Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.
5-сыныптағы өзін-өзі тану пәні бойынша білім мазмұнының құрылымы мен негізгі идеялары мектептің бастауыш сатысымен сабақтастығын сақтай отырып, төмендегідей 4-тараудың аясында дамытылады:
1.Таным қуанышы 2.Қарым-қатынас жарастығы 3.Адам болам десеңіз... 4.Әсемдік әлемінде Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі және тұлғалық қалыптасуы қамтылады.