Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей



бет15/15
Дата05.11.2016
өлшемі0,98 Mb.
#568
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15








  • Жауап: Бұл өзі: «Айта, айта Алтайды, әншә апай қартайды» – дегеннің кері. Сол айтыстың ішінде қырық жыл жүріппін. Кейде сағынамын да. Ал мүшелік жағына келсек, оны «стратегиялық жүріс» деп бағалап жүр ғой.

  • Ал, Талғат мырзаға келетін болсақ, кезінде кепілдік бергеннің бірі едім. Сондықтан да әлгі «тентектігін» басбұзарлық деп қабылдап, маған берілген барлық құқықты пайдаланып, ит көйлегін қайта кигізіп, қайта шешкізгенім бар. Есті есер емес пе. Ең бастысы – одақ шығарма жазып бермейді. Ал Талғатқа одан басқа не керек өзі. Даудан алыс, дамайдан тыныш жүруі үшін сол да жақсы болды. Енді ештеңе жаза алмаса, не жазбаса, бірінші болып, барлық құқығымды пайдалана отырып, өзім табалайтын боламын. Келінім мен балаларымды тарықтырмаса болды. Әуелі соны қаперіне алып жүрген Талғатың жоқ. Рахмет-ау, ебін тауып бір ұрсып алдым. Сол үшін де саған рахмет.

Сұрақ: Тұрсын, Шерхан Мұртазаның романында Тұрар Рысқұловтың Кремльдегі бір мәжіліске сәл кешігіп келіп, президиумға көтеріле бергенінде Сталин: "Азияның шонжары кешікті", деп әзілдегенде Рысқұлов: "Грузин князі кешікпесе бопты да" депті деген бар екен. Шымкентте оқырмандармен кездесу өткізген Мұртазаға сондағы ақсақалдардың бірі: Ол сөзді Тұрар Рысқұлов емес, Смағұл Сәдуақасов айтқан, неге бұрмаладың? дегенде Шерхан үндемей құтылған көрінеді. Осы туралы мағлұматыңыз бар ма? Болса, батыл айтыңыз. Сіздің естігеніңіз сөзсіз, тек айта алсаңыз.







  • Жауап: Бұл сөздің орын алғаны тарихи шындық. Тек оны Рысқұлов та, Сәдуақасов та емес, Сұлтанбек Қожанов айтқан. Ал көркем шығармаға тән көркем шындыққа сай, заманы, реті, қисыны келіп тұрғандықтан да, Тұрардың атынан пайдалануы, әдебиет заңы бойынша, заңды болып есептеледі. Егерде, деректі шығарма ретінде жазылса, онда кемшілік.

  • Демек, бәрі орынында.

"Ұлы жүзде билік бар,


Кіші жүзде байлық бар,
Орта жүзде айлық бар" - деп айтыпты бір ағамыз.

  1. Үш жолдан тұратын осы шумақ Сіздің намысыңызды қайрамай ма?
    2. Қазақтың қасіреті не деп ойлайсыз?
    3. Билік пен байлық ауылымен құдандалығыңыз бар ма?

Жауап: 1. Бұл әзіл-қалжыңы аралас, халық ауыз әдебиетінің дәстүрінде айтылғандықтан да, намыстанатын ештеңе жоқ. Тұрақты, қомақты айлығыңның өзі сусымалы байлығыңнан, аумалы-төкпелі билігіңнен көрі, сенімді емес пе. Ал, астары онсыз да түсінікті. Жаттап алатын екен. Берішбаев пен Омашевқа айтып, салық салатын.

  1. Көп қой. Ең бастысы жердің сатылып кеткені. Жер болса, тілді де, ділді де, дінді де түзеп алар едік қой. Бәрі сатылып кетіп, бір күні репотриант болып отырмайық.

  2. Құданы мен таңдайтын жастан кеттім. Менің ең бай құдам – жазушы Құрманғазы Мұстафин. «Көк аспан, қара жер» деген несиеге шығарып, ақыры тоқтап қалған газеттің иесі. Құдағиым Шолпанның «Ақ босаға» атты газеті бар. Жыл аяғында несиесін өтесе, бар қазақтың әйелдерінің сусынын қандырса, одан асқан бай құдағи бола ма. Екінші құдам ауылда. Жүгері егеді. Тракторы бар. Өзімнің директор деген атым, 62 мың айлығым бар. Айтты, айтпады, «айлықтың» иесіміз. Алла соның берекесін берсін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет