Түрік тілін үйрену. Түрік тілі грамматикасы: Алфавит



Дата07.02.2022
өлшемі58,61 Kb.
#89326
Байланысты:
түрік әліппесі


Түрік тілін үйрену. Түрік тілі грамматикасы: Алфавит
Түрік тілінде барлығы 29 әріп (әр әріпке бір дыбыстан) бар. Олардың сегізі — дауысты (ünlü), қалған жиырма бірі — дауыссыз (ünsüz) дыбыстар.

Türkçe

Оқылуы

Қазақша баламасы

Мысал – Örnek

A a

a

А

anne [аннэ] – ана

B b

be

Б

baba – әке

C c

ce

Дж, Ж (жуан)

can [джан] – жан

Ç ç

çe

Ч

çorba – сорпа

D d

de

Д

defter – дәптер

E e

e

Ә, Е, Э

elma [эльма] – алма

F f

fe

Ф

fil [филь] – піл

G g

ge

Г

bilgin [бильгин] – ғалым

Ğ ğ *

yumuşak ge

Ғ (оқылмайды), жұмсақ Г

dağ [дааг] – тау

H h

he

Х

hasta – ауру

I ı

ı

Ы

kapı [капы] – есік

İ i

i

И

dil [диль] – тіл

J j

je

Ж

japon – жапон

K k

ke

К

kalem [калем] – қалам

L l

le

Л

bal [бал] – бал; el [эль] – қол

M m

me

М

misal – мысал

N n

ne

Н

nokta – нүкте

O o

o

О

oda – бөлме

Ö ö

ö

Ө

göz – көз

P p

pe

П

parti – партия

R s

re

Р

resim – сурет, кескін

S s

se

С

sakal – сақал

Ş ş

şe

Ш

şehir – шаһар, қала

T t

te

Т

tren [трэн] – пойыз

Uu

u

У

uzak – ұзақ

Ü ü

ü

Ү

ürkmek – үрку, шошу

V v

ve

В

vakit – уақыт

Y y

ye

Й

sayfa – бет (парақ)

Z z

ze

З

zengin – бай

* Жоғарыда Ğ ğ әрпінің белгілену себебі, ол басқа әріптерге қарағанда біраз өзгешелеу. Ğ ğ әрпі кездесетін сөздерде ол Ғ ретінде оқылмайды. Кей сөздерде жұмсақ Г ретінде оқылады, ал енді бір сөздерде өзінің алдында тұрған дауысты дыбысты ұзартады. Мысалы: dağ [дааг] – тау, ağaç [аач] – ағаш, тал. Бұл ерекше әріппен басталатын ешқандай сөз жоқ. Түрік әліпбиіндегі әріптерді есте жақсы сақтау үшін әрі оған қосымша ретінде күнделікті көріп-біліп жүрген заттардың түрікше атауын білу, үшін назарларыңызға бейнелі алфавитті ұсынамын. Қазақ тілі мен түрік тілі ұқсас болғандықтан көп сөздердің аудармасын жазбады Алфавит кестесіне түсініктеме:Түрік тілінде Ь (жіңішкелік белгісі) жоқ. Дегенмен, көптеген сөздердің айтылуында жіңішкелік белгісінің орынын байқаймыз. Ондай мысалдардың оқылуын және оқылуы аздап өзге болып келетін мысалдардың оқылуын тік жақшаның ішіне алып жаздым.
Дауыстылардың екі түрі бар: жуан (қалың) және жіңішке Kalın Sesliler: a, ı, o, u İnce Sesliler : e, i, ö, ü Ережелері

  • Түрік тіліндегі сөздер қалай жазылса, солай оқылады;

  • Үстінде қалпағы бар «а» әрпі (â) кездессе, ол жұмсақ болып оқылады. Қазіргі кезде көп қолданылмайды.

Türkçe konuşalım! Otelde (Қонақ үйде)

Жолаушы:

Merhaba, tek kişilik odanız var mı?

Сәлем! Жалғыз (бір) адамдық орын (бөлме) бар ма?

Қонақ үй қызметкері:

Evet efendim. Şu formu doldurur musunuz lütfen.

Мына бланкіні толтырыңызшы.

Жолаушы:

Tabii.

Әрине.

Қонақ үй қызметкері:

Kaç gün kalmayı düşünüyorsunuz?

Қанша күнге қалмақ ойыңыз бар?

Жолаушы:

Şimdilik üç gün.

Әзірше үш күн.

Қонақ үй қызметкері:

Odanız hazır efendim. Arkadaş size odanızı gösterecek. Her sabah 7-10 arası lokantamızda kahvaltı var.

Бөлмеңіз дайын. Әріптесім (досым) бөлмеңізді көрсетеді. Таңертеңдері сағат 7-10 аралығында тамақтану орнында таңғы ас бар.

Жолаушы:

Teşekkür ederim.

Рақмет!

Қонақ үй қызметкері:

Rica ederim efendim. Umarım otelimizden memnun kalırsınız.

Мархабат. Қонақ үйімізге көңіліңіз толады деп үміттенемін.


Türkçe konuşalım! Taksi tutmak (Такси ұстау)
Taksi Şoförü — Такси жүргізушісі, Yolcu — жолаушы

Yolcu:

İyi akşamlar

Қайырлы кеш!

Taksi Şoförü:

İyi akşamlar efendim.

Қайырлы кеш!

Yolcu:

Beni şu adrese götürebilir misiniz?

Мені мына мекен-жайға алып бара аласыз ба?

Taksi Şoförü:

Tabii efendim.

Әрине!

Taksi Şoförü:

Pardon, sizin memleket neresi?

Кешіріңіз, сіз қайдан (қай елден) боласыз?

Yolcu:

Ben İran’ın Tebriz kentindenim.

Мен Иранның Тебриз қаласынанмын.

Taksi Şoförü:

Ama çok güzel Türkçe konuşuyorsunuz.

Алайда түрікше өте жақсы сөйлейді екенсіз.

Yolcu:

Teşekkür ederim, o kadar da güzel konuşamıyorum.

Рақмет, анау айтқандай жақсы сөйлей алмаймын.

Taksi Şoförü:

Geldik efendim. Aradığınız otel burası.

Келдік. Мына – сіздің қонақ үйіңіз.

Yolcu:

Teşekkür ederim. Ne kadar oldu?

Рақмет. (Ақысы) қанша болды?

Taksi Şoförü:

55 (elli beş) TL

55 лира

Yolcu:

Buyurun.

Мінекейіңіз.

Мұндағы Efendim сөзі түрік тіліндегі жиі қолданылатын сыпайылықтың белгісі болып саналатын сөз. Басқаша түрінде ерлер үшін «Bey efendi», ал әйелдер үшін «Hanım efendi» деп те қолданады.

Түрікше етістіктің тұйық райы (Eylemlik)
Түрікше етістіктің тұйық райы (инфинитиві) “eylemlik” деп аталады. Олар -mak және -mek жалғаулары арқылы жасалады. Егер сөз түбіріндегі соңғы буын жуан болса (буында a, ı, o, u әріптері болса), -mak; жіңішке болса (буында e, i, ö, ü әріптері болса), -mek жалғауы жалғанады. Мысалы:
gelmek (келу), sönmek (сөну, өшу), içmek (ішу), gezmek (кезу, серуендеу), görmek (көру), öğrenmek (үйрену);
varmak (бару, жету), bozmak (бұзу, қирату), sormak (сұрау), kaçmak (қашу), atmak (лақтыру), yaşamak (өмір сүру);

Türkçe konuşalım! Havaalanında (Әуежайда)

Түрікше

Қазақша

Merhaba

Сәлеметсізбе!/Сәлем!

Merhaba, hoş geldiniz.

Сәлеметсізбе! Қош келдіңіз!

Hoş bulduk.

Көргеніме қуаныштымын (hoş geldiniz дегенге жауап).

Pasaportunuz lütfen.

Өтінемін, төлқұжатыңыз.

Buyurun.

Мінекейіңіз

Gezi için mi geldiniz?

Саяхаттау үшін келдіңіз бе?

Hayır, öğrenim amacıyla geldim.

Жоқ, оқу үшін келдім

Çok iyi. Size başarılar diliyorum. Buyurun pasaportunuzu.

Керемет! Сәттілік тілеймін! Төлқұжатыңыз мінекей (алыңыз).

Teşekkür ederim, kolay gelsin.

Рақмет, жұмысыңызға сәттілік!

Рақмет (Teşekkür)
Teşekkür etmek | Рақмет айту
Teşekkür ederim / Sağolun | Рахмет (рақмет айтамын)
Çok teşekkürler | Көп рақмет
Sağol, sen de! / Teşekkür ederim, siz de | Рақмет, сен де / сіз де
Yardımınıza çok teşekkür ederim | Көмегіңізге көп рақмет
Bir şey değil | О не дегеніңіз / Мархабат
Rica ederim | О не дегеніңіз / Мархабат
Танысу (Tanışma)
— İyi günler, benim adım Hamit. Sizin adınız ne?
— İyi günler, benim adım Murat, soyadım Özdemir.
— Murat bey, siz nerelisiniz?
— Konyalı.
— Қайырлы күн! Менің атым Хамит. Сіздің атыңыз кім?
— Қайырлы күн! Менің атым Мұрат, тегім (фамилиям) Өздемір.
— Мұрат мырза, сіз қай жақтан боласыз?
— Кониядан (Кониялықпын)
***
— Merhaba Murat bey!
— Merhaba, nasılsınız?
— Iyiyim, teşekkür ederim. Siz nasılsınız?
— Teşekkür ederim, ben de iyiyim.
— Сәлем, Мұрат мырза!
— Сәлем, қалыңыз қалай?
— Жақсымын, рақмет! Сіз қалайсыз (Сіздіңқалыңыз қалай?)?
— Рақмет, мен де жақсымын.
Түрікше сағат сұрау және оған жауап
Saat kaç (oldu)? | Сағат қанша (болды)?
Saat bir/iki | Сағат бір/екі
14.05 – (Saat) ondört sıfır beş / Ondördü beş geçiyor | Он төрт нөл бес / Он төрттен бес кетті
06.17 – Altı onyedi / Altıyı onyedi geçiyor | Алты он жеті / Алтыдан он жеті кетті
03.55 – Üç elli beş / Dörde beş var | Үш елу бес / Төртке бес минут бар (қалды)
09.30 – Saat dokuz buçuk | Сағат тоғыз жарым
11.15 – Onbiri çeyrek geçiyor | Он бірден он бес (ширек) кетті
10.45 – Onbire çeyrek var | Он бірге он бес бар (қалды)
Жыл мезгілдері мен ай аттары (Mevsimler ve ay adları)
Мыналар жыл мезгілдері (Bunlar mevsimlerdir): ilkbahar (көктем), yaz (жаз), sonbahar (күз), kış (қыс).
Мысалдар: Yaz sıcaktır (жаз — жылы), Kış soğuktur (қыс — суық)
Sene, yıl — жыл
Түрік тіліндегі ай аттары мынадай:
Ocak — қаңтар, Şubat — ақпан;
Mart — наурыз, Nisan — сәуір, Mayıs — мамыр;
Haziran — маусым, Temmuz — шілде, Ağustos — тамыз;
Eylül — қыркүйек, Ekim — қазан, Kasım — қараша;
Aralık — желтоқсан.
Есептік және реттік сандар (Asıl sayıları ve sıra sayıları)

Сан

Есептік сан есімдер (Asıl sayılar)

Реттік сан есімдер (Sıra sayıları)

0

sıfır




1

bir

birinci

2

iki

ikinci

3

üç

üçüncü

4

dört

dördüncü

5

beş

beşinci

6

altı

altıncı

7

yedi

yedinci

8

sekiz

sekizinci

9

dokuz

dokuzuncu

10

on

onuncu

11

on bir

on birinci

12

on iki

on ikinci









20

yirmi

yirminci

30

otuz

otuzuncu

40

kırk

kırkıncı

50

elli

ellinci

60

altmış

altmışıncı

70

yetmiş

yetmişinci

80

seksen

sekseninci

90

doksan

doksanıncı

100

yüz

yüzüncü

101

yüz bir

yüz birinci

110

yüz on

yüz on birinci

200

iki yüz

iki yüzüncü

300

üç yüz

üç yüzüncü









1000

bin

bininci

1 000 000 — milyon — milyonuncu
Алғашқы, бірінші — ilk,
соңғы — son,
Сілтеу есімдіктері (İşaret zamirleri)
Түрік тіліндегі сілтеу есімдіктері (İşaret немесе Gösterme zamirleri) қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктеріне ұқсас болып келеді. Олар: bu, şu, o, bunlar, şunlar, onlar.
bu — бұл, мынау: Bu benim eserim (Бұл — менің жұмысым)
şu — анау: Şu dağlarda kar olsaydım (Анау тауларда қар болғанымда (болсам ғой))
o — ол: Ben o kitabı hiç okumadım (Мен ол кітапты еш оқымадым)
bunlar — бұлар, мыналар: Bunlar en sevdiğim kitaplarımdır (Бұлар — ең сүйікті кітаптарым)
şunlar — аналар: Şunlar neden masanın üzerinde duruyor? (Аналар неге үстелдің үстінде тұр?)
onlar — олар: Evet, onları iyi biliyorum (Иә, оларды жақсы білемін)

İsmin halleri

1şahıs, tekil

2 şahıs, tekil

3 şahıs, tekil

1şahıs, çoğul

2 şahıs, çoğul

3 şahıs, çoğul

Yalın hal

bu

şu

o

bunlar

şunlar

onlar

Belirtme hali

bunu

şunu

onu

bunları

şunları

onları

Yönelme hali

buna

şuna

ona

bunlara

şunlara

onlara

Bulunma hali

bunda

şunda

onda

bunlarda

şunlarda

onlarda

Ayrılma hali

bundan

şundan

ondan

bunlardan

şunlardan

onlardan

.
Қысқаша сөздік
İsmin halleri — септіктер
şahıs (şahsı) — 1) кісі; 2) жақ (грамматика)
tekil — жекеше түр
çoğul — көпше түр
Тәуелдеу есімдіктері (İyelık zamirleri)
benim — менің; senin — сенің; onun — оның; bizim — біздің; sizin — сіздің, сіздердің; onların — олардың.
Қолданылуы
Тәуелдеу есімдіктерінің қолданулары жайлы айтпай кетуге болмас. Себебі олар тек Benim evim (менің үйім), senin odan (сенің бөлмең), т.б. қарапайым сөйлемдерде ғана қолданылмайды.

  1. Зат есімнің алдында келеді: Bizim ev çok büyüktür — Біздің үй өте үлкен.

  2. Баяндауыштың қосымшасымен (мұнда: -dir) қосарланып келеді: Bu oda senindir — Бұл бөлме — сенікі.

  3. Тәуелдеу есімдігіне -ki қосымшасы жалғанып, заттанған мағынаға ие болады: Bizimkiler evde değil — Біздікілер (біздің үйдегілер) үйде емес.

Сұрау есімдіктері (Soru zamirleri)
Түрік тілінде сұраулы есімдіктер бірнеше топқа бөлінеді. Соларды қарастырайық.
Kim? (kimler?) — кім? (кімдер?). Бұл сұраулы есімдік адамдарға қойылады.
Мысалы: Bu kim? — Бұл кім?, Öğleden sonra kimler geldi? — Түсқайта кімдер келді?
Ne? (neler?) — не? (нелер?). Жансыз заттарға қойылатын сұрақ.
Мысалы: Babam sana ne dedi? — Әкем саған не деді?, Tarihte bugün neler oldu? — Бүгін тарихта нелер (не) болды?
Kaç? — қанша?. Мөлшерді (бағаны, уақытты) анықтауға арналған сұру есімдігі.
Мысалы: Saat kaçta? — Сағат қаншада?, Bir kilo elmanın fiyatı kaç liradır? — Бір келі алманың бағасы қанша лира?
Hangi? hangisi? (hangileri?) — қай?, қайсысы? (қайсылары?). Адам мен жансыз заттарға қойылатын сұрақ.
Мысалы: Hangi araba daha iyi? — Қай автокөлік жақсырақ?
Nasıl? — қалай?. Мысалы: Nasıl çalışır? Қалай жұмыс істейді?, Nasılsınız? — Қалайсыз?, Қалыңыз қалай?
Nere? (nerede?, nereye?, nereden?), neresi? — қайда?, қай жерде?, қай жері?. Орын-мекенге арналған сұрақтар.
Мысалы: Kim nerede yaşıyor? — Кім қайда тұрады (мекендейді)?, nereden nereye? — қайдан қайда?
Апта күндері (Haftanın günleri)
Түрікше-қазақша апта күндерінің аттары
Türkçe-kazakça haftanin günlerinin isimleri
Pazartesi — Дүйсенбі
Pazar сөзі парсының “базар (بازار)” сөзінен шыққан. Қазақша маңынасы кәдімгі “базар” сөзі. Ал tesi сөзі ertesi дегеннің өзгеріске ұшырауы (er әріптері түсіп қалған).
Salı — Сейсенбі
Бұл сөз арабтың және парсының “үшінші күн” деген мағына беретін сөздерінен шыққан (арабша: الثلاثاء — сейсенбі, парсыша: سه شنبه — сейсенбі).
Çarşamba — Сәрсенбі Perşembe — Бейсенбі
Cuma — Жұма Cumartesi — Сенбі Pazar — Жексенбі
Benim babam Pazartesi günü geliyor — Менің әкем дүйсенбі күні келеді.
Geçen Salı geldim — Өткен сейсенбі күні келді.
Түрік тіліндегі жіктеу есімдіктері (Şahıs (kişi) zamirleri)
Түрік тілі қазақ тіліне ұқсас болғандықтан жіктеу есімдіктері де өте ұқсас болып келеді.
ben — мен; sen — сен, siz — сіз; o — ол; biz — біз; siz — сіздер, сендер; onlar — олар.
Ben есімдігінің әр түрлі септіктерде тұрған түрін қазақшасымен жазамын. Қалған есімдіктер содан түсінікті болады.
beni — мені; bana — маған; bende — менде; benden — менен.

İsmin halleri

1şahıs, tekil

2 şahıs, tekil

3 şahıs, tekil

1şahıs, çoğul

2 şahıs, çoğul

3 şahıs, çoğul

Yalın hal

ben

sen

o

biz

siz

onlar

Belirtme hali

beni

seni

onu

bizi

sizi

onları

Yönelme hali

bana

sana

ona

bize

size

onlara

Bulunma hali

bende

sende

onda

bizde

sizde

onlarda

Ayrılma hali

benden

senden

ondan

bizden

sizden

onlardan

.


Қысқаша сөздік
İsmin halleri — септіктер
şahıs (şahsı) — 1) кісі; 2) жақ (грамматика)
tekil — жекеше түр
çoğul — көпше түр
Türkçe konuşalım! Танысу, адамдармен араласу
Türkçe konuşalım! — Түрікше сөйлесейік!
Танысу, адамдармен араласу (Tanışmak, insanlarla iletişim kurmak)

Türkçe

Қазақша

Hoş geldiniz!

Қош келдіңіз!

Yalnız mısınız?

Жалғызсыз ба?

Benim adım Hasan

Менің есімім (атым) — Хасан

Sizin adınız ne?

Сіздің есіміңіз (атыңыз) кім?

Soyadınız ne?

Тегіңіз (фамилияңыз) кім?

Benim soyadım Ergüney

Менің фамилиям — Ергүней

Mumnun oldum

Танысқаныма қуаныштымын

Türk müsün?

Түріксің бе?

Hayır ben Türk değilim

Жоқ, мен түрік емеспін

Nereden geliyorsunuz?

Қайдан келесіз?

Nerelisiniz?

Қай жақтан боласыз?

Türkçe biliyor musunuz?

Түрікше білесіз бе?

Biraz biliyorum

Біраз білемін

Ne zamandan beri Türkçe öğreniyorsun?

Қай уақыттан (қашаннан) бері үйреніп жүрсің?

Yedi aydan beri

Жеті айдан бері

Türkçe öğrenmek istiyorum

Түрікше үйренгім келеді

Türkçem iyi değil. Yavaş konuşabilirmisiniz

Түрікшем жақсы емес. Жайырақ (асықпай) сөйлей аласыз ба?

Buraya oturabilir miyim?

Мұнда отыруыма бола ма?

Çalışıyormusunuz?

Жұмыс істейсіз бе?

Nerede çalisiyorsunuz?

Қайда жұмыс істейсіз?

Orada ne zamandan beri çalışıyorsunuz?

Ол жақта қашаннан бері жұмыс істейсіз?

Haftada kaç gün çalisiyorsunuz?

Аптасына қанша күн жұмыс істейсіз?

Telefon numaranız nedir?

Телефон номеріңіз қандай?

Seni ne zaman arayabilirim?

Саған қашан қоңырау шала аламын?

Affedersiniz

Кешіріңіз (қалыпты жағдайда сыпайылық белгісі ретінде)

Pardon

Ғафу етіңіз. Кешірім өтінемін.

Evet

Ия

Buyurun

Мінекейіңіз

Lütfen

Өтінемін. Өтініш

Түрік тіліндегі екпін (Vurgu)
Түрік тіліндегі екпін, әдетте, сөздің соңғы буынына түседі. Бірақ бұл ережеден тыс сөздер де бар. Ондай сөздердің соңғы буыны екпін түспейтін жалғау арқылы жасалады.
Екпіннің соңғы буынға түсуі: konut, sözlük, anne, durak …
Екпіннің алдыңғы буынға түсуі
Жер-суға қатысты жалқы атауларда екпін алғашқы буынға түседі. Мысалы: Avrupa, Almanya, Kayseri, Erzurum
! Бірақ соңы “-istan” деген жалғаумен аяқталатын ел-жер аттарында екпін соңғы буынға түседі. Мысалы: Kazakistan, Yunanistan, Türkistan, Hindistan.
Сабаққа қатысты қазақша түрікше сөздік
konut — тұрғылықты жер, мекен;
sözlük — сөздік;
durak — 1) аялдама; 2) үзіліс жасау;
Türkçe dil bilgisi. 4. ders: Çoğul Ekleri (Көптік жалғаулар)

Көптік жалғаулары дегеніміз жекеше түрде тұрған зат есімге жалғану арқылы оған көптік мағына беретін қосымша.


Түрік тілінде зат есімнің көпше түрлері -lar және -ler жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Қазақ тіліндегі секілді -дар (-дер), -тар (-тер) жалғаулары түрік тілінде жоқ. Қазақ тіліндегі көптік жалғауларының барлығының қызметін -lar және -ler жалғаулары атқарады.
Көптік жалғауы жалғанатын сөздің соңғы буыны жуан болса (a, ı, o, u), -lar жалғауы жалғанады, ал егер жіңішке болса (e, i, ö, ü), -ler жалғауы жалғанады.

Буын құраушы дауысты әріптер

Көптік жалғаулар | Çoğul Ekleri

Мысалдар | Örnekler

a, ı, o, u

-lar

arabalar, kadınlar, pilotlar, memurlar

e, i, ö, ü

-ler

resimler, evler, gözler, günler

.
Сабаққа қатысты сөздік
araba — машина, көлік;
kadın — әйел, қатын;
pilot — ұшқыш, пилот;
memur — қызметкер;
resim — сурет, кескін;
ev — үй, жай;
göz — көз;
gün — күн;
ek — жалғау;
Çokluk bildiren ekler — Көпше түрді (көптікті) білдіретін жалғаулар
Türkçe dil bilgisi. 3. ders: Ses uyumu (дыбыс үндестігі)
Сөздің құрамындағы әріптердің бір-біріне жуан-жіңішке, еріндік-езулік, қатаң-жұмсақ болуына байланысты тілдегі заңдылық негізінде үндесетіні бар. Түрік тілінде үндестік заңдарын үлкен екі топқа топтастырамыз: дауыстылар үндестігі (ünlü uyumu) және дауыссыздар үндестігі (ünsüz uyumu).
Бұның алдындағы сабақта дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып екіге бөлінетінін жазып едік. Kalın ünlüler – a, ı, o, u. İnce ünlüler – e, i, ö, ü.
Бұл жолы әріптердің (дыбыстардың) айтылуындағы заңдылықтарға байланысты ережелерді қарастырамыз.
Ünlü uyumu
Дауыстылар айтылуына байланысты еріндік және езілік (еріндік емес) болып екіге бөлінеді. Еріндік – yuvarlaklık, езулік – düzlük.
Yuvarlak ünlüler uyumu – o, ö, u, ü. Бұл әріптерді айтқанда ерін дөңгелектеніп алдыға қарай созылады.
Düz ünlüler uyumu – a, ı, e, i. Бұл әріптерді айтқанда езу екі жаққа қарай тартылады.
Ünsüz uyumu
Өз кезегінде дауыссыздар қатаң және үнді болып екіге бөлінеді. Қатаң дауыссыздар Tonsuz ünsüzler немесе Ötümsüz ünsüzler деп атлады, үнді дауыстылар Tonlu ünsüzler немесе Ötümlü ünsüzler.
Tonsuz ünsüzler uyumu – f, s, t, k, ç, ş, h, p. Есте сақтау оңай болу үшін мына тіркесті жаттап алыңыз: Fıstıkçı Şahap (Жержаңғақ сатушы Шахап). Мұнда барлық қатаң әріптер бар.
Tonlu ünsüzler uyumu – b, c, d, g, ğ, j, l, m, n, r, v, y, z. Есте сақтау өте оңай. Fıstıkçı Şahap-та жоқ барлық дауыссыздар үнді дауыссыздарға жатады.
ЕРЕЖЕЛЕР
Ünlü uyumu
Büyük ünlü uyumu: Егер алдыңғы буындағы дауысты әріп жуан болса, онда одан кейінгі буындағы дауысты әріп те жуан болуы тиіс. Мысалы: soğan, bıcak.
Егер алдыңғы буындағы дауысты әріп жіңішке болса, онда одан кейінгі буындағы дауысты әріп те жіңішке болуы тиіс. Мысалы: güzel, güneş, peynir.
Küçük ünlü uyumu: Егер сөздегі соңғы буында еріндік дауысты болса, ол сөзге жалғанатын қосымша (жалғаулар) да еріндік болады. Мысалы: anlaşmak, yanaşmak, kayıkçı.
Сол сияқты, соңғы буында езулік дауыссыз болса, жалғанатын қосымша да езулік болуы тиіс. Мысалы: yelek, bilek, çilek . Бірақ мына сөздер бұл ережеге бағынбайды: mümin-lik, müzik-çi, yağmur-luk, mü-min, mü-zik, pro-fe-sör, ra-dyo, va-kur.
Ünsüz uyumu
Егер сөздің соңғы әрібір қатаң дауыссызға (f, s, t, k, ç, ş, h, p) аяқталса, онда оған жалғанатын жалғаулар c, g және d әріптерінен басталмайды. Бұл әріптер үндестік заңдылығы бойынша ç, k және t әріптері айналады. Мысалы: ağaç+da = ağaçta sınıf+da = sınıfta, ipek+ci = ipekçi, seç+gin = seçkin.
Негізі түрік тіліндегі түбір сөздер b, c, d, g әріптеріне аяқталмайды. Бірақ p, ç, t, k әріптеріне аяқталатын сөздер бар. p, ç, t, k әріптеріне аяқталған сөзге дауысты әріптен басталатын жалғау жалғанғанда b, c, d, ğ әріптеріне айналады. Мысалы: kitap+ı = kitabı, kılıç+ı = kılıcı. Бірақ бұл ережеге бағынбайтын да сөздер бар. Олар бір буыннан немесе жалқы есімдерден тұрады. Мысалы: ipi, Ahmetim, topu, milleti.

Түрік тілін үйрену. Түрік тілі грамматикасы: Буындар
Буын дегеніміз ауыздың бір қалыпта әрекет етіп шығарған дыбысы мен дыбыстар жиыны.
Түрік тіліндегі ең қысқа буын — бір әріпті, ең ұзын буын — төрт әріпті.
Дауыстығы бітетін буын — ашық буын (açık hece), дауыссызға бітетін буын — жабық буын (kapalı hece).
Сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады (мысалы: badana = ba – da – na, sabah = sa – bah).
Түрік тілінде буынның алты түрі бар:

  1. Бір ғана дауысты дыбыстан жасалған буындар: -a, -ı, -o, -u, -e, -i, -ö, -ü ;

  2. Бір дауысты және бір дауыссыз дыбыстан жасалатын буындар: -al, -at, -ak, -ay, … ;

  3. Бір дауыссыз және бір дауысты дыбыстан жасалатын буындар: -ce, -le, -me, -ba, -ka, … ;

  4. Бір дауыссыз, бір дауысты және бір дауыссыздан жасалатын буындар: -bel, -bol, -kal, -gel, -bal, -kal, -sal, -ses, … ;

  5. Бір дауысты және екі дауыссыздан жасалатын буындар: -est, -ast, -üst, -ört, -alt, – ırk, … ;

  6. Бір дауыссыз, бір дауысты және екі дауыссыздан жасалған буындар: Türk, -kurt, -yurt, -dört, -dert, -sert, -kurt, -türk, -mert, … .

Негізі, буындардың барлығы бірдей жалғыз тұрғанда қандай да бір мағынаға ие бола бермейді. Олардың кейбірі ғана буын ретінде тұрып-ақ мағынаға ие болады. Мысалы: bal (бал), bel (бел), kol (қол), dal (бұтақ), çal (тастау, лақтыру), hal (жағдай, қалып), Türk (түрік), kürk (тері (мех)), …

Сабаққа қатысты сөздер мен сөйлемдердің аудармасы
ve — және; var — бар; harf — әріп, қаріп; iki — екі;
altı — алты; çeşit — түр; ses — дыбыс;
sesli harf — дауысты әріп; sesli — дауысты; sessiz — дауыссыз
gelen (gelmek) — келген (келу); meydana gelmek — пайда болу, шығу, жасалу;
Türkçe’de altı çeşit hece vardır — Түрікшеде алты түрлі буын бар;
Bir tek sesli harften oluşan heceler — Бір ғана дауысты дыбыстан болатын буындар;
Bir sessiz, bir sesli harften meydana gelen heceler — Бір дауысты және бір дауыссыз дыбыстан жасалатын буындар;
Bir sesli, bir sessiz harften oluşan heceler — Бір дауыссыз және бір дауысты дыбыстан жасалатын буындар;
Bir sessiz, bir sesli ve bir sessiz harften meydana gelen heceler — Бір дауыссыз, бір дауысты және бір дауыссыздан жасалатын буындар;
Bir sesli ve iki sessiz harften meydana gelen heceler — Бір дауысты және екі дауыссыздан жасалатын буындар;
Bir sessiz, bir sesli ve iki sessiz harften meydana gelen heceler — Бір дауыссыз, бір дауысты және екі дауыссыздан жасалған буындар.
Türkçe konuşalım! (Selamlaşma, hal hatır sormak, vedalaşma)
Türkçe konuşalım! — Түрікше сөйлесейік!
Сәлемдесу, амандасу және қайырласу (қоштасу)
Түрік тіліндегі Selam сөзінің қазақшасы — сәлем. Ал Selamlaşma дегеніміз “Сәлемдесу” болады. Әдетте, адамдар тіл үйренгенде (сөйлеп үйренуге арналған сабақтарды бастағанда) сәлемдесу сөздерін үйренуден бастайды. “Сәлемдесу — сөз басы” деген мақал бекер айтылмаған.
Төменде түрік тілінде қолданылатын сәлемдесу, амандық-саулық сұрасу (hal hatır sormak) сөздері мен қоштасар кезде (vedalaşma - қоштасу) қолданылатын сөз тіркестері келтірілген. Екінші бағанада қазақша аудармасы жызылған.

Türkçe

Қазақша

Selamun aleyküm!

Ас сәләму әлейкум!

(U)aleyküm selam!

Уа алейкум сәләм!

Selam!

Сәлем!

Merhaba!*

Сәлем!

Günaydın!

Қайырлы таң!

İyi günler!

Қайырлы күн!

İyi akşamlar!

Қайырлы кеш!

İyi geceler!

Қайырлы түн!

Nasılsınız?

Қалыңыз қалай?, Қалайсыз?

Nasıl gidiyor?

Қалыңыз қалай? Жағдайыңыз қалай?

İyimisiniz?

Жақсысыз ба?

İyiyim, sağ olun.

Жақсымын, рақмет.

Hamdolsun

Шүкіршілік

Çok iyiyim, sağ olun

Керемет (өте жақсымын), рақмет.

İyilik, sağlık

Бақуат, аманшылық

Fena değil

Жаман емес

Şöyle, böyle

Олай-былай, болады

Ne var, ne yok?

Не жаңалық?

Ne haber? Ne oldu?

Қандай хабар бар? Не болды?

Herşey yolunda mı?

Барлығы орнында ма (дұрыс па)?

Hoşça kalın

Кездескенше

Güle güle

Сау болыңыз, кездескенше

Sonra görüşürüz

Кейінірек кездесеміз

Yakında görüşürüz

Жақын арада көрісеміз

Benden selam söyleyin!

Менен сәлем айтыңыз!

* Merhaba сөзіндегі h әрпі көп жағдайларда оқылмайды. Айтылуы «Мераба» болады.

.Түрік халқында сәлемдесудің түр-түрі бар. Мысалы, қолмен, сөзбен, баспен және көзбен сәлем беру. Үлкен, құрметті кісілерге сәлем бергенде жастар олардың қолын сүйеді. Жақын бауырлар немесе өте жақын достар (таныс адамдар) сәлемдескенде, көбіне, қол алысып, бастарын оң жақпен бір, сол жақпен бір соғыстырады.
Ұзақ арақашықтықтағы екі адам дауыстап сәлемдеседі. Егер дауыстап сәлем беру ыңғайсыз болса көзбен де сәлемдесе береді.
Түріктер мұсылман халқы болғандықтан ер адамдар бір-бірімен қол алысып, Selamun aleyküm деп айтады. Кей адамдар одан басқа да діни емес сәлемдесу сөздерін қолданады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет