Тобыныѕ студенті Жоєары сынып оќушыларына кјсіби баєдар берудіѕ психологиялыќ негіздері таќырыбында орындалєан диплом жўмысына



бет8/11
Дата04.10.2022
өлшемі0,53 Mb.
#151562
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дип.-Жоғары-сынып-оқушыларына-кәсіби-бағдар-берудің-психологиялық-негіздері

2. Ассоциация ойыны.
Ойын шарты: ойынға сынып оқушылары толық қатысуына болады. Ойын бірнеше кезеңде жүргізіледі. Әр кезеңін бұл жерде араб цифріменен белгілейміз.
Ойынның диагностикалық мүмкіндігі: ойын оқушылардың мамандық туралы мағлұматтарының барлығын және аталған мамандықтарға олардың эмоционалдық қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Ойынды жүргізу:
1. Ойын аты жарияланып, ойынды жүргізуге үш адам тағайындалады.
2. Анықталған үш адам сыныптан шығып, олар қандай да бір мамандықты жасырады. Жүргізушілер топтағы балалардың үшеуін топтың алдына шақырып алып, қандай мамандықты жасырғанын тауып алу тапсырмасын береді. Қатысушылар ассоциациялық сұрақтар қойып, жасырылған мамандықты анықтайды. Мысалы: мамандық қызметті орындауға қандай жиһаздар мен құрал-жабдықтар керек?
Ассоциациялық сұрақ дегенге балалар бірден түсінбей қалса мысал келтіріп түсіндіріп беру керек.
3. Жүргізуші сұрақ қоюшыларға екі сұрақтан артық қоюға болмайтынын түсіндіреді және ол сұрақты кімге қоятынын анықтап айтуға тиіс.
4. Келесі кезеңде үш оқушы бөлмеден шығады, ал қалғандары мамандықты жасырады. Ойын 7-15 минут жүргізіледі.
5. Сұрақтар мен жауаптар толық айтылғаннан соң мамандықтарға сәйкес келгендігі талданады. Мысалы: Әскери ұшқыш мамандығы жасырылса оған жауап космонавт, полиция қызметкері, автогонщик болуы мүмкін. Бұл жерде мамандықтар адамдар әрекетіне және қолданылатын құрал жабдықтарға ұқсас талаптар қойылатыны түсіндіріледі.
6. Ойын аяқталғаннан соң оны талдау барысында қандай сұрақтар мамандықты анықтауға көмектесті, ал қай сұрақтар жаңылдырғаны анықталады.
7. Ойынды дайындау барысында ассоциациялық сұрақтардың варианттарын дайындап алуға болады. Балалар сұрақ беруге қиналған уақытта оларға бір-екі сұрақты түрткі ретінде айтып беру керек.
3. Кәсіби бағдарлау ойыны
Жүргізуші қатысушыларды ойын шарттарымен таныстырады. Қазіргі кезде біздің елде психолог, психолог-кеңесші мамандықтары дамып келеді. Кеңесші психологқа балалар ата-аналарымен мамандық таңдау үшін кеңес сұрап келеді.
Жүргізілетін ойынның мақсаты - әр мамандықтың ерекшеліктерін көрсету. Қатысушылар арасында орындайтын рольдері бөлінеді: психолог, ата-аналар, мамандық таңдаушы бала.
Ойынды оқушылар шығармашылығын көрсетіп өз беттерімен ұйымдастырып жүргізеді, ал психолог тек олардың өз рольдерін қалай орындап жатқанын бағалап, қажет болса кеңес беріп отырады.
Бұл ойын барысында психологиялық қызмет пен ата-аналар функцияларын балалар қаншалықты жақсы түсінетіндігі, олардың бір-бірімен тіл табысатындығы анықталап, психолог мамандығына бағдарлау жүреді.
4. Біз нені жақсы көреміз?
Қоршаған ортамен қатынас жасағанда біз олардың ішінен ұнайтын және ұнамайтын нәрселерді байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Сол сияқты адамдардың да бізге ұнайтын және ұнамайтын мінез көрсеткіштері бар. Қазір әрқайсысың қағазға адамдардың қандай қасиеттерін жоғары бағалап қабылдайтынымыз туралы жазып беріңдер. Кім туралы жазып отырғандарыңды айту міндетті емес. Ұнамды қасиеттер көп адамдарда кездесетін жинақы болуы мүмкін.
Енді өзіңе өте ұнайтын бір кісінің ерекше ұнайтын бес қасиетін белігле. Бастадық.
Берілген мерзім аяқталғаннан соң барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырып сағат тілімен кезектесіп жазған қасиеттерін оқып шығады. Оқыған қасиеттер бойынша кімді танығанын айтып береді. Сонымен, өздеріне кім, не үшін ұнайтынын анықтайды. Жазылған қасиеттердің қайсысы өзіңе тән? Бұл сұраққа әркім өз-өзіне жауап беруі керек. Қай мамандық болса да адам қызмет орнында табысты болу үшін жағымды мінез көрсеткіштері басым болуға тиіс екені анықталады.
5. Шеңбер бойынша фраза.
Балаларға қандай да болса бір қарапайым тапсырманы басқаларға жеткізу ұсынылады. Мысалы: Бастық тапсырма берді: бақта алмалар түсіп жатыр. Оны жинап алып, қолдануға жарайтындарын бір ыдысқа, ал жарамайтындарын екінші ыдысқа салып, олармен не істеу керек екені айтылады.
Енді, жүргізушінің оң жағындағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен келесі отырғанға тапсырма ретінде айтамыз.
Әр адам ол фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (қуанышты, сүраулы, таң қалушылық белгісімен, немқұрайды және т.б.) Егер қатысушы жаңа интонация таба алмаса ол ойыннан шығады. Ойын үш-төрт жеңімпаз қалғанынша жалғастырылады.
Қарым-қатынас барысында интонацияның орны, тапсырманың мағнасын дәл жеткізе алатындығы талданады. Қызмет барысында бастық пен орындаушы арасындағы түсінбеушілік тапсырманы дұрыс тыңдамағаннан шығатыны анықталады.


6. Айна.
Қатысушыларға төрт тапсырма беріледі:
1. Жолсапарға жиналу.
2. Автобуспен адамдар тасу.
3. Дастархан даярлау.
4. Психологиялық кеңес беру.
Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мынадай. Әр тапсырманы екі адам жұптасып орындайды. Жұптағылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, екеуінің біреуі уақытша айна болады да, ол өзінің жұптасының барлық қимылын дәл қайталауы керек. Бір көріністен кейін жұптағылар рөлдерін ауыстырып келесі тапсырманы сол орындау шарты бойынша жасайды.
Топағы басқа балалар көрермендер болып, айна ролін орындаушының шеберлігін бағалайды. Біртіндеп барлық қатысушылар жұптасып ойынға қатысады және әр жұптың орындаған тапсырмасы бұрынғылардікін қайталамайтындай болуы керек.
Әр топтағыларға басқа-басқа мамандықты көрсететін тапсырмаларды анықтау қажет.
7. Елсіз арал.
Психолог қатысушыларды ойын шартымен таныстырады. Мұхит бойында бірнеше күн болған табиғи оқиғадан кейін кемедегі адамдар елсіз аралға келіп орналасады. Осы аралда олар 20 жыл өмір сүреді. Апаттан құтылғандардың қолында үрлеме қайықтан басқа ештеңе қалмайды.
Ойынға қатысушылар үш топқа бөлініп, үш саладағы мамандық өкілдері болады (ауыл шаруашылық, құрылысшылар, қызмет көрсету жүйесі қызметкерлері). Олар тіл табысып, бір бірінің мамандықтарын толықтырып, барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етуі керек. 20 жыл ішінде апаттан құтылғандар қалай өмір сүріп, қандай салт-дәстүрлерге, қандай заңдарға сүйеніп өмір сүретінін, нені өсіріп, олардың өмір сүруіне кім басшылық жасайтынын, қандай мерекелерді ашып, тағы қандай құндылықты басшылыққа алатынын көрсетуі керек.
Әр топ тапсырманы алғаннан кейін екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа дайындаған көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі. Топ өздерінің қай мамандық өкілі екенін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды, көптеген көріністер, өмір салтын ұсынады. Басқа екі топ мүшелері көрермендер бола отырып олардың кәсібін анықтауы керек.
Бұл жерде біз жеті ойынның қысқаша мазмұнын келтірдік. Барлық ойын тренингіне арналған сценариларды тақырыпқа икемдеп варианттарын жасап алуға болады. Бұл ойындардың оқушыларға болашақ өмір тек ойында ғана жеңіл, соның өзін шешу қиын болып отырғанын түсіндіру керек. Сондықтан мамандық таңдауға зер салып, өте жақсы дайындықпен бару қажет екенін әр бала түсінсе, психолог бұл саладағы міндетін орындау жолында деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет