«Тұран» Университі


ХХ ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пiкiрлерi



бет159/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)
философия сил 2021 қазақша (1), Әдіс.ұсыным, 6. ОКС комм, 8 сынып бжб
ХХ ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пiкiрлерi
ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзелiске ұшырап, оның құрамындағы халықтардың ұлттық сана-сезiмi өсiп, олар өзiндiк мемлекет құру, төл мәдениетi мен тiлiн, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерiн күн-тәртiбiне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы ХХ ғ басында өз iшiнен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшiн жан-тәнiн берген азаматтарды тудырды. Солардың iшiнен ерекше тұлғалар ретiнде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмухамедов, М.Жумабаевты атап өтуге болар едi. Аталған тұлғалардың көбi өз талпынысының арқасында жан-жақты бiлiм алып, орыс, басқа тiлдердi игерiп, шын шығармашылық деңгейге көтерiле бiлдi, ал кейбiреулерi Ресей жоғарғы оқу орындарын бiтiрдi (Ә.Бөкейханов, Х.Досмухамедов т.с.с.).
Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсендi де абыройлы жетекшiлерi деп бағалауға болады. Осы жолда олар “Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезiмiн оятып, өз заманының дәрежесiне көтергiлерi келдi. Олардың бәрi дерлiк 1917 ж. болған екi революцияны да қабылдап, олар қазақ елiне шын бостандық, теңдiк, бақытты өмiр әкеледi деп ойлады. Бiрақ, олардың көбi қоғамды шынайы тұрде демократиялық реформалар арқылы өзгертудi қалады, 20-шi жылдардан басталған сұрапыл қантөгiс оларды қатты қынжылтты. ұлы Мағжанға сөз берсек:
“Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей кұштi кұркiреген ел тынды.
Асқар Алтай, алтын ана есте жоқ,
Батыр хандар, асқақ жандар ұмтылды.
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ ардың,
Жауыз тағдыр жойды барды, не бардың...» Ақынның бұл шумағынан өткендi романтизациялаумен қатар, сол кездегi халықтың аянышты жағдайын ашық та батыл көрсеткенiн байқаймыз.
Оны бiз А.Байтұрсынұлының мына шумақтарынан да көруiмiзге болады:
“Қаз едiк қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бiр өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнiмiзде шарпылмаған».
Бiрақ, өз өмiрлерiнiң алдына төнген қауыпқа қарамастан халықты ағарту, оның өзiндiк сана-сезiмiн дамыту iсiн олар тоқтатқан жоқ. ґйткенi, олар халықтың болашағын көздедi, ертелi-кеш халық өз егемендiгiне жететiне сендi және сол ұшiн қажымай-талмай қолынан келгенiнiң бәрiн жасады. Олар халыққа бiлiм беру жолында мектептерде жұмыс iстеп, неше-түрлi оқулықтар мен газет-журналдарды, романдар мен өлеңдердi, пьесаларды шығарды, халықтан қалған тарихи мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату ұшiн барлық қолдан келгендi жан аямай жасады. Оны бiз мына Ахаң жолдарынан байқаймыз:
“Тән көмiлер, көмiлмес еткен iсiм,
Ойлайтындар мен емес бiр күнгiсiн.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын - жабықпаймын:
Ел бұгiншiл, менiкi - ертеңгi үшiн» (қараңыз: Қазақ тiлi мен әдебиетi, 1993, N4, 3 б.).
Ақырында, бәрi де халық азаттығы жолында сол қандыбалақ надан “мырқымбайлардың» оғына шалынып, құрбан болды.
Ендi олардың философиялық көзқарастарына келер болсақ, негiзiнен әңгiме саяси және құқтық философия төңiрегiнде өрбiмек.
ХХ ғ ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байтұрсынұлы(1873-1937 ж.ж.) кейпi бүкiл сол кездегi ұлттық-демократиялық ағымдағы тұлғалардың бәрiн бейнелегендей. Оқулықтың көлемiне байланысты, осы Ғұламаның еңбектерiн көрсету арқылы оқырманның сол кездегi ой-пiкiр жөнiндегi тұсiнiктерi қалыптасар деген ойдамыз.
Халықтың Жаңа дәуiр келген кездегi аянышты да мұңды ақуалын терең ойға салып, оның бостандығынан айырылған себептерiн ойшыл халықтың негiзгi бөлiгiнiң су қараңғылығы мен надандығынан, ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың сатқындығы мен iрiп-шiруi, патша үкiметiне ой-қамсыз берiлiп қызмет етуiнен т.с.с. себептерден көрдi. Олай болса, көп уақыт “ұйқыда жатқанұ халықты ояту керек, ол үшiн басқа амал болмаса, оны “масаұ сияқты шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол тiптi “Оян қазақ» деген ашық ұран тастаған болатын.
Мұндай жағдайда халықтың бостандыққа жетуi - алыста жатқан, стратегиялық мақсат-мұрат, ал сол кездегi нақтылы-тарихи жағдайға байланысты - Ресей мемлекетiнiң шеңберiнде қазақстанның автономиялық дәрежесiне, өзiн-өзi басқару мұмкiндiгiне жетiп, халықты ағарту, мәдениеттi жаңарту арқылы көптен берi созылған халықтың ауруы - қараңғылық пен ерiншектiк, енжарлықтан құтқару мақсатын қойды.
А.Байтұрсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудiң негiзгi жолы - демократиялық ұрдiстi дамыту, адам құқтарын сақтау, “Мемлекеттiң Думаның» мүмкiншiлiктерi қандай шолақ болса да бәрiн заңды жетiлдiру арқылы жету деп есептедi. “Тағы да халық соты жөнiнде» деген “Қазақ» газетiнде 1911 ж. жарық көрген еңбегiнде ол “Сайлауұ деген ұғымның мән-мағнасын егжей-тегжей талдайды - ол рулардың, я болмаса, қалталылардың арасындағы тартыс емес. Өкiнiшке орай, қарапайым халық дәл солай деп ойлайды. Соның нәтижесiнде билiкке тайыз, арсыз адамдар өтiп кетедi де, ойларына не келсе соны iстеп, пара алып, жемқорлық жолына тұседi. Сондықтан, халық сотына сайлағанда бiлiмдi, таза, әдiлеттi, халыққа адал қызмет ететiн адамдарды таңдай бiлу керек деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл ойдың бiздiң қазiргi өмiрiмiзге де тiкелей қатынасы барын оқырман айтпай да тұсiнетiн болар.
Қазақ жерiн қазнаға өткiзiп, одан жерi жоқ орыс шаруаларына жер беруге байланысты, соның нәтижесiнде әлеуметтiк-саяси ақуал шиеленiсе түстi. Ол ақуалды ұлы жыршы Мағжан:
“Бар жердi күннен күнге алып жатыр,
Бiреулер алып қала салып жатыр.
Қырылысып өздi-өзiне қазақ сорлы,
Жерiнен аузын ашып қалып жатыр»,- деп ашына толғаған болатын. А.Байтұрсынұлы жердi тартып алу, халық бостандығының жойылу себептерiне тоқтала келiп, көп жағдайда халықтың зардап шегуi оның надандығы мен заңдағы белгiленген өз құқтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келедi. Сондықтан, ол “қазақ жерлерiн алу тәртiбi» заңын егжей-тегжей талдап, халыққа өз құқтарының қандай екенiн, жерлерiн заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнiнде айтады. “Жердi жалға алу жөнiнде» деген мақаласында ойшыл қазақтар құқтық надандығы мен келтелiгiнiң нәтижесiнде өз жерлерiнен айырылып жатқаны жөнiнде қамыға, қиналып жазады. әрине, мұндай ағарту жұмыстары халықтың оянуына, саяси-құқтық санасының өсуiне өзiнiң пайдасын тигiздi.
Қазақ жерiн отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да бұрынғыдай көшiп-қонып мал бағып өмiр сұргiсi келген адамдарға ол жаңа ақуал өмiрге келгенiн, сондықтан, жаңа шаруашылық түрлерiн игеру керек екенiн айтады. қазақтар өмiр-бақи мал баққаннан кейiн, кейбiреулер бiз оны жақсы бiлемiз, басқалар ол жөнiнде бiзге не айтады деп лепiредi,- дейдi ойшыл. Шынына келгенде, мал шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар жерлерге икемделген. Жер көлемi қысқарған сайын оның мұмкiндiгi сарқыла түсуде,- деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы., Жалын.,1991, 237-238 б.б.). А.Байтұрсынұлының бұл ойы осы уақытқа шейiн өз маңызын жойған жоқ. Бүгiнгi ХХI ғ басындағы қазақтың қойларының салмағы жақын арада қоянмен теңелетiн болар, өсудiң орнына құрып бара жатыр емес пе ? Қазiргi тiлмен айтқанда, экстенсивтiк шаруашылық формаларын интенсивтiкке аудармай қазақ қоғамы басқа халықтармен терезесi тең қоғамға айналуы екiталай,- деп қорытады ұлы ойшыл. Бұгiнгi таңдағы тоқтап тұрған көп өндiрiс орындары осы ойды дәлелдейдi. Егер бiз тiптi жанкештi талпыныспен соларды iске қосып, қаншама энергия, шикiзат, адам еңбегiн жұмсағанның өзiнде - ондағы ескi технологиялардың негiзiнде жасалған тауарларды кiм алар екен? Сондықтан, бүгiн де, ғасырдың басындағы сияқты, жаңа технологияларды тезiрек игеру мәселесi кұн тәртiбiндегi ең өзектi нәрсе емес пе ?!
Қазақ өмiр салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның саны мен кұш-қуатын өсiру мәселесiн талдаған да осы ағартушылар болды. М.Жұмабаев, М.Дулатов сияқты зиялылар оның тетiгiн қазақ әйелдерiнiң эмансипациясымен (теңдiгiмен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың “Ақбiлек», М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жұмабаевтың көптеген өлеңдерiнде қазақ әйелiнiң аянышты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. әрине, бұгiнгi таңда қазақ әйелi шынайы теңқұқты қоғамның мұшесi. Сонымен қатар, “ұлттық дәстүрдi» сақтап, “мұсылмандық жолына» түсiп еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек,- деп лепiрген надандар да бiздiң қоғамда жоқ емес.
А.Байтұрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсiрудiң негiзгi жолдарының бiрi - сайын далада кең етек жайған жұқпалы аурулармен күрес деп бiледi. Ол үшiн ғылыми бiлiмi бар кәсiби дәрiгерлердiң көмегi қажет, неше-түрлi халықты алдайтын бақсы-балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмiрiнде кең тараған аурулар жөнiнде қызықты да қысқа көлемдi кiтапшалар жазылып, халық арасында таратылуы қажет,- дейдi ұлы ойшыл. Бүгiнгi өтпелi қоғамдағы халықтың ауыр жағдайына байланысты туберкулез, бурцелез т.с.с. жұқпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда демократиялық үрдiстi пайдаланып медицина жөнiнде күңгiрт “бiлiмi» бар мыңдаған жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, әлде керi кетушiлiк пе ?,- оны оқырман өзi-ақ шешер.
Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғам жаңаруы, түлеуiнiң қайнар көзiн ұлттық интеллигенциядан (зиялылардан) көрдi. Сондықтан, А.Байтұрсынұлы зиялыларды бiрлiкке, олардың бiлiмi мен жалпы мәдениет деңгейiн көтеруге шақырады. Қазақтар адамның екi тiлсiз жауы бар - ол от пенен су,- дейдi ойшыл. үшiншi жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған “мен-мендiк», “көре алмаушылық», “алыс-тартыс», “бiрлiктiң жоқтығы», “сатқындық» т.с.с. Шендi қуып, патша қызметшiсiнiң жарқыраған түйме мен жапсырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкәппарлықпен қарау, пара алу сияқты жоғарыдағылардың терiс қылықтарын ақын қатты сынға алады (Ақ жол., 213 б.). Ол зиялыларды халық мүддесiне жан аямай iзгi ниетпен адал қызмет етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзiлiк цивилизацияның қол жеткiзген ғылым мен техника жетiстiктерiн игерiп және оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың рухани байлығымен үйлесiмдi ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгiнгi күнде де өз мән-мағнасын жойған жоқ сияқты.
Патша үкiметiнiң отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес заманында да өз жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың өз-өздiгiн (идентификация) жоғалту қаупын тудыруын байқап, оған барлық жан-тәнiмен қарсы тұрды - халықтың ана тiлi мен руханиятын дамытуға барынша ат салысты.
Сонымен қатар, ол екiншi қауыпты да көре бiлдi. қоғам жүйелi түрде түбегейлi өзгерiстерге түскен кезде Жаңа дәуiрдiң қойған Талаптарынан жасқанған ұлттық сана-сезiм өзiн сақтап қалуды автаркиалық (өзiне-өзi жеткiлiктi) бағыттан көруге тырысуы, сол себептi өне бойы өткен “батырлық заманды» көксеуi, оны асыра бағалауы.
Өткен заман келмеске кеттi, оны қайтару мүмкiн емес, сондықтан, алға кеткен халықтардың жетiстiктерiн игерiп, болашаққа қарай жұгерлi де табанды ұмтылыс қажет (Ақ жол., 238 б.). Сонымен қатар, бұл үрдiс халықтың өз болмысын жоғалтып мәңгүрттiкке жол салмауы керек. Ол үшiн тек қана өз руханиятына сәйкес келетiн (ал оның өзi Абай мен Шәкәрiм көрсеткен “нұрлы ақыл», “ар-ұждан») басқа цивилизациялардың құндылықтарын таңдап алу арқылы iске асуы керек. Сонда ғана ол өз жемiсiн бермек. Қандай ғажап ойлар !
Бүгiнгi таңда ХХ ғ басында өмiр сүрген ойшыл-демократтардың асыл арманы - халықтың бостандығы мен егемендiгi - iске асты. Олардың айтқан көп гуманистiк-демократиялық идеялары бiрте-бiрте өмiрге енуде. Президенттiң халық алдына қойған “Қазақстан – 2030». Қазақ мифологиясының ерекшелiктерi.
2. Анахарсис- жетi грек даналарының бiрiне айналған түркi баба.
3. Ж.Баласұғын және оның философиялық-этикалық ойлары.
4. А.Жұйнекидiң нақыл сөздерi
5. Сопылық философияның ерекшелiктерi
6. қ.Яссауидiң дiни-этикалық көзқарастары.
7. Асан қайғы - алғашқы қазақ жерiндегi утопист.
8. Бұқар жыраудың дұниетанымдық көзқарастары
9. Ш.Уәлихановтың ағартушылық ойлары.
10. Абайдың адам философиясы
11. Абайдың саяси-құқтық көзқарастары.
12. Шәкәрiмнiң “ар-ұждан философиясы» және оның бүгiнгi адамзатқа қажеттiгi.
13. ХХғ басындағы ұлттық демократиялық бағыттағы ойшылдар
14. А.Байтұрсынұлының ағарту iсiне қосқан еңбегi.
15. Кеңес заманындағы Отандық философия.
16. Егемен Қазақстандағы философияның дамуы.
17. Бағдарламасы 30-шi жылдардағы ұлттық интеллигенцияның қойған өзектi мәселелерiн қамтып, оларды әрi қарай дамытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет