Түсіндірме жазба



бет65/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Әдістемелік нұсқама: ұсынылған әдебиеттер мен мәліметтерді пайдалана отырып:
1. «Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі» тақырыбы бойынша сабақтың мақсатын анықтау
2. Тақырып бойынша оқушылардың топтық, жұптық және жеке жұмысына арналған тапсырмалар құрастыру және бағалау әдістерін ұсыну


Пысықтау сұрақтары:
1. Сабақтың мақсатын құрастыру не үшін керек?
2. Оқушыларға арналған топтық, жұптық және жеке тапсырмаларды құрастырғанда нені ескеру керек?

Әдебиеттер:



  1. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО, 2014. – 44б.

  2. Кохаева Е.Н. Формативное (формирующее) оценивание: методическое пособие. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал/ – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 66б.

  3. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б.



15-практикалық сабақ
Тақырыбы: Пән бойынша оқушы білімін критериалдық бағалау. «Жердегі тіршіліктің пайда болуы кезеңдері» тақырыбына критериалдық бағалау жүргізу әдістемесі (9-сынып)
Мақсаты: күнделікті пән сабағында оқушылардың оқу әрекетін критериалды бағалау әдістемесін меңгеру.
Негізгі сұрақтар:
1. «Жердегі тіршіліктің пайда болуы кезеңдері» тақырыбы бойынша сабақтың мақсатын анықтау
2. Оқушылардың топтық, жұптық және жеке жұмысына арналған тапсырмалар құрастыру және бағалау

Сабақта ең маңызды мәселе мақсат қою. Сабақ бойы барлық әрекеттерді мақсатпен екшеу керек, өлшеу қажет: әр тапсырма, сұрақ пен дидактикалық тәсіл тек мақсатқа жетелейтіндіктен қолданатын құралдар деп танылады. Барлық тапсырма, сұрақ пен тәсілдерді не үшін сабақта қолданамыз? Әрине, мақсатқа жету үшін ғана. Олардың құндылығы оқушыларды мақсатқа қандай дәрежеде жақындататындықтарында.


Сабақтың мақсатын құрастырғанда «мақсат = нәтиже» формуласын қолданған дұрыс және мақсатта оқушы сабақ барысында (не сабақ нәтижесінде), яғни 40 минутта не үйренетіндігін, не жасай алатындығын көрсеткен орынды. Сонда мақсат құрастырудың қысқаша анықтамасы мынандай болар: «Оқушылар сабақта не үйренеді (немесе не жасай алады)?».
«Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым».
Мақсат құрастыруды «Оқушылар» деп бастап (назар аударыңыз: атау септігінде! «Оқушыларды» не «оқушыларға» емес), әрі қарай олардың не үйренетіндігін немесе не жасай алатындығын, оқушы жұмысының қандай да бір нәтижесін келтірген дұрыс. Мұнда етістік 3-жақта болуы керек: Оқушылар түсіндіре алады (немесе бөледі, жіктейді, атайды, сипаттайды, шығарады, таңдайды, тізімін жасайды, сәйкестендіреді, анықтайды, т.б.). Мақсатта тұйық етістікті қолданбаймыз: түсіндіру (немесе бөлу, жіктеу, атау, т.б.).
Етістіктер нақты, деректі, қолмен ұстайтындай, көзбен көретіндей, құлақпен еститіндей болуы керек. Мақсатты құруда «біледі», «түсінеді», «жаттығады», «қалыптастырады» деген етістіктерді қолданбаған дұрыс, өйткені олар оқушылардың нақты әрекеттерін көрсетпейді.
Мақсаттарды құрастыруда Блум таксономиясын қолданған орынды. Мысалы, сабақтың тақырыбы «Дүние жүзілік мұхиттардың Биологиялық орналасуы» болса, онда сабақ мақсатын «Оқушылар дүниежүзілік мұхиттардың Биологиялық орнын диаграмма құрастыру арқылы салыстыра алады» деп алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет