Ынталандыру, сезімді ояту
Ұйымдастыру
шылық-ізденушілік
|
Балалар қараңдаршы мына жердің бәрінде жапырақтар жатыр ғой.
- Жапырақтары көп қай жер екенін білесіңдер ме?
- Дұрыс, балалар. Орманда жалғыз жүруге бола ма?
- Естідіңдер ме? , біреу өлең айтып келе жатқан сияқты.
- Балалар бізге әндетіп келе жатқан кім екен?
- Сендер " Бауырсақ" ертегісін білесіңдер ме?
- Бауырсақ сен орманда жалғыз өзің не істеп жүрсің?
-Мен сендерге тапсырмалар әкелдім.
- Ол қандай тапсырма , қане маған берші көрейін?
1- тапсырма :
- Орман жануарларын атаңдар?
- Дұрыс,міне осы жануарлар орман жануарлары деп аталады. Олар өте қауіпті болады. Орман жануарларының қасына жалғыз баруға болмайды.
2- тапсырма:
- Балалар,екінші тапсырма ол сурет арқылы екен.Мен сендерге суреттегі жануарларды сипаттап айтамын сендер жауабын тауып, қандай жануар екенін айтып беріңдер?
- Ал, ендеше мұқият тыңдаңдар.
Бірінші суреттегі жануар ол өте улкен, бал жегенді жақсы көреді, түсі қоңыр, ол қандай жануар деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, таптыңдар балалар .
- Екінші суреттегі жануар, ол қу болады, түсі қызғылт сары, бойы аласа болады?
- Үшінші суреттегі жануар, ол өзі жылдам жүгіреді, аласа бойлы, қыста ақ түсті, жазда қара түсті болады, сәбізді жақсы көреді? ол қандай жануар екен?
- Төртінші суреттегі жануар, өте сақ жануар, түсі сұр, итке ұқсайды, ет жегенді жақсы көреді қандай жануар деп ойлайсыңдар?
- Жарайсыңдар балалар, дұрыс таптыңдар.
- Балалар , сендер шаршаған шығарсыңдар, қане бәріміз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті.
Кі-кі-кі бұлғандайды түлкі,
Ян-ян-ян секіреді қоян.
Ю-ю-ю қорбаңдайды аю,
Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр.
- Рахмет, балалар орындарыңа отырыңдар.
- Балалар, тағы қандай орман жануарларын білесіңдер?
- Ендеше бәріміз бір ойын ойнайық.
|
- Орман. Ол жерде жапырақтар көп болады.
- Жоқ, болмайды.
Бәрі құлақтарын тосады.
Бұл Бауырсақ қой.
Балалар, бауырсақпен амандасады.
-Иә, білеміз.
Қасқыр, аю, түлкі, қоян.
- Мұқият тыңдап отырады.
- Ол Аю.
Бұл жануар түлкі.
- Ол қоян.
- Қасқыр.
Сергіту сәтін іс-қимылмен жасайды.
Жолбарыс, арыстан.
|