Түсіндірме жазба


Формативті (қалыптастырушы) бағалау



бет70/71
Дата09.12.2022
өлшемі1,77 Mb.
#162114
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
umkd bagalau -lshem platouska 2022

Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс.
Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады.
Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.
Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары пәні бойынша білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар
Практикалық сабақтар: Практикалық жұмыстың орындалуын және алынған нәтижелерге талдау жасау. Кестелермен, берілген суреттермен жұмыс жасау, модельдеу, өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбын талдау, презентациялар мен рефераттарды дайындау. Әрбір жұмыстың қорытындыларын талдау.
Студенттердің өзіндік жұмысы: Әдебиеттерпен жұмыс, интернет ресурстармен, презентациялар мен тақырыптық рефераттар дайындау.

  • Білім бағасының ережесі және критериі: әр деңгейде білім бағасының шкаласы және критериі (ағымдағы, аралық, қорытынды бақылау), барлық сабақтардың түрлеріне баға ережесі (аудиториялық, БАӨЖ, БАОӨЖ*)

Баға шкаласы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д-

1,0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

Білім бағасының критериі:
«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, практикалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, үй тапсырмаларын орындаған, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады
«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, практикалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол практикалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса практикалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет