыларымен жүргізуге ұсынылатын ойын коррекциялары элементтері көрсетілген.
Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіруге негіз болатын тұжырымдамалар жасалған.
_______________________ дипломдық жұмысы студенттің теориялық мәселелерді жақсы меңгеріп, психологиялық қызметті өмір тәжірибесіне сай ұйымдастыруға даярлығын көрсетеді. Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Оны қорғауға ұсынып, жоғары бағалауға болады.
Ғылыми кеңесшісі п.ғ.к.,
доцент: Т.Р.Нұрмұхамбетова
Достарыңызбен бөлісу: |