Түсіндірме жазба


Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар



бет67/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар
Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы оқу бағдарламасы мен оқу мазмұнына сәйкес тақырыптарды тереңірек ашу жолдарын қарастырады.
Студенттерге арналған тапсырмалардың тізіміне кіреді: БАӨЖ арналған тапсырмалар тақырыптары, тапсырмалардың мақсаты мен мазмұны, ұсынылған әдебиет тізімі, орындау формалары (әдебиеттермен жұмыс, презентацияны және тақырыптық рефераттарды дайындау), тапсыру уақыты. БӨЖ түрлеріне жеке-жеке сипаттама берейік:
Сабаққа дайындық - дәрісханалық және практикалық сабақтардың материалдарын игеруге, ұсынылған әдебиеттерді оқуға, жекелеген әдебиеттердің қажетті бөлімдеріндегі мақалаларды конспектілеуге арналған білім алушының өзіндік жұмысының қарапайым түрі.
Іскерлік ойынға дайындық бұл білім алушының болашақ кәсіби қызметіне дағдылануын қалыптастыру мақсатында қажетті рольдерді бөлу, матриалдарды жинақтау жұмысы. Жұмыстың нәтижелері арнайы қорытындылар және ұсыныстармен рәсімделеді.
Ағымдағы және аралық бақылауға дайындық пәнді оқытуда әр түрлі тақырыптар бойынша білім деңгейін ауызша, жазбаша, тест түрлерімен анықтауға мүмкіндік береді.
Тестілеуге даярлық білім алушының курстың бөлімі немесе тақырыбы бойынша материалдарды ыждағаттылықпен оқуын қажет ететін жұмыс. Білім алушы дайындық барысында назарды арнайы терминдерге, атаулы күндердің мазмұнына, алгоритмдерге аудару керек.
Үй тапсырмасы оқу бағдарламасына сәйкес білім алушының өзіндік жұмысы.
Реферат орындауда білім алушы белгілі бір мәселелер бойынша ғылыми және арнайы әдебиеттерден алынған қысқаша тұжырымдамалар немесе түрлі әдебиеттер көздерін талдау арқылы арнайы әдебиеттерді пайдалана білуі, статистикалық мәліметтерді қарастырылатын тақырып бойынша сын көзбен талдау және алынған мәліметтерді жазбаша түрде нақты және логикалық тұрғыдан дұрыс жеткізе білуі керек. Рефераттың мөлшері – компьютерлік жасалуымен 10-15 беттерге тең (Times New Roman 12 кегль). Жұмыс келесі құрылымдық бөлімдерден тұрады: титул беті, мазмұны, пайдаланған әдебиет тізімі. Тақырып бойынша шолу дайындау – яғни 1-2 параққа әдебиетке қысқа шолу жасау, оған интернеттің ақпарат ресурстары және баспасөздің қосымша материалдары кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет