«Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері»



бет79/128
Дата05.02.2022
өлшемі4,38 Mb.
#17399
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128
Тілепберген А.М.
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


ПОЛИГРАФИЯ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНИКАСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ БАРЫСЫ
Жаңа техника мен технологиялардың даму барысы полиграфия саласына да түбегейлі өзгерістер енгізуде. Баспа-полиграфиялық өнімдердің нарыққа бәсекелестік қабілетін арттыра түсу мақсатында, полиграфиялық кәсіпорындарда заманауи техника мен технологиялардың қолданылуы, өндірістік үдерістердің параметрлерін ұтымды таңдай білу, жүргізілетін дайындық жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдері мен кешенді сипаттамаларын жобалай білу керек. Полиграфиялық кәсіпорындарда өндірістік жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру жарыққа шығарылатын баспа өнімдерінің жоғары сапалы, қанық түсті, көлемді және әртүрлі таралымда шығарылуын қамтамасыз етеді.
Баспа өнімдеріне қойылатын талаптар, көптеген мәселелер мен кешенді жұмыстарды талап етеді. Полиграфиялық кәсіпорындардың жұмысын алға жүргізіп, шығаратын өнімдерінің нарыққа бәсекелестік қабілеттігін арттыра түсу өндіріс мамандарының міндеті. Ол үшін осы саланың заманауи ғылыми жетістіктері негізінде шығып жатқан техникалары мен технологияларын зерттеп, игеріп отыру керек.
Полиграфия саласында қолданылатын басты техникалар - басу жабдықтары. Полиграфиялық басу жабдықтарының түрлері өте көп екені де белгілі. Баспа-полиграфия өнімдерінің техникалық көрсеткіштеріне, қолдану саласына, таралымына, көлеміне, бояулығына, құрылымына, қағаз ерекшеліктеріне, басып шығаратын әдістерінің түрлеріне және тағы да басқа көптеген техникалық сипаттамалары мен көрсеткіштеріне қарай басу жабдықтарының түрлері де әртүрлі болып келеді. Ал полиграфиялық басу жабдықтары аппараттарының құрылымдық ерекшеліктеріне қарай, формат өлшеміне, бояулылығына, рулонды қағазда немесе кесілген парақты қағазда баса алатын мүмкіншіліктеріне қарай бөлінеді. Басу жабдықтарындағы басу аппараттарының біліктері айналмалы, әрі дөңгеленген цилиндрлі білік түрінде болатындықтан ротациялық басу жабдықтары деп аталады (ротация – айналымды). Басу аппаратындағы барлық біліктердің айналмалы қозғалуы басу машинасының жылдамдығын арттырады, яғни, өндірістің жұмыс өнімділігін арттыра түседі. Ротациялық машиналардың басу аппараттарындағы айналмалы дөңгеленген біліктің бірі – формалық цилиндрге басу қалыбы бекітіледі. Араларынан өтетін қағаз осы басу қалыбымен түйісіп, бояуды қабылдауын қамтамасыз ететін екінші басу цилиндрі де айналмалы дөңгеленген білігімен түйіседі. Ротациялық басу машиналарының парақты (қажетті пішімге кесілген) және рулонды қағаздармен жұмыс істейтін екі түрі белгілі. Мысалы, рулонды қағаздардан басатын ротациялық басу машиналарында рулоннан айналдырыла шығып жатқан қағаздың екі жағынан бірдей мәтін-бейне материалдары басылып шығады. Осындай мүмкіншіліктері болғандықтан, мұндай машиналарға бүктемелеу-кесу құрылымды агрегаттарын орнатуға болады. Бұл агрегаттар басу аппаратында басылып, жылдамдықпен келе жатқан қағаз рулонын екіге бүктейді де, ортасынан бөліп (қағаз табағының 1/2), бүктемелеу аппараты арқылы өнім түріне немесе тапсырыс талабына қарай кітап немесе газет өнімінің 4, 8, 16 немесе 32 беттік дәптерлерін бүктеп шығарады. Рулондық ротациялық басу машиналарының дайын өнімді немесе өнім шикізатын қабылдап алатын құрылғысында бүктелген өнімнің престеліп шығуын қамтамасыз ететін пресс құрылғылары қоса орнатылады. Қазіргі рулонды ротациялық басу машиналарының жылдамдықтары барған сайын өсе түсуіне қарай, басу үдерісі кезіндегі қағаз бен бояудың өзара түйісу сапасының арта түсуін талап етеді.
Қазіргі кезде әр түрлі басу әдістерімен басатын ротациялық машиналар ірі және орташа полиграфиялық касіпорындарының негізгі жабдықтары болып табылады. Ротациялық басу машиналары секциялы құрылымды болады. Бұл көп бояулы өнімдерді басу кезінде, сапаны және өнімділікті арттыруда өте қажет.
Ротациялық басу жабдықтарының кеңінен қолданылатын бір түріне парақты басу машиналары жатады. Парақты басу машиналарының рулонды басу машиналардан айырмашылығына, аты айтып тұрғандай, мұндағы қағаз беру құрылғысының тек парақты қағаздармен жұмыс істеуінде. Яғни, қағаз рулондардан таратылып кесілген немесе арнайы кесіліп дайындалған белгілі бір пішімдегі қағаздармен жұмыс істейді.
Ондаған жылдар бойы барынша кеңінен қолданылып келе жатқан офсеттік басу әдісімен басатын парақты басу машиналарының секцияларға, пішімдерге, құрылымдық ерекшеліктеріне, жылдамдығына, қағаз беру ерекшеліктеріне қарай бөлінетін көптеген түрлері бар. Сондықтан осы машиналарға арналған қажетті материалдардың да жүздеген түрлері бар.
Басу машиналарының секциялық құрылымына, пішіміне, қағазды екі жағынан баса алатын мүмкіншіліктеріне қарай басылып шығатын өнімнің көлемдік көрсеткіштері әртүрлі болады. Басу машиналарындағы негізгі құрылғылардың біріне бояуды басу қалыбына жағуға дайындайтын, диаметрлері әртүрлі резиналық біліктер мен металды цилиндрлерден тұратын - бояу аппараты жатады. Әртүрлі басу әдістеріндегі бояу аппараттарының құрылымдары әртүрлі болып келеді.
Соңғы жылдарда полиграфия өндірісінің жұмыс өнімділігін арттырудың, басу жабдықтарын одан әрі дамытудың басты бағыты — басу үдерісінен кейін бірден кітапшалау және түптеу операцияларының орындалуын қамтамасыз ететін агрегаттармен біріктіру мүмкіншіліктерін қолдану болып отыр. Бұл агрегаттарда басу қалыптары лента-қалып сақтағыштарға бекітіледі де, басу үдерісі орындала береді. Басылып шыққан шикізаттар бүктемеленіп, дайын дәптерлерге айналады. Дайын дәптерлер автоматгы түрде әрі қарай кітап бумасына біріктіріліп, желімденіп шығады. Одан әрі бумаларды мұқабалармен қаптау жұмысы жүргізіледі. Егер жүйеге кітап бумаларын өңдеуге және оларды мұқабаға бекітуге арналған автоматтандырылған кітапшалау-түптеу ағынды желісі біріктірілсе, онда бірден, түптелген дайын кітаптарды алуға болады.
Басудың белгілі бір әдісімен басатын жабдықтар, тіпті олар бір типті болса да (мысалға парақты ротациялық машиналар) бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бо­лады. Мысалы, қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген офсеттік басу әдісін алайық. Офсеттік басу әдісі жазық басу әдісіне жатады, яғни, басу элементтері мен ашық жол элементтері бір жазықта орналасқандықтан бұл әдістің басты ерекшелігіне басу қалыптарында ылғалдың қолданылуы жатады. Сондықтан, кез-келген офсеттік басу машинасының құрылымында, әр жұмыс циклі басталарда ашық жол элементтеріне бояу жағылмас үшін, алдымен қалыптың ылғалды болуын қамтамасыз ететін ылғалдау аппараты біріктірілген.

Каталог: 2017 -> KazNU-MTIJ-2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
KazNU-MTIJ-2017 -> Материалдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет