Тұтас педагогикалық процесс оқыту білім беру және тәрбие бірлігінің негізі



бет2/6
Дата23.02.2023
өлшемі73,04 Kb.
#169952
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
kur -tutas-pedagogikalyq-process-oqytu-bilim-beru-zhane-tarbie-birliginin-negizi-24

Курстық жұмыстың мақсаты: Тәрбие мен оқыту бірлігінің маңыздылығын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Тұтас педагогикалық процесс ұғымы және оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

  • Тұтас педагогикалық процесстің қозғаушы күштерін анықтау.

  • Тұтас педагогикалық процесстегі тәрбие маңыздылығын қарастыру.

  • Тұтас педагогикалық процесстегі оқыту маңыздылығын қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және әрқайсы екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І БӨЛІМ Тұтас педагогикалық процесс – оқыту, білім беру және тәрбие бірлігінің негізі
1.1 Тұтас педагогикалық процестің ұғымы өзіндік ерекшеліктері.
Педагогиканың екі категориясы (оқыту, тәрбие) бір – бірімен өзара байланысы, тұтас педагогикалық процеске айналады. Бірақ екі ұұғымның өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазіргі кезендегі біртүтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш дауларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері бірте - бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртүтас туралы білім емес. "Педагогикалық процесс" деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс - әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарларына педагогикалық процестің әртүрлі жақгары білікті эмпирикалық жолмен жинақталған білімдер жайлы болады.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (А.Ф. Каптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктер қалай анықталады (С.Т.Шацкий, Н.К.Крупсқая, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (А.С.Макаренко); біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағыты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т.Лихачев) және қызет істеулерін басқару (В.С.Ильин, И.П.Радченко) және т.б. пайда болған сұрақтарға эмприкалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап. Қазіргі кезенде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық -өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді.
Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру жөне тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі - деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу - оқу-тәрбие процесінің басты шарты. Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу, төрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармасы - мен объектілері арасында
әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім жөне даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылыкты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары және принциптері, олардың тұтастығын, озара байланысын дәлелдейді.
Тұтас педагогикалық процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері қоғамның әлеуметтік экономикалық талаптарына, саясатына байланысты. Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ғылыми-техникалық үдеу негізінде ұйымдастыру үшін педагогикалық процестің зандылықтарына көрсетілген міндеттерді толық іске асыруда педагогикалық ұжымға, оның әрбір мүшелерінің іскерлік, білімдарлық, шығармашылық қабілеттеріне
сүйену қажет.
Қоғамның экономикалық мүмкіншілігі өскен сайын тұлғаны әржақты дамытуға үлкен жағдай жасалады, мектептің оқу-материалдық базасы жақсарады, тәлім-тәрбие, білім беру жұмысының сапасы жоғарылайды. Қазақстан Республикасының субъектісі «Білім беру туралы» Заңында (1992 жылғы 18 қаңтар): «Мемлекет ... білім беру мекемелерін дүниежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік-мәртебесін арттыруға кепілдік береді», —деп жазылған.
Оқыту мен тәрбие тұтас педагогикалық процесте табиғи өзара байланысты. Бұлардың бірлігін бір-бірінен ажыратуға болмайтындығын дәлелдейді. Оқыту және тірбие процесінің арасындағы байланысты тікелей қатынастан байқауға болады. Осындай тұтастық педагогикалық принциптердің жүйесін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
Педагогикалық процестің басты идеясы — оқыту жоне тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымының соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машиналарымен, техникалық құралдармен, атап айтқанда, символикалық экранды - динамикалық дыбысты -техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады.
Оқыту мен төрбие процесінде моралъдық-психологиялық жағдайдың да мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік шараларды өткізу процесінде тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы бір-біріне тілектестік, жанашырлық, қамқорлық және қиын жағдайларда озара көмек іс-әрекетінің сапасына, тиімді ықпал жасайды.
Сонымен, тұтас педагогикалық процесте кешенді ықпал жасау - бұл әр түрлі іс-әрекеттерін нақты жоспарлау, әр түрлі жұмыстарды (саяси-идеялық, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т.б.) табиғи бірлікте жүзеге асыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет