Жауап: мұны емеуірінді аян түс дейді. Түсті өзің қалағандай жорыды лһдеп есепте.
Сұрақ: Анахарсис - Шығыс Иран тілінде сөйлеген Сақ тайпаларынан шыққан ғұлама философ. Ол грекияға барып "көшпенділер философы" деген мәртебе алған. Гректер оның ғұламалығы мен даналығына таңырқаған. Қазір Анахарсис айтыпты деген нақыл сөздер көп сақталған. Анахарсис еліне қайтқанда Гректердің көп дінділік дәстүрін қабылдап оралған, сондықтан оны Пұтқа (аға қуыршақ құдайға) табынып жатқан жерінен ұстап алып, Сақтардың көсемі ту сыртынан атып өлтірген. Сақтар бір Жаратушыға сыйынатын Тәңіршіл халық болған. Сақтарды қазір Турандықтар (яғни Тәңіршілдер деген сөз) деп атайтынымыз сондықтан.
Сіздің түсіңіз біздің даламызда бір кезде болған Іш Оғыздар мен Тыс Оғыздар деп аталған халықтардың алапат шайқасына ұқсайды екен.
Жауап: Иран тілі деген тіл жоқ. Сақтар парсы тілінде сөйлемеген. Ирандықтьардың өздері де сақтарды: Көне түркі тілінде сөйлген деп есептейді. Бұл еуропашылдық өктемдіктің ықпалы. «дулыға» атты кітаты оқып шықсаңыз, біраз мағлұмат алатыныңызға сенмін.
#
Сұрақ: Үш тұғырлы тіл саясатына қалай қарайсыз? Неге біз әлемдегі басқа елдер сияқты орыстармен халықаралық ағылшын тілінде ұғыса бермейміз? Қазақты орыстандыру саясаты қашан тоқтатылады деп ойлайсыз? Қазақ атқа мінбей, қазіргі орыс тілді билік Анатілімізді Ақорданың төріне шығаруы мүмкін бе? Аса үлкен құрметпен Өзбек ініңіз
Жауап: Өзбегім-ау, Өзбегім, Қандай мақсат көздедің? Ұлы бір слкініс болмай, ол жүзеге асырылмайды. Келер ауысымда: 2050 деген ұран тасталмасына кімнің көзі жетіпті?
Сұрақ: Алашты тануымыз-өзімізді тануымыз. Сондықтан сіздің әрбір зерттеу еңбектеріңізден рух алып, тарихи таным көкжиегін кеңейтіп отырған әрбір жастың атынан рахмет айтамын.Еңбектеріңізді қолымызға түсіре алмаймыз.Таралымы көп болса және еліміздің өңір-өңірлеріне таралса. Семейден Меруерт қарындасыңыз.
Жауап: Тілегіңе рахмет айналайын. Таяу арада «Ұраным – Алаштың» екінші кітабі осы «Абай» арқылы кең қауымға ұсынылмақ. Соған да шүкір. Бұрын интернетті менсінбеуші едім, мұның да бір «жоқтан жақсы» дегізетін кезі бар екен.
#
Сұрақ: Тұрсын мырза, байқайсыз ба, жұртшылық Сізге өздерін толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарын қойып отыр. Мұндай сұрақтарды, мәселен, Мырзатайға, Айтовқа,тіпті қазір Мұртазаға да қоймайды.Сізге үлкен сенім артып отыр.Осыдан біраз бұрын жұртшылық Д. Исабековқа да сенетіндей еді,бірақ, не ғажабы бар екенін ешкім түсінбейді, президентпен кездескеннен кейін ол кісі басқаша сайрай бастады, "әдемі" сөйлейтін болды.Тіпті,"Президентке дауыс береміз!" деген үндеуін көшелерге іліп қойды. Тұрс-еке, Сіздің азаматтық тұғырыңыз болаттай берік деп ойлаймыз. Сізге өтініш: анау Қытайдағы қандастарымызға виза алуға қалай көмектесе аласыз(өзім жергілікті қазақпын). 10 мың адам кезекте тұр, дейді. Масқара емес пе.Сыртқы істер министрлігі не қарап отыр. Мүмкін, осы мәселе бойынша Президентке кіруді ойластырарсыз.Көп сөзден гөрі кейде нақтылы бір іс пайдалырақ болады ғой.
Жауап: Тілегіңізге рахмет. Қазір Президент емес, жай бөлім бастығының өзі бізді менсіне қоймайды. Алайда ол мәседен Елбасы толық хабардар, таяуда өтетін Қазақ қауымдастығының құрылтайында күн тәртібіне қойылады – деп сенемін.
#
Сұрақ: 1.Бізде жастарымызды тәрбиелейтін идеология жоқ деп аһ ұрып, күлтөбеде күнде жиналыс ашып жатамыз. Қалай ойлайсыз, жастарымызға Абай, Алаш арыстарының өмірі, өнегесі соның өзі нағыз идеология емес пе?
2.Қайтсек жалған ғылым, өз ұлтын,тілін сыйламайтын кадр шығаратын білім жүйесінен арыламыз?
3. Билік командасына ұлтын сүйетін азаматтардың келуі қазір мүмкін нарсе ме? Қазақ қызы
Жауап: Биліктің арасында ұлты үшін күйініп отырған нағыз азаматтар көп. Ықтай жүріп іс бітіріп отыр. Әйтпесе, олар болмаса, осы күнімізге зар болып қалар едік. Оған тәубе. Мәселе сол биліктің тегершігінде. Бұл мәселе, Елбасының таяу арадағы Президенттік жобасынан анық байқалады. Соған қарап тиісті шешім шығарып, ертеңгі күнді батыл ойластырып, ұйымшыл, ұтымды, даурығусыз, бірақ пәрменді шараға қарай жұмылуымыз керек шығар. Елдің де, ердің де сыналатын шағымды тұсы – сол кез.
Сұрақ: Қазақтың қалталы жігіттері сіздің кітаптарыңызды 300-400 таралыммен шығаруды қолға алса қазақ өзін-өзі тезірек таныр еді. Сөйтіп көзі тезірек ашылар еді. Соның әрекетін неге жасамайсыз? Әлде қазақ қалталыларының бәрі Қарабай деп ойлайсыз ба?