Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей



бет7/15
Дата05.11.2016
өлшемі0,98 Mb.
#568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15








  • Жауап: Тусам да, тумасам да, Менің – Брежневте, Брежневтің – менде не құны бар еді? Сұрақта – мән, құмарлықта парық деген болмай ма екен осы.

  • Сонда не сұрауым керек еді? Бұрын да, қазір де ондай қажеттілік туған жоқ.

  • Менің әкем мен шешемнің көрпесінің арасына кіріп, шығып жүрген бұл кім болды екен?

Сұрақ:Сіздің көзіңізбен қарағанда Н. Айтұлы қандай ақын? Оның арғы беттен келген елге тигізген себі бар ма? Қайссың ұлтшылырақсың?





  • Жауап: Қазақтың маңдайына бұйырған ақын. Оның әр шумағы «елім, ерім» деп еңіреп тұрады. Ал мен ұлт тағдыры туралы жазғаныммен, «ұлтым» деген сөзді қолданбасам керек. Сондықтан менен көрі ол нағыз барып тұрған ұлтшылдың өзі.

  • #

Сұрақ:Тұрсын аға, Яссауидың атын жамылып ата-бабаларымыздан қалған асыл жол сопылықты былғап жүрген зікірші-исматуллашыларға деген көзқарасыңыз қандай?Сіздің ойыңызша Орталық Азияда болған Яссауи жолымен,қазіргі бар Нақышбанди жолын, екеуі де қожа,бөліп қарауға бола ма?Осы таласты қолдан тудырып жүрген исматуллашыларға не айтасыз?Бұл мұсылманның, қазақтың арасына іріткі салу деп ойламайсыз ба?Неге Абайда,Шәкәрім де,Алаш ардақтылары да бәрін тастаңдар тек Яссауидың жолымен жүріңдер демеген? Неге оларда Яссауи туралы бір ауыз сөз жоқ? Имам Ағзам мазһабының өкілі,сопылықты құрметтеуші ініңіз-Алашбай.








  • Жауап: Алашбай інім! Иассауидің ұстанған тарихаты мен Нақшбандия тарихатының арасында рәсімдік болмаса, танымдық айырашылық бар деп айтуға, білімім жетпейді. Иассауи де зікірді жоққа шығармаса керек. Қателессем, алла кешірсін. Дегенмен де, Абайдың «Отыз сегізінші» сөзін байыппен оқып шықшы. Сонда софлықтың жолы туралы ойлы пікір болса керек. Ал, Шәкәрімнің тарихаты – «Ар ілімінің тарихаты». Рухани, ағзалық тазалық пен ар тазалығы. Ардың өзін иман деп білсе керек.

Сұрақ: Бұл кіснің ғұмыр түйнін беру керек еді.Бреу білед, бреу блмейд. Тұрсыеке, өзіңіз туралы қысқаша айтып өтсеңіз, еңбектеріңз хақнда





  • Жауап: «Алпысқа келген жасымыз бар, ағарған сақал, шашымыз бар». Ұстанымым Аманат, аманатқа қылма қиянат.

  • Байлығым – бас еркіндігім, еркін ойым.

  • Жұбанышым – үрім, бұтағым.

  • Ұнататын сөзім – Болмасын, Деген оңбасын.

  • Жеккөретінім – сауатты надандар мен екіжүзділер, яғни, өзінің табиғи мінезінен айырылып қалғандар.

  • Ұнататын мінезім – қойдан қоңыр, жусаннан аласа болу, барынша қарапайым, елеусіз боп жүрсем – соғұрлым өзімді емін еркін сезінемін.

  • Кемшілігім толып жатыр, соның ішінде өзіме ұнамайтыны – ақылымның мінезіме симағандығы.

  • Біреуді жұмсағанша, өзім істей салғым келіп тұрады.

  • Адал адамдардан қорқамын. Байқаусызда көңіліне сызат түсіріп алуым мүмкін ғой.

  • Тілегім – жұрт та тыныш, мен де тыныш, аман жүрсек екен.

  • Арманым... Е, оған кім жеткен? Ессіз ғашық болғым келеді.

  • Жә, «Өлең шіркін өсекші...» – деген Абай атам.

Сұрақ:Тәуелсіз тарихшлар қаумдастығын құруға неге крспейсіздер?

Жауап: Мен тарихшы емеспін ғой. Ондай қауымдастық бар да болуы мүмкін.









Сұрақ: Жә, Тұрсын аға, ҚазҰУ-дің журналистика факультетіне кездесуге шақырсақ, келесіз бе?







  • Жауап: Өзінің білім отауын сағынбайтын шәкірт бола ма? Өзім де соны ойлап қоямын. Намазәлі барда бәрі де қолда сияқты еді. Қазір мені білетін студент те аз шығар.

Сұрақ: Айналайын-ау, Абай кім, Яссауи уім? Ясауидың тұсында қазақ деген ұлт болмаған әлі. Ясауи тек қазақтың емес, бүкіл түркінің пірі, ақыны, атасы, әулиесі. Абай қазақтың бірінші ақыны, хакімі ғана. Солай емес пе, Тұрсеке!








  • Жауап: Ал Абай бүкіл адамзатқа ортақ дана. Егер осылай салыстырсақ, онда сиынатын әулие де, пір де қалмайды. Әр тұлғаны тарихаты мен мағрифатына қарай, өзіңнің талғамыңа қарай өз жүрегіңнен орын берген дұрыс-ау деймін.

Басты сұрақ: Смағул Сәдуақасулының майіт кулі жерленетін болды ма? Не хабарыңыз бар?





  • Жауап: Диханның айтуынша: мамырдың 31 күніне жоспарланып отыр. Күлі нақты қай зиратқа қойылатыны әзірше белгісіз.

  • #

Сұрақ: Тұрсеке,қазіргі қазақты қалай біріктіруге болады.Дініміз быт-шыт,әртүрлі ағымдар.Рушылдық дерті.Алаштың ардақтыларын да бөліп қарайтындар бар.Зиялы қауым дегеніміз өлі. Секталардың жетегіндегі ақын-жазушылар, ғалымдар.Не істеу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет