Ұйымдастыру-ізденушілік
|
Біраз жүріп, орманға келіп тоқтайды.
-Бұл орман балалар. Машинадан түсейік, жануарларды қорқытып алмау үшін, ақырын сөйлейік. Мына әдемі жасыл алаңға отырып, табиғаттың әсемдігін тамашалайық./үнтаспа қосылады/
-Мынау не балалар?
-Шыршаның түсі қандай?
-Қанша шырша көріп тұрсыңдар?
-Шыршаның астында қанша жаңғақ жатыр?
-Ал мына шыршаның көлемі қандай?
-Қараңдаршы балалар мына жерде біреу тығылып отырған сияқты.
-Бұл не балалар?
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені ұйқыдан оятып жібердіңдер ғой, қайдан келе жатырсыңдар?
Аюдың қолғабы жерге түсіп қалады. Бір бала көтеріп, береді. Аюдың денесі су болып тұрады.
-Балалар аюдың үсті неге су? Балалардың жауаптарын триз арқылы талдау. Ал аюдың үсті кебу үшін, бір жаттығу көрсетейік.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
- Жарайсыңдар балалар. Сау бол аю, келесі рет абайлап жүр, ал біз саяхатымызды жалағастырайық.
(Ағып жатқан су кездеседі)
-Балалар судан калай өтеміз ?
-Ағып жатқан су жіңішке, кішірек біз одан секіріп, аттап өттік
-Қандай өзен алдымызда жатыр?
-Дұрыс үлкен, ал үлкен өзеннен қалай өтеміз, балалар?
-Дұрыс ,балалар өзеннен қайықпен , көпірмен өтеді.Қайық жок , көпір жасайык.
-Үлкен өзеннен көпір үстімен , тепе - теңдікті сақтап , суға түсіп кетпей өтеміз.
-Қараңдаршы балалар, шөптің ішінде біреу бар,ол не екен?
Мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Киімі бар инеден,
Тиіскенді түйреген
-Дұрыс бұл кірпі, ол шуды естіп тікенге айланып домаланақалыпты
-Сәлеметсіңбе, кірпі! Сен бізден корықпа. Біз орманға саяхаттап келдік , сен бізге жол көрсетіп жібермейсіңба?Біз енді орманнан шығу үшін, қалай жүруіміз керек?
-Мен сендерге үш шумақ жіп берейін , ең қысқасы қасқырдың үйіне апарады,одан ұзындауы қоянның үйіне жеткізеді, ең ұзын шумақтағы жіп , дәл сендердің машиналарыңныңқасына жеткізеді
-Рахмет саған кірпі, бізге жол көрсеткеніңе. Мынау саған сыйлық балалардан(себеттегі саңырау құлақтарды береді)
Сау бол!
Дидактикалық ойын:
(шумақ жіптерді алып салыстыру )
-Шумақтар қандай пішінді?
-Түсі қандай ?
-Қысқа жіптің түсі қандай?
-Ұзындау шумақтағы жіптің түсі қандай?
-Ұзын жіптің түсі қандай?
-Жақсы , ең ұзын жасыл түсті жіп бізді машинаның қасына жеткізді.
|
Балалар мұқият тыңдайды, қарастырады, музыканы тыңдайды.
-Шырша
-Жасыл
-Біреу
-Көп
-Кішкентай
Балалар қызыға қарайды.
-Аю
Сұраққа жауап береді.
Аңсар көтеріп береді де, денесі су екенін байқайды.
Жауаптарын айтады.
Мәтінді айта отырып,
қимыл-қозғалыс көсрсетеді.
Балалар мұқият тыңдап, суды қарастырады
-Секіріп ,аттап өтеміз,-деп, өтеді
Өзенді қарастырып, ойланып жауап береді.
-Үлкен
-Қайықпен
Текшелерді тізіп көпір құрастырады.
Көпірдің үстімен өтеді
Мұқият тыңдайды
-Кірпі
Сәлемдеседі, қызыға қарайды
Мұқият тыңдайды, қарастырады
Балалар рахметтерін айтады.
Шумақ жіптерді алып , салыстырады,
Сурақтарға жауап береді, дурыс шешім қабылдауға тырысады
Балалалар жіпті қарастырады.
|