2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік жєне рухани мєдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
6. Ересектер балаларды күн сайын сыпайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.
8. Үй ішіндегі татулық еріне де, әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық.
9. Сыпайылық және әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс.
10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.