Басқару ұстанымдары-басқаруда басшылыққа алатын жетекші идея, қағида. Басқару ұстанымдары іс əрекет пен шешім қабылдауға жалпы нұсқау береді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан Ю.А. Конаржевский «Менеджмент жəне мектепішілік басқару» (2000) еңбегінде басқарудың мынадай ұстанымдарды бөліп қарастырады, осы ұстанымдарға қойылатын талаптарға сипаттама беріп өтсек,
Қазіргі этикалық құндылықтарға деген терең сенім ұстанымы – құндылық бағдарды қалыптастыру, басқарушының жəне педагогикалық ұжымның негізге алатын ұстанымы, оның негізінде əр педагогтың, жалпы ұжымның іс əрекетін, мінез-құлқын ынталандыру жатыр.
Талаптары: əр адамның жеке басына деген құрмет, құқықтарын қорғау, мүмкіндіктерін мойындау;адамдарға адам ретінде құрмет көрсету; адамдарға деген сенім; жеке тұлғалардың таңдау жасауына мүмкіндік беру; Мықты ішкі корпоративтік мəдениет-ұйым ішіндегі этика мен ұйым мəдениетін қарастырады.Талаптары:басқару этикасы талаптарын сақтау; ұйым ішінде ішкі мəдениетті сақтау;педагогикалық ұжымды қалыптастыру, жүйе құру; өзара құрмет, сенімді туғызу;
Адамға деген біртұтас көзқарас ұстанымы – басшы педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкерді кəсіби қызмет түрін атқаратын жұмысшы ретінде емес, педагогикалық үрдіс барысында өзіндік қажеттілігі, өзіндік мақсаттары, мотивтері бар жеке тұлға ретінде қарастырады. Талаптары: педагогтармен қызмет саласында ғана емес, жеке өмірі, ішкі жан дүниесіне ене отырып қарым-қатынасқа түсу (қызмет барысында ғана емес жеке басы, жеке өмірі жайлы сөйлесу); педагог өмірінің көп бөлігін оның жұмысы құрайды, сондықтан оның жұмыстағы орны оған қуаныш сыйлайтындай болуы керек;
Педагог жұмысын байыту жəне мансаптық өсу ұстанымы – басшылықтың педагогтың кəсіби қызметін əртүрлі етіп ұйымдастыруға тырысуы, сол арқылы кəсіби қызығушылығын ояту жəне оның кəсіби сенімділігіне қолдау жасау.
Талаптары: педагогтарды жаңашылдық іс əрекет түрлеріне тартуға барынша жағдай жасау; педагогтардың біліктілік деңгейін көтеруін қадағалап отыру т.б.
Жеке тұлғаларды еңбекке ынталандыру ұстанымы – педагогтың жұмысқа деген жеке қызығушылығы, оның білім беру мекемесі мен педагогикалық ұжым алдындағы белгілі бір міндеткерліктерді қабылдап атқаруға ықпал етеді.
Талаптары: əр басшының ынталандыру жүйесі болуы
тиіс: моралдық жəне материалдық;басшы адамдарға деген ілтипат, ерекше
назар аудару, зейін қою, жағымды қарым-қатынас техникаларын меңгеруі тиіс; өзара келісімде болу, өзара қолдау т.б.;
Консенсус (ортақ, біріккен келісімге келу) ұстанымы – басшының педагогтардың жеке көзқарастарын ескере отырып, ұжымды өзара келісімге,
ынтымақтастыққа əкелу. Талаптары:ұжым мүшелерінің мəселені талқылауда
немесе шешім қабылдауда шынайы баға беруі;ұжым алдында өз көзқарасы мен пікірін нақты, дəлелдермен айта білуі тиіс т.б.;
Барлық қызметкерлер үшін ортақ статус ұстанымы – қызметкерлермен тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.Талаптары:қызметкерлердің құқықтарын сақтау;барлығын тең көру;«педагог» мəртебесіне лайықты қарым-қатынасқа түсу; педагогикалық этика нормаларын сақтау; педагогтардың қоғамдағы беделін көтеру.
Барлық қызметкерлерді дайындау мен қайта даярлауды кеңейту ұстанымы – кəсіби білімді үздікссіз жетілдіру, арнайы білім берубағдарламаларынан өту, қызмет түрлерін орындауға бағыттауға негізделеді. Талаптары:кəсіби мамандарды дұрыс іріктеу; «педагогикалықөнімнің» сапалығын қамтамасыз ету;басқару билігін төмендегілерге (мұғалім) беру; жұмысты толықтыру, жұмысқа қажетті жағдайды жасау;жаңа білім беру мазмұны талаптарына сай мұғалімдердің білімдерін көтеру:курстардан өту т.б.желілік қауымдастықтардың жұмысын жетілдіру;педагогтардың кəсіби өсуіне қолдау көрсету, бағыттау.
Толық жұмыспен қамту саясаты ұстанымы.Талаптары: қазіргі нарықтық қоғам заңдылықтарына сай сапалы кəсіби білімді мамандармен қамтамасыз ету; негізгі моралдық міндеткерліктерді орындауы; жақсы даярлықтан өткен мамандармен 5 жылда бір рет мамандардың құзыреттілігін жаңартып отыруға жағдай жасау.
Сапаға бағыттылық ұстанымы – сапа менеджменті талаптарына сай нəтижеге бағытталған білім беруді ұйымдастыруды, басшылық етуді анықтайды. Талаптары:нəтижеге бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыру; білім алушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастыру ортасын құру; мектеп-оқушы-ата-ана байланыстарын жетілдіру; басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету; білім сапасын арттыру; жоғары сапалы «педагогикалық өнімдерді» шығару; басқаруға ұжым мүшелерін қатыстыру. Жанама бақылау ұстанымы-ашықтық, шынайылық, дəлдік негізінде бақылауды жүйелі, бірізді, жүргізу, тиімді бақылау.
Талаптары:қызметкерлерге деген құрмет пен сенімнің болуы;барлық
қызметкерлерге тең қарау;қызметкерлердің шығармашылық еңбегі мен
идеяларын қолдау;бақылау арқылы дер кезінде түзетулер енгізуді жүзеге
асыру.
Ұжым боп шешім қабылдау ұстанымы - демократиялық басшылық етудің негізгі құралының бірі, ортақ шешім қабылдау. Ол басқару ақпаратының ашықтық жағдайында ғана мүмкін болады. Талаптары: ұжым болып шешім қабылданатын ақпаратпен сол ұжымның əрбір мүшесі таныс болуы тиіс; педагогтардың қабылданатын шешімнің жасалуына белсенді қатысуы, ұжымның белсенді қолдануына ие болады;т.б. Міндетерліктерді жолдау ұстанымы-басқаруға педагог қызметкерлерді қатыстыру, бұл ұстаным «төменнен жоғарыға» қағидасына
сай əрекет етеді.
Талаптары: педагог жұмысын байыту жəне мансаптық өсуді тəжірибеде жүзеге асыру;басқаруды автоматтандыру т.б.
Көлденең байланыс ұстанымы – барлық педагогикалық ұжым мүшелерімен өзара байланысты туғызу, ақпарат, іс тəжірибе алмасуды қамтамасыз етеді. Талаптары: ұйымның нақты мақсатына жетуі үшін басшы өзінің кейбір міндеткерліктерін беру (делегирлеу), ұжым болып шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады; ұзақ уақытқа арналған бағдарламалар негізінде көлденеңінен байланыстар мақсатты түрде қалыптастырылады; педагогтар арасындағы формальды емес байланыстар ескеріледі. Қазіргі педагогикалық менеджментте қоғамдағы, жүйедегі болып жатқан өзгерістерге байланысты басқарудың келесі ұстанымдары ұсынылады: ынтымақтастық, демократиялық, ізгілендіру, мақсатқа сай үйлесімділік, үнемі жаңғырып отыру, тиімді басқару (рационалистік),
басқарудың ғылымилық ұстанымдары. Аталған басқару ұстанымдары өзара бір-бірімен тығыз байланыста, бір жүйеде қарастырылады, олардың негізінде адамға деген сенім мен құрмет жатыр. Басқару ұстанымдарын бірлікте қарастырғанда ғана нақты жетістіктерге қол жеткізуге жəне олардың жүзеге асырылуы осы байланысты сақтағанда ғана тиімді болады.