Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей



бет14/15
Дата05.11.2016
өлшемі0,98 Mb.
#568
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15








  • Жауап: Қазақстанға – қазақ пен жер ешқашанда көптік етпейді. Ұсынысыңыз дұрыс.

Турсын!!!
Зерттеушiлер мен сарапшылар гасырдын аягында алем бойынша колданыста 2-ак тiл - агылшын мен кытай тiлi калады деген болжам айтып жур. Алем халыктары осы 2 тiлде гана сойлесетiн корiнедi.
Онда несiне казак тiлi ушiн куресемiз. Баяу олiп келе жаткан тiлiмiздi жулмаламай табиги ажал кушуына мумкiндiк бермеймiз бе?
Президенттiн 3 тiл деп зар каксауы да корегендiк шыгар балкiм?
Сен буган не айтасын?
Бiрбала.





  • Жауап: Жаһандану дәуірінде 4 тіл мен имперяи үстемдік құрады деп күтіліп отыр. Ағылшын, қытай, орыс жіне үнді тілі. Солардың қатарында испан, француз, неміс, арабтар жоқ. Біз сол көштеміз.

  • Үш тіл сол құрбандықтың жеңіл жасалуына негіз қалайды.









Сұрақ: Армысыз Құрметті Тұрсын Аға! Тарих ғылымына қызығып, сіздің еңбектеріңізді оқып өскен арқадағы бір қазақтың баласы едік. Алаштың жоғын жоқтап, барын түгендеп жүргеніңіз үшін сізге мыңда бір алғысымызды білдіргіміз келеді. Ал енді сізге қояр сұрағым мынау: осы Шыңғыс хан, Қайыр хан, Отырардың күйреуі жайында қос Мұхаңның арасындағы болған дауға қатысты не айта аласыз? Бізді бұл жерде екі алыптың жеке басына қатысты жеке маселе емес, тарихи шындық қана қызықтырады деп біліңіз. Сіздің пікіріңіз біз үшін өте қымбат. Құрметпен ниеттес бауырыңыз, Серік Берікұлы!







  • Жауап: Егерде біз Шыңғы ханнан бас тартсақ, онда түркілік тегімізден, Алтын ордадан, қазақ хандығынан, қазақ жерінен бас т артуымыз керек. Ал Қайыр ханнан бас тартсақ, қағанаттың ең үлкен тарихи беттерін жоғалтамыз. Сондықтан да бұл даудың мәселесі емес, ұлт тағдыры. Сондықтан да екеуін де жүрекке сіңіретін сана бәрімізге керек. Бұл, сайып келгенде, бір мәселе.

  • #

Сұрақ: Шыңғысхан бабамыз туралы жане Шыңғыстау аты туралы осы киелі топрақ туралы білгім келеды?








  • Жауап: О! Бұл таусылып бітпейтін әңгіме. Ең жақсысы «Абай жолын» оқып шығу. Одан артық ешкімде әңгімелеп бере алмайды. Ал Шыңғыс хан туралы Мағауиннің жаңа романын күтейік. Қапы қалдырмас деп ойлаймын.

Сұрақ: Сәлем, Тұрсын мырза!
Алаш азаматтарының рухани ұрпағы ретінде сізді бағалаймыз.
Таяуда "Алаш қозғалысы" атты кітапты көріп риза болдым. Тиражы тым аз екен. Әр қазақтың отбасында
"Құран кәріммдей" қастермен тұратын кітап қой.
Айтайын дегенім: Тарбағатайдың күнгей бетіндегі Дөрбілжін ауданында 30 жылдары "қазақ қырғыз ұйышмасын" құрып, алғашқы қазақ мектебін ашқан Мырзасадық Құрманғажыұлы туралы еді. Ол кісінің Уфада Мағжандармен бірге болғаны жайлы, Алаш қозғалысың алғашқы белсенділердің бірі болған жайлы ауызша деректер бар. 30 жылдары Зайсандағы қызметін тастап туыс-туғанын алып, арғыбет асқаны анық. Қажықұмар Шабданұлының "Қылмыс" романының 1-, 2- кітіптарында бас кейіпкер - Биғабылдың ұзтаз ретінде Елсадық Құрманғажы деген атпен айрықша дәріптеледі. Ел садықтың 39 - жылы Шинсайдың және кеңес одағы 8 - армиясының құрғынына ілінгені белгілі.Тағы бір деректе Шәуен Мәсәлімұлының "Тәңір құтын іздедім" атты кітабында 37 Алаш қайраткерлерін чикстер кеңес одағына алып кеткен деп жазады. Сіз не айтар едіңіз.Сәлеммен Мәулен.





  • Жауап: Шындығын айтайын, бұл мен күтпеген және мағлұматым аздау мәселе екен. Мырзасадықтың, Райымжан Мәрсековтің, Зият Шәкәрімұлының тағдырынан мағлұматым бар. «Шығыс Түркістан қозғалыс – Қазақ ұлт –азаттық қозғалысының бір бөлігі» атты үш томдық құрстырып, баспадан шықты. Алайда онда бұл имәселе қамтылған жоқ. Мәтқапы тақырып.

Сұрақ: Қазақ қару алып, орыс мүддесі үшін ғана қызмет етіп жүрген мына билікті қанды соғыспен елден қуып шықпай Ана тіліміз өз тұғырына қонбайды деген ойға қалай қарайсыз? Әлде биліктің екіжүзді өтірігіне иланып тағы 100 жыл жүре берген жөн бе? Өйткені орыс тілді билік, ертең орыс тілді балалары да қазаққа билік жүргізуін қалайды ғой! Ұстанымыңызды ашық білдіргеніңізді қалаймын. Аманкелді








  • Жауап: Аманкелді! Менің де қаупім сол. Бір ұрпақтың көлемінде бұс мәселе үзілді, кесілді шешілуә тиіс. Әйтпесе, қазақ тілінсіз қазақ мемлекеті өмір сүру қаупінің төніп тұрғаны анық.

  • #

Сұрақ: Самая прекрасная теория останется совершенно бесцельной и не будет иметь никакого значения, если не найдется вождь, который сумеет понести эти идеи в массы. И наоборот. Пусть практический руководитель обнаружит даже самый большой размах и свойства гениального вождя, что пользы, если не нашлось достаточно глубокого теоретика, который сумел бы надлежащим образом сформулировать сами цели борьбы. Сочетание качеств теоретика, организатора и вождя в одном и том же лице есть самое редкое из того, что мы встречаем на земле. Сочетание всех этих трех качеств в одном лице и дает великого человека.
--------------------------------------------------------------------------
Сұрақ: Күрестің мақсатын ықшамдап қана құрастырыратын терең теоретик қайда? Ықшам ғана ИДЕЯ құрастырып бере алатын жан бар ма? Бізде Ұлы адам бар ма?

Нағашыбай Есмырзаев







  • Жауап: Шешен де, көсем де керек. Тек қайдан табамыз. Өзімііздің ішімізден.

Сұрақ:Тұрсын аға, Мыразтай атамзды туған жеріне жұмыс істеуге жіберсек қалай болады? Бәлкім ол кісіні осындағы Астанадағы жағымпаздар көрініс алған жәйттардың авторы болуына мәжбүрлемеген болар ма еді? Қалай ойлайсыз?








  • Жауап: Қай іске болсын, қайда жүрсе онда жүрсін, ойлаған ісін Мырзекең жүзеге асырмай тынбайды және қамшы да салдырмайды. Осы Мырзекең неге шұқшия бердіңдер? Адамға әдейі арандатып отырғандай ыңғайсыз сезіледі екен.

Сұрақ: Тұрсын аға, Абай сайтының жершілдікке бөлінетінін байқадыңыз ба? Мысалы Шүкеевтері, Қалмырзаевтарды аудан ақпарат жасап алып, жамандайды келіп. Онысы өтірік екенін өздері де біледі. Бірақ белгілі бір топтардың мүддесі тұрған сияқты бұл жерде. Осылар туралы әр түрлі өсектерді қаузай беріңдер деген. Осыған тоқтау салар күш бар ма? Себебі біз сондай ақпараттарды оқып отырып өзіміз де жерге, руға қалай бөлініп қырылысқанымды сезбей де қаламыз. Осы сайтты оқып жүрген болсаңыз оны өзіңіз де байқар едіңіз. Сайт керісінше бірктірмей ме? Ақсақалдық ақылыңызды айтсаңыз. Ақсақал деп мен Мыратай, Несіпбектерді емес, сізді таныр едім.





  • Жауап: Арқар мырза!Ондай пиғылды мына сұрақтардың ішінен байқамадым. Ал Шүкеев пен Қалмырзаевтің аттарын естігенім болмаса, көрген, пікірлескен, қызметтес болған адамдарым емес. Сол Қалмырзаев қайда істейтін азамат? Ендеше мен неге олар туралы сырттай тон пішуге тиіспін? Мырзекең ұстазым болғандықтан, қызметтес болғандықтан пікір білдіріп отырмын. Ал «сайтыңа» мен жауап бермеймін. Тіпті менің де мақалаларым басылады, неше түрлі пікір айтылады деседі. Өз бетімше ашып оқи алмайтын болғандықтан, олардан да бейхабармын. Мына сұрақтарды балаларым компьютерге көшіріп берген соң, жауап жазып отырмын. Білетінім, осындағы бір жігіт, Шымкентікі не Қызылорданыкі. Өзінің тегі әділетті іздеушілердің санатынан болса керек. Ендеше, әділет жерге бөліне ме? Онда, істің насырға шапқаны. Мүмкін, семейліктерді (Қажыгелдинді, Әбділдинді, Жақияновты, Зәурешті, «Датты», тағы кім бар еді?) ата-ата оқтары тауысылған болар. Қашан да аққа құдай жақ босын деп тілеймін.

  • #



Сұрақ: Бүгінгі ақындардан ақын қалды ма?







  • Жауап: Бұл асылық болар. Өте тамаша ақындар бар. Бәрін орып тастасаңыз, шығатын көк қалмай қалады. Ал ол үлкен трагедия.

Сұрақ: Тұрсын аға, Жазушылар одағы туралы айта бастасақ, біздің жүрегіміздің айнитыны сияқты сіздің де жүрегіңіз айнитын болар. Қоғамдағы бас ауруға айналды ғой. Сонда да айтып көрейік. Кезінде аяулылардың табанының ізі, алақанының жылуы қалған мекеменің мүшелігінен 2-3 жыл бұрын Семейдегі жазушы Талғат Кеңесбаев шығып кеткен болатын. Ол кісінің бұл әрекетін қалай бағалайсыз? Жазушылар одағы жік-жік болып бөлініп, жаңа заманға сай жұмыс істеп отыр ма? 700-дей адамды толтырып қойды, жаңа жас ақын-жазушыларды мүшелікке алмасын деген заң бар ма? "Қазақ әдебиеті" газеті баяғы қарқынынан, абырой-беделінен айырылып қалды, келісесіз бе? Асқар, Астанадан. Рахмет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет