Триз технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі



бет37/79
Дата04.01.2022
өлшемі3,48 Mb.
#10542
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
Ұйымдастыру.

Ізденістер

Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане (есік қағып қоян кіреді) қарсы алайық. Жылы қабақ танытайық

- Қоян сізге не болды?

- Мен балаларыма дүкеннен сыйлықтар алып келе жатыр едім, шалынып құлап қалдым.

- Балалар, қоянға қалай көмектесеміз?

- Қоянды кім емдеп жазады?

Дұрыс айтасыңдар балалар.

Ендеше біз дәрігерді шақырайық.

- Сәлеметсіздерме мені шақырдыңыздарма.

Иә біздің қоянымыз шалынып қалды жарақатын танып бересізбе?

Иә танып берейін.

Дәрігерге алғыс айту.

- Балалар қоянның сіздерге алып келген тапсырмасы бар.Қоянның көңіл күйі жақсы болу үшін, тапсырмасын орындайық.

- Ал, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ал мына жұмбақтардың шешуін табыңдаршы.

1. Алып жатқан жан – жақты,

Үйлерді кім тұрғызды.

2. Өскен шашты жаратпайтын

Қайшысы бар жалаңдайтын.

- Жарайсыңдар балалар жұмбақтарды өте жақсы шештіңдер.

- Балалар қандай жұмбақтар шештіңдер

Бұл сөздер нені білдіреді?

- Әрине мамандықтар туралы. Себебі біздер бүгінгі сабағымыз мамандықтар туралы.

Енді орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Ғарышкер зымыранмен

Зу-зу-зу ұшады,

Оңға қарай ұшады,

Солға қарай ұшады.

Алақанды жаямыз,

Зымыранды қондырамыз,

Уф-уф деп зымыранды ұшырамыз.

Балалар енді суретке назар аударайықшы, қазір сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлем құрастырайық.

Мысалы – дәрігер маманы кім?

Аспазшы маманы кім?

Құрылысшы маманы кім?

Мұғалім маманы кім?

Мұғалім ол қанадай мамандық.

Шаштараз маманы кім?

Біз ойнаймыз, ойнаймыз

Кім болуды қалаймыз.

Олай болса кім аспазшы болғысы келеді?

Олай болса кім мұғалім болғысы келеді?

Олай болса кім сатушы болғысы келеді?

Олай болса кім шаштараз болғысы келеді?

Кім дәрігер болғысы келеді?

Олай болса кім құрылысшы болғысы келеді?

- Тәрбиеші балалардан әр мамандықтың іс- қимылын әңгімелеп сұрайды.

- Балалар сатушы не істеп жатыр?

Балалар біздің ортамызға дәрігер келді. Қоянды дәрігер емдеді.

Д/о: «Дәрігер Айболит»

Шарты: Балаларды рөлдерге бөліп ойнауға дағдыландыру.

Дәрігер:


Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Ауруларды емдейтін

Мен дәрігер боламын.

Шаштараз:

Сән үлгісін қиятын

Шаштараз болам жолыңа

Түрлі – түрлі шаш қиып

Қызмет етем халқыма.

Сатушы:


Жақсы оқып сабақты

Мақсатым бұл ұраным

Үлкен болып өскенде

Сатушы боп тұрамын.

Май:

Елге қызмет етемін



Шаршамаймын мен бірақ

Күні – түні май боп

Ұйықтамаймын мен бірақ.

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым

Саздан сарай саламын

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

Мұғалім:

Мұғалім, аспазшы

Жақсы оқып сабақты

Білім алып толамын

Бөбектерді оқытар

Мен мұғалім боламын

Аспазшы:

Дәмді тамақ пісіріп

Өнерлі бала боламын

Халқым сүйген ардақты

Мен аспазшы боламын.

- Балалар қоянды емдеп жаздық.

- Олай болса сен бізге қонақ бол.

- Жарайсыңдар балалар, енді бәріміз тақтадағы суретке қарайық.

Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Ол үшін бәріміз тақтадағы ойынның шартымен танысып өтейік.

Шарты: тақтадағы суреттерге қараймыз, қай сурет мамандыққа керек. Соны тез тауып айтамыз.

- Балалар қоянда қызығып сендермен ойнағысы келіп тұр.

- Бірге ойнайсыңдар ма?

- Ендеше «Сен өскенде кім болғың келеді?» ойының ойнайық.

- Шарты: Қоян доп лақтыру арқылы әр бала өз ойын айтады.

- Балалар мен көжектеріме барайын. Сендер жол ережесін үйреттіңдер және дәрігерлік көмек көрсеттіңдер. Ал енді мен сыйлықтарыммен бөлісейін. (алма тарату) Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар балалар.


Жылы қабақ танытайық. (Жылы сөз айту)

Иә

Дәрігер емдиді.



иә

Қоянға көмектеседі.

(Құрылысшы)

(шаштараз)

(құрылысшы, шаштараз).

Ол кішкентай балалармен үлкендерді емдейді.

көп қабатты, зәулім үйлер салады.

– дәмді ас пісірумен айналысады.

– оқу мен жазуды, білім беретін апай.

– елдің тыныштығын қорғайтын маман.

– түліктер сататын адам.

– түрлі шаш сәндейтін адам.

(ол азық - түлік сатып жатыр)

Балалар ертегіні сахналайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет