Пән бойынша глоссарий
Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.
Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.
Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.
Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау.
Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.
Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.
Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.
Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды
Рефлексия –оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел.
Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам
Суммативті (қорытынды) бағалау -белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған.
Талдау(ежелгі грек тілінен «жіктелу») – танысу процесінде нақты бөліктің санамен орындалатын немесе адамның пәндік-тәжірибелік қызметінде құрама бөліктерге (заттар, қасиеттер немесе заттардың арасындағы қатынастар) жіктелуі.
туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп
түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |