Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын



бет3/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары

А н т о н и м д е р
Жай – тез
Баяу – жылдам, жел (желу)
Сылбыр – шапшаң
Ақырын – лезде, демде
Марғау – тез
Самарқау – асығыс, жедел
Мимырт – тыңғылықты
Сылбыр – жылдам
Бұл схемадан бір синонимииялық ұяға жататын сөздердің антономиялық жұп құрау мүмкіндігі мейлінше мол. Осы тұрғыдан алып қарағанда бұл сөздердің омонимдік қатар жасау мүмкіндігіне тоқталып өтсек. Жоғарыда «жай» сөзіне байланысты омонимдік қатарына байланысты мысалдар келтірген едік, ал «жай» сөзіне контексте антономиялық жұп құрайтын сөздердің бірі «тез» сөзі. Осы «тез» сөзінің контексте омонимдік қатар құрау мүмкіндігіне тоқталып өтсек.
Тез І (үстеу). Жылдам, шапшаң, лезде, әп — сәтте. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы сықылды тез суалар (Абай).
Тез ІІ (зат есім). Кереге, уық, ағашты түзейтін, иетін құралдың түрі. Тез қасында қисық ағаш жатпас (Мақал).
Антоним және синонимдерге байланысты схемадағы жай – тез сөздерінен басқа баяу – жылдам, жел (желу) сөздері де біріншіден синонимдік ұяға кірсе, екіншіден антономиялық жұп құрап тұр. Баяу сөзі омонимдік қатар жасауға қабілетсіз, ал жел сөзі контексте келіп омонимдік қатар жасайды. Мысалы:
Жел І (зат есім). Кейде қатты, кейде баяу соғатын ауаның ағымы. Қарасақ басқалардың жастарына, Өнер ғылым толып тұр бастарында. Өзіне от, жел, суды жалшы қылып, Алланың сайран етер аспанында (С.Т.).
Жел ІІ (зат есім). Ызғарлы желден, суықтан болатын ауыру. Кейбір әйелдер бойымызда желіміз бар дейді (Қ. Тай.).
Жел ІІІ (етістік). Аяң мен шабу аралығындағы қатты жүру. Астындағы қара атпен, Күні — түні желіпсің ( «Қазақ ертегілері» ).
Қазақ тілінің сөздік қоры әр түрлі дыбысталып мағыналары бір — біріне жуық сөздер мен мағыналары бір — біріне қарама — қарсы сөздерге қаншалықты бай болса, бірдей дыбысталып әр түрлі мағынаны білдіретін сөздерге де өте бай. Жоғарыдағы тәсілмен сөздердің синонимиялық ұя және антонимиялық жұп құрау мүмкіндігі схема арқылы мысалдар келтіріп, олардың омонимиялық жұп құрау мүмкіндігін тағы да қарастырып шықсақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет