|
Жауап: Сібір мемлекетін Колчак жариялаған. Бұл идея Ресей тарихында әлі де өшкен жоқ. Тоқсаныншы жылдары сол оқиға қайталана жаздады. Егер Ресей империясы тағыд да саяси, экономикалық тоқырауға ұшыраса, бұл идея тағы да көтерілуі мүмкін. Ал,1917 – 1020 жылдардың арасында қазіргі Өзбекстанның териториясында үш үкімет, бір ұлттық қозғалыс өмір сүрген. 1. Уақытша үкіметтің орынын Большевиктер мен теміржол жұмысшылары, солдат депутаттары орнатқан кеңестік Түркістан 2. Бұқара үкіметі. 3.Қоқан үкіметі. 4.Хиуа үкіметі. 5. Мұхарамшылар қозғалысы. Біз осы республикалардың басын қосып Түркістан (Өзбекстан) республикасын құру мақстын жалпы түркілік идеямен кейде шатастырып алып жүрміз.
Сұрақ: Тұрсеке! Байқаймын бұра тартып жүрсіз. Алаштықтарды түркістандықтарға қарсы қойып, артық көресіз бе, қалай? Арқа деп бөлектеп, бүйрегіңіз бұратындай ма, қалай өзі? Рысқұловты тым көтеріп жүргеніміз рас. Ал Қожанов, Төреқұлов кімнен кем? Кеше алаштықтар Түркістан, Ташкентке тығылып, бас сауғалағанда, Мағжан мен Жүсіпбекке, Мұхтарға қамқор болған арыстар емес пе? Ежелден татар билеген Семей ешуақытта Түркістаннан аса алмайды. Осыны да ескеріп жүргейсіз. Түркістандық бауырыңыз
|
|
Жауап: Егер менің түркістандық бауырым екеніңіз рас болса, онда мына сұрақты қоймас едіңіз. Мен жорғарыда Түркістанда бір мезгілде қатар тайталаса өмір сүрген 5 үкіметті атадым. Қайталап келтірейін: 1. Уақытша үкіметтің орынын Большевиктер мен теміржол жұмысшылары, солдат депутаттары орнатқан кеңестік Түркістан 2. Бұқара үкіметі. 3.Қоқан үкіметі. 4.Хиуа үкіметі. 5. Мұхарамшылар қозғалысы.
Сіз осы бес үкіметтің қайсысының құрамынан «Алаш автономиясын» көргіңіз келеді, қайсысының қолтығына кіргенін қалайсыз? Нәшір Қожамқұлов, Садық Өтегенов, Алмас Омаров, ағайынды Қожықовтар неге алаштың құрамында жүр? Алмас Омароы Торғайда неге қаза тапты? Әлде «Алашорда» үкіметінің құрамын мен жасақтаппын ба?
Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет, Міржақып, Халел, Жаһанша, Мұхамеджанның, Мұхтардың Ташкентте тұруына құқы жоқ па еді? Мұхамеджан Тынышбаев пен Әлихан Бөкейханов 1916–1920 жылдарғы ашаршылықта Түркістан, Ақмешіт, Шымкент, Әулиеата, Жетісу жұртына 6 миллион сом мен бидай жинап апарғанда, бір үзік нанды бөлісуге түркістандықтар қарсы болмаған шығар? Ол әуелі кімнің жері өзі? Сұлтанбектің бе, Нәдірдің бе? Өзбектің бе, жоқ, жалпы қазақтың ба? Әлде олардың рухани ұлт көсемдеріне жасаған ұлттық, патроиттық көмегіне мұрагері ретінде ақы сұрап отырсыз ба? Сондағы жазған оқулықтары арқылы алашордалықтар «қазақ алдындағы айыбын» өтемеп пе еді?
Түркістан – жалғыз қазақтың емес, исі түркінің астанасы. Түркістанның атына мәңгілік ескерткіш қойған Мағжан өлеңі үшін де өзінің сегіз ай паналап барғанын кешіруге болатындай еңбегін сіңірген шығар. Әуезов те, Жүсіпбек те Түркістанның атына кір келтірмеген шығар. Татар билеген Семейдің сізсіз де табаға ұшырап, облыс атынан айырылып, абыройы түсіп тұр. Мынаған қарағанда Семей бұдан әрі орыстана берсе, татарлана берсе, құлдырай берсе, жаныңыз жай таба беретін сияқты. Айтпақшы, осы Қожановқа Алматыдағы көше атын беру кезінде, осы сайттағы Қожановтың тергеу сұрау істеріне кеңес тұсында қозғау салған кім екен? Түркістанның қазанының қайтып оралуына Марғұлан бастатқан ғұламалардың хатын сіз ұйымдастырдыңыз ба? Тіпті, 97 жылы Түркістанда Нәдірдің тойына шақырып, шапан жауып, «акалап» шығарып салған Қоқан қаласының әкімінің орынбасары бара салып, Нәдірдің атындағы мектептің атын өшіртіп, тақтасын алып тастағаны туралы хабар беріп, мектеп директоры Багдасарованың өтінішін Қазақстанға жеткізген кім екен? Әттең, ол талпыныстан нәтиже шықпадығаны өкінішті.
Мен, Семей сорласа – Түркістан бақытты өмір сүреді дегенге сенбеймін. «Ақ па, қызыл ма, бәрібір, тек қазақтың мүддесін көздесе болды» – деп рухани әкем Байтұрсынов айқтандай, маған «дт»-ы ма, «қт»-ы ма, Құлбек пе, Көпен бе, Мекемтас па, Бердібек пе, бәрібір, қазақтың мүддесін көздесе, менің туысым. Сен де менің туысымсың. Өйткені қазаққа жаның ашымаса, мына сайтты оқымас едің ғой.
Сұрақ:Деңгейің төмен екен бауырым! Даңғойлықты қою керек қой? ел болғың келсе
|
|
|
Жауап беру: Ниетіңізге рахмет.
#
Сұрақ: Қазақтар! Тарих бізге бір-бірімізден өш алу үшін емес, САБАҚ алуымыз үшін керек. Өткен - өтті. Сол өткеннен сабақ ала отырып, қазіргі АЛАШЫМЫЗДЫ (ҚАЗАҒЫМЫЗДЫ) қалай көркейтеміз, бұрынғы қазақылығымызды қайтадан қалайша жаңғыртамыз деген мәселені шешуге жұмсайық та күшімізді. Негізгі сұрақ: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Тұрсын аға, айтыңызшы, не істеуіміз керек? Өткенде өзіңізбен аз уақыт қана сөйлесе алдым. Құмарым қанбады...
Нағашыбай Есмырзаев
|
|
Жауап: Нағашыбай бауырым! Ең алдымен сауатты надандар мен пасықтарды «емдеу» керек.
«Біріңді қазақ – бірің дос, Көрмесең күннің бәрі бос!».
Келер күндердегі ұлттық қозғалыстың ұлы күші – бірлікте. Мен көсем іздеп жүрмін. Шіркін, Бөкейхановтың көлеңкесіндей болса да қанағат тұтар едім.
Сұрақ: Cақ ханзадасы Анахарсис туралы не білесіз? қандай жақсы материялдар бар?
|
|
|
Жауап: «Дулыға» атты екі томдық әфсанада «Анақарыс» атты тарау бар. Менің бар білгенім соның ішінде қамтылды.
Сұрақ: Тұрсын аға, алаштанушы ретінде біршама еңбектеніп жүрсіз, алаш атынан рахмет! Алайда, зерттеушіге тән салқынқандылық пен байсалдылық жетіспей жүрген секілді сізге, өзіңіз осыны ойланбайсыз ба? Менімше сіз алаштанушылардың ағасы болып бәрін біріктіргеніңіз орынды және соны бастасаңыз екен. Сонда билікті иліктіріп, бәлкім, грант алып тиянақты дүние шығар. Әйтпесе, сіздің еңбегіңізді өзіңіздің эмоцияыңыз басып, дұшпан көбейтіп жүргендей әсер бар. Аман болыңыз, алашқа керексіз!Жершілдікке шыдамды болыңыз...
|
|
Жариялаған Серікжан
Жауап: Бауырым Серікжан! Жанашырлағыңа шын ризамын. Жазушының міндеті – шіміркендіру, ойланту. Қазір шымшымасаң – шіміркенбейді. Бұл да бір әдеби тәсіл. Әйтпесе, сенатор Ғарифолла Есім айтқандай, «Тұрсын қайғы» атанып, атымды шығарайын деген ойым жоқ. «Қайғы шығар ілімнен» деген де бар емес пе? Соны академиктер неге ескермейді екен. Әлде... оларда уайым болмай ма?
Сұрақ: Еліміздің "Қазақстан Республикасы" деген қазіргі атын өзгертіп, болашақта "Алаш Республикасы" деп атасақ қайтеді. "Алаш автономиясын" құруды мақсат еткен арыстарымыз осы Алаш атауымен болатын елді арман етті емес пе.
|
|
|
|
Жауап: Тек қана: Қазақ респубшликасы. Алаш – ұлттық идеяның символы болуға тиісті.
Сұрақ: Еңбегіңіз жана түссін! Алаш идеясы жөнінде орталық телеарналарда неге көп айтылмайды? Қатарларыма Алаштықтар жайында айта бастасам, селт етпейді. Меніңше, не екенін білмейтін секілді.Және газет беттерінен гөрі арналардан көбірек айтылса, себеіб газетті бәрі оқи бермейді. Қаракесек.
|
|
Жауап: Алаш туралы материалдарды сайлау өткенше уақытша тоқтатыңдар – деп ресми түрде жоғары жақтан нұсқау, бұйрық берілгенін анық білемін Оның уақыты енді өткен шығар. Ал өзіңе айтарым, жөніңді білдіріп, ныспыңды жасырсаң, майсыздана бересің!
Сұрақ: Сұрайтын нәрсе көп, бірақ сұрағым жоқ. Ұзақ жасаңыз аға! Өмір өтіп барады. Қалған ғұмырыңызда Аллаға деген құлшылығыңыз кемелдене берсе екен!...
Алтайдың баласы
|
|
Жауап: Алтайдың басын бұлт шалмасын. Енді қара арғымақтың бауырын оқ кеспесін, қара атанның бұйдасы үзілмесін. Жондарыңда құлжалар жортсын.
Сұрақ: Тарихты зерттей бергенше қалған ғұмырыңда Аллаға құлшылықпен өткізіңіз деген тілек пе, бұл?
|
|
Жауап: Жақсы тілек жарым ырыс емес пе. Алланың алдына қамсыз бармасын деген имани ниет қой. Қабыл алдым.
Сұрақ: Тұрсын аға, армысыз? "Абайдың" қонағы болғаныңыз үшін алғысым шексіз. Соңғы кездері қазақ қоғамында зиялылардың ішінен сіздің үніңіз, жанайқайыңыз қатты шығып жатыр. Ризамын. 1) Тарихымыз бұрмаланып жазылып жатыр деген ой айттыңыз. Осы тарихымызды қайтсек дұрыс жазамыз? 2) Жоғарыда бір ағамыз жазғандай, не істеу керек? Алаш идеясын бүгінгі өмірімізге оралту үшін қандай қарекет қылмақ керек? 3) Біздің арманымыз қашан орындалады? Қазақтың ұлттық мемлекет құру идеясының жүзеге асуы мүмкін бе және ол қашан болады деп ойлайсыз? 4) Қазақ әдебиетінің ірілі-ұсақты өкілдері неге жағымпаз болып кетті? Жауабыңызға рахмет. Заңғар Кәрімхан.
|
Достарыңызбен бөлісу: |