Дәрiлердiң дәрiханалық өндiрiсi – дәрiлiк құралдарды дәрiгердiң рецепттi және емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң талабы бойынша дайындаумен, сонымен бiрге, шикiзаттар мен материалдарды алу, сапасын бағалау және оларды таратумен анықталады.
Дәрiлердi өндiрiс жағдайында дайындау – дәрiлiк құралдарды сериялы өндiрiп шығару, шикiзаттарды, материалдарды және жартылай фабрикаттарды алу, технологиялық процестердi, орамдауды, сапасын бағалауды, тiркеудi, сақтауды, таратуды және дайын дәрiлiк өнiмдi тасымалдауды ұйымдастыру және iске асыру жұмыстарын қарастырады.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Дәрілік заттар - аурулардың алдын алуға, оларды диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзасының күйі мен функцияларының өзгеруіне арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе олардан тұратын құралдар: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи текті дәрілік шикізат, дәрілік ангро - және балк өнімдері, дәрілік препараттар, иммунобиологиялық медициналық препараттар.
Дәрілік өсімдік шикізаты - құрамында биологиялық белсенді заттар бар және дәрілік зат ретінде, сондай-ақ дәрілік заттарды өндіру және дайындау үшін пайдаланылатын өсімдіктердің бөліктері (тамырлары, түп тамырлары мен түбірлері, шөбі, гүлдері, жемісі мен тұқымдары, сабақтары, қабығы, жапырақтары);
Дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік түрдегі дәрілік зат;
Дәрілік түр - дәрілік заттың қолайлы қолданылуына және қажетті емдік әрі алдын алу әсеріне жетуі үшін келтірілетін белгілі бір жай-күйі;
Фармакопеялық құжат - дәрілік заттарға, оларды сынау көрсеткіштері мен әдістеріне қойылатын талаптардың кешенін белгілейтін құжат;
Дәрілік заттарды дайындау - дәрігерлердің рецептілері бойынша дәріханаларда дәрілік түрлерді дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанциялар алумен, дайындалған дәрілік заттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет;
Дәрілік формуляр - денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітетін, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың жеткілікті мөлшері болуға міндетті ұйымның бейіні ескеріле отырып қалыптастырылған дәрілік заттардың тізбесі;
Достарыңызбен бөлісу: |