1) Əлеуметтік-психологиялық басқару əдістері - адамның жəне ұжымның мінез-құлқына ықпал ету жолдары, ұйымның күйі мен көңіл-күйі туралы, жоғары моральдық мəдениет негізінде ұйымда жағымды климатты жандандыру, адам мен ұжымға терең құрмет көрсету тəсілдерін қарастырады.Əлеуметтік-психологиялық əдістер жақсылық жəне қатыгездік, өмірдің мəні, қоғамдағы моральдық қағидаттар, жеке адаммен қарымқатынас жəне т.б. сияқты əлеуметтік жəне жеке маңызды моральдық құндылықтар бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мен дамытуға
негізделген. Олар жеке тұлғаларға əсер етудің нақты жолдарының еңбек ұжымында туындайтын қатынастар мен байланыстарын қарастырады.
Əлеуметтік-психологиялық əдістер – білім беру мен тəрбие құралы ретінде оқыту мақсатына жетуге бағытталған педагогтар мен оқушылар іс əрекетінің
өзара байланысын, тиімді қарым-қатынасын анықтау тəсілдері, педагогикалық ұжым мүшелерінің жауапкершілігін көтеру жəне белгіленген міндеттерді орындауға дайындау, ұйымдастыру мақсатында қолданылады. Əлеуметтік əдістер қызметкердің ұжымдағы орны мен рөлін, бейресми көшбасшыларды анықтау жəне қолдау көрсету, еңбектің соңғы нəтижесіне жету үшін қызметкерлерді ынталандыру, тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз ету жəне топтағы адамдар арасындағы қақтығыстарды болдырмауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік басқару əдістерінің ішіне: əлеуметтік жоспарлау, əлеуметтік зерттеулер, жеке қасиеттерін бағалау, мораль, серіктестік, бəсекелестік, жанжалды жағдайларды басқару кіреді.