Жауап: Мен алаш идеясын насихаттау үшін неге де болса дайынмын. Хомейнидің: «Ғылымды игеру үшін шайтанмен де тіл табысар едім» – деген сөзін мұражайында өз көзіммен оқыдым. Ал таяуда бір әйел: «Алаш және келісімпаздық идеясы» деген тақырыпта кино түсіруге мол қражы бөлінді. Кеңес беріңіз» – дегенде қатты ыза болдым. Бұл насиха емес, жалған ғылым, бір, алашқа жасалған қиянат. Шындықты өткізу үшін өтірік айтатын заман өтті. Енді алашты таза ұстауымыз керек.
1. "Ұлы Отан соғысы" деген ұғымды - "Екінші дүниежүзілік соғысы" десек қалай болады? Себебі Россия біз үшін Ұлы емес қой! Олар Ұлы орыс дегенге құнығып алған.
2. "Қазақстан - отар мемлекет болды. Бізді Ресей отарлады" деп жазады қазақ тарихшылары. Одан да бізді малдандырды, малға айналдырды деп неге ашық жазбайды? Сонда оларда намыс жоқ па? Отар деп малға айтса керек еді олар. Әлде біздің тарихшыларымыз адам мен малды ажырата алмай ма? Қазақ оқулықтарынан осы оңбаған сөзді алып тастау керек пе?
Жауап: 1.Дұрыс, Екінші дүние жүзілік соғыс. Халықаралық термин солай.
2. Мұхтар Мағауин «Бодан» терминін енгізді. Турасына көшкенде, отарланған ел – қашан да отардағы малдың кебін кешеді. Атаудың түпкі мағынасы да сол.
Сізді Олжас туралы пікір айтудан қорқады дейді. Сіз қорықсаңыз да біз жастар қорықпаймыз! Намыс журналында берген сұхбатыңызда Сіз қазақ салт-дәстүрлеріне қарсы шығыпсыз сол рас па?
Жауап: Дейді, дейді – дейтін түгі жоқ. 1. Қорықпаған адамнан қорқамын. Ол батырлық та, өжеттік те емес. Әзірше, Олжакең маған қару алып, соғыс жариялай қойған жоқ. Тіпті, сондай бола қалған күннің өзінде де, бейбіт бітім табамыз деп ойлаймын. Ал қорықпағанда не істейсің?
2. «Намысқа» сүқбат бергенім рас. Онда, Абай айтқан, діни рәсімнің Имам Ағзамның жолының төрт–бесеуіне тоқталғанмын. Салт, дәстүр бір басқа, әдет бір басқа. Рәсім бір басқа. Қазаққа салт, дәстүрін сақатата алмай жүргенде, олай уағыз айтпасам керек. Оқып, нақтылап көрсетерсің. Пәрәнжі, шалма, шадірә, өлім, жітім рәсімі туралы болса, айтқаным – айтқан.
Сұрақ: Мен өз басым оралмандарды аса қатты ұнатпаймын! Сіз ше?
Жауап:Әттең, атыңызды және оның себептерін айтпапсыз. Мәселе – оралманда емес, адамында. Екінші, ол үлкен тағдырдың еншісіндегі тауқымет. Үшінші, өзіңнің айналаңа бір қарап алшы. Бәлкім тағы біреуді жек көріп қаларсың. Менің пікірім: «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» (Абай).
Сұрақ:Оралман емес бауырларыңызды ұнатып жүрсеңіз де жетеді. Сөзіңіздің төркініне қарағанда, сіз өзіңізден басқа еш кімді "аса қатты ұнататын" адам емес көрінесіз...
Мұндайда қазақ "көпке топырақ шашпа, көмусіз қаласың" дейтінін естіген боларсыз?!
Жауап: Ащы айтқансыз. Бірақ шындық бар.
Сұрақ:Оралмандардың Отанға, яғни тарихи атамекенге оралып келгені өтірік пе? Қай елге барды, сол елдің сұм-сұрқиясын көрген олардан мен де үлкен қауіптің төнерін сеземін. Құдай сақтасын, алағай да бұлағай заман туып, бастан дәурен көшкенде тумаған Қазақстанын тастап кету түк емес шығар оларға. Оралмансыз да күніміз ашық, таңымыз жарық. Қазақ жеріндегі қайғы-қасіреттің сан түрін көрсе де бас сауғалап қашпаған, қолдың кірі мал-дүниесін санап, жаттың жерін баспаған өз қазағымды сүйемін. Мейлі коммунистердің мазағын көрсін, атеистердің қорлығын көрсін, ол өзінің туған жерінде, туған топырағында отыр ғой. Сонысы үшін сүйемін. Десем қайтесіз?
Жауап: Осы сөзді, шынымен, Сіз айтып отырсыз ба? Қайтемін, «қарғайын десем...»...
Жариялаған Қонақ
сб, 04/09/2011 - 00:02
Жауап беру
#
минус
0
плюс
Қазіргі жас ақындар бір атақ алса болды асып-тасып кетеді. Көздерін шел басады. Мен мықтымын деп ойлайды. Ал жазып жүргендері қара бастарының қамы, мұңы ғана. Болмайтын нәрселерді қыртып жүреді сөздің ашығы. Жастар пессимист болып алған. Жылай берсем бірдеңе боп қалар деп есекдәмеленеді. Сол жастарға қандай ақыл айтасыз?
Сұрақ: Кезінде сіздің Қытайда туғам жоқ деп Брежновке үш рет хат жазғаныңыз рас па?