«– Әй,Қайым, сендердің түрмедегі жайдайларың қалай болды? Қандай әдіс – тәсілдермен сұрап тергеді, қинамады ма?,– деп абақты өмірінің шындығын білгісі келді.
Мен қарсы сұрақ қойғым келді де, әуелі Мұхаңның өзінен сұрадым.
– Сіздің 1930 жылы Ташкентте ұсталғанда жағдайыңыз қалай болды?– дедім.
Мұхаң бір күрсініп алды да, орындығына шалқая түсіп, баяу бастан өткен оқиғасын ойланып алды да, қоңыр даусымен:
– Онда біздер, ұлтшылар, бәріміз үлкен бір үйде жатамыз. Төсек-орнымыз таза, тамағымыз уақтылы беріліп тұрады. Бір-бірімізбен еркін әңгімелесіп, пікір алысып, кеңесіп отыратынбыз. Тергеуге алып барғанда аздаған қысымдар, қытымырлықтар болып тұратын. Кейін Алматының түрмесіне ауысқанда бұл жағы жиіленіңкіреп кетті,– деп барып тоқтады.
Достарыңызбен бөлісу: |