Байланысты: kur -tutas-pedagogikalyq-process-oqytu-bilim-beru-zhane-tarbie-birliginin-negizi-24
1.2 Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. Педагогикалық процесстің дамуына әсер ететін қарама – қайшылықтар.
Педагогика ғылымында қарама-қайшылықгардың ролін XX ғасырдың барлық кезендерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А. Данилов, М.Н. Алексеев, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский , В.И. Загвязинский). Кейбір жұмыстарда коллективтің қарама - қайшылығы (Л.И. Новикова) тәрбие процесінің (И.С. Марьенко , Г.И. Щукина, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама -қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттелді.
М.А. Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртүтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К. Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда (нередко) кездейсоқ бір ізділікте кдрастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процесдурасына сәйкес келмейді, окыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді.
Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады:
- қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін, ашуы тиіс:
- қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс -әрекетін-педагогикалық процесті басты құрамын көрсеткіш ретінде сипаттау керек;
- қарама-қайшылықтар жүйесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек.
Педагогикалық процесстің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К. Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады:
- жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы ;
- жаңа ғылымдардың міңдеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы;
- тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын, оның орны, атқаратын қызметі арасындағы;
- жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;
- дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы;
- мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы;
- тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс - әрекет арасындағы:
Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бірлескен іс - әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын коллективтің дамуымен тығыз байланыстылығы мен анықталады. М.Ю. Красовицкийдің зерттеулерінде көрсетілгендей оқушы коллективінің тәрбиелік ролі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың жүйесі беліленеді. Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық пікір ұстаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етеді. Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар коллективінің қалай даму үстінде екендігін, оған дамудың қанда қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды.
Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады:
- коллектив мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасында ;
- индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен безбеу арасындағы;
- тұтас еріктілігі мен коллективтің тәртібіне бағыну кажеттілігі арасындағы;
- коллективтің талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы;
- коллективтегі пайдалы әдеттерінің қажеттілігі мен формализм қауіптілігі арасындағы;
- бастапқы коллектив ұйымының кажеттілігімен топтық бөлініп шығуы қауіптілігі арасындағы .
Көрсетілген коллективтің даму қайшылықтары көптеген жылдар бойы бақылаудың негізінде қалыптасқан. Қайшылықтардың алғашқы екі топ қайшылықтарын шешу мұғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерін - ұйымдастыру барысында мүмкін болады. Бірақ бұнда да мұғалім пайда болған қиындықтарға назар аудармай болмайтын көреді. Бұл қиындықтар оқушылар іс - әрекетін ұйымдастырудың мәні:
- педагогикалық басшылықтың міндеттілігі мен оқушылардың бастамасы мен қайраткерлігі арасындағы:
- мектептегі іс - әрекеттің коллективтік сипаттылығы мен әрбір оқушының адамға тән барлық өзіндік қасиеті бар тұлға ретіндегі даму қажеттілігі арасындағы;
- коллективтің қоғамдық мәні мақсатына байланысы жүйесін ййымдастыру қажеттілігі мен бір жастағы балалардың әлеуметтік тәжирбиесінің шектелгендігі арасындағы;
- оқушыларды атадан қалған ,адамға тән іс - әрекет түрлерінің (қатынас, ойын, еңбек, таным, өнер, табиғатты қорғау іс — әрекеті дайындау қажеттілігі мен оқушылардың осы іс - әрекеттер түрлерін меңгеруінің келешегі арасындағы;
- әрбір оқушының өзін - өзі билеушілігін қалыптастыру қажеттілігі мен жеке жауаптылықтың жеткіліксіздігі арасындағы;
- оқушылардың қоғамдық өмірдегі қатынасу ықыласы мен өмірде өзін жүзеге асыру тәсілдерінің жеткіліксізділігі арасындағы.
Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті дәрежеде әдісін біліп педагогикалық әрекеттің жүмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылдықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі. (Г.К. Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты дау жанжалға әкеледі, дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады. Бір құбылыстың ішінде пайда болған қайшылық оның өз ішінде шешілмейді, басқа жоғары деңгейдегі құбылыстармен байланыстары арқылы, яғни жаңа, өте күрделі даму формасы қүрылуы арқылы жүзеге асады (Э.В. Ильенков). Қайшылық дегенміз қарама -қарсылықгардың бірлігі. Егер субъектінің іс - әрекеті арқылы қарама - қарсылықгардың бірі басқаға сәйкес келсе оңда қайшылық шешіледі деген сөз. Бұл деректі анықтау қозғаушы күштерге ықпал ету әдістемесіне оқытумен тікелей байланысты.
Осы анықтамалардың көмегімен педагогикалық процестің негізгі қайшылығын шешуді қарастырайық. Кіші микро жүйеден бастайтын, яғни қатысушылар құрамы деңгейі ең аз жүйе. Оқушы өзінің тұлға ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ол бұл оның өз іс - әрекетінсіз мүмкін емес. Бірақ, ол іс - әрекет тәсілдерін өз бетінше меңгере алмайды тек қана басқалардың көмегі арқылы ол іс - әрекеттің субъектісі бола алады. Яғни, қайшылық "адам" жүйесінде пайда болады, ол оның жетілуі жаңа "адам - адам" жүйесінің, оған бірінші жүйе қосымша жүйе ретінде кіреді, пайда болуы арқылы шешіледі.
Ұстаз көрсетілген жүйенің бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс - әрекеттері арасындағы, қайшылықтарды оны оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және жеңуге көмектеседі. Бұл қайшылық әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі саласына қатысты болғандықтан, мұғалім оқушыға әртүрлі іс - әрекеттер түрлерінің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, олармен көптеген ұрпақтар бойы әлеуметтік тәжірибе жасалады. Негізінен, мұғалім нақтылы кезеңдегі қайшылықтың анықталған ерекшелігіне байланысты оқушыларға (педагогикалық басшылықтың мәні міне осында) өз орнын табуға керекті тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Демек, кең мағынада түсіндірілетін заттық (пәндік) іс - әрекет, оған мұғалімнің басшылығымен оқушы енгізілінеді,- қайшылықтарды шешудің құралы болады, ал ол индивидтің субъект ретінде қалыптасуына әкеледі.
Қайшылықгар дамуының ерекшелігі мынада, мұғалім міндетті түрде оқушының өзіндік ерекшеліктерін сол нақтылы коллективтің кіші микро топтарының ерекшеліктерін және әрбір оқушының тұлға қатынастары жүйесіндегі орнын бетке ұстауы керек балалар коллективімен оны басқарудың әлсіздігі, қайшылықтардың көп жағдайда дау — жанжалға өсуіне ұласып отырады. (Ф.М.Бородин, Н.М.Коряк, М.Ю.Красовицкий, Р.С.Немов жәнет.б.). Маманданған мұғалімнің педагогикалық сауатты басшылығы пайда болып келе жатқан қайшылықтарды, тану біліктерімен байланысы коллективтегі дау жанжалдар оқушылардың өздерінің және үлкендердің азғана араласуымен шешуіне әкеледі.
Қайшылық оқушылар коллективі жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі "сынып ұстаздары - сол сыныптың оқушылар коллективі" жүйеде шешілуі мүмкін. Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін. (М.С.Виноградова, Н.С. Дежникова, В.В. Котов, И.Б. Лиймете, В.Б. Первин, Н.Н. Хан және т.б.) Басқа қайшылықтарды шешу сынып жетекшіге байланысты болады. Ол бастапқы сынып коллективтіне жалпы мектеп қатынастары жүйесінде өз орнын табуға, яғни өз оқушыларының сыныптан жалпы мектеп ісіндегі әлеуметтік белсенділік кеңістігін кеңейе түсе көмектеседі.
Сонымен, мұғалім мақсатты педагогикалық процестің дамуына ықпал еткісі келсе "ұстаздар — оқушылар" жүйесіне тән бірнеше қайшылықтар тобының болатындығын қайшылықтар топтары өзара байланысты болатындығын, ал оларды шешу педагогикалық процесс субъектілерінің іс-әрекеттерін қайта құру арқылы болатындығын ескеруі керек. Сонымен бірге, мұғалім өзінің әрбір нақтылы практикалық іс - әрекеттерінің қас қағым уақытында оқушы тұлғасының нақтылы даму қайшылықтарына бір ғана емес бірнеше оқу, көркем өнер, спорт және т.б. коллективтің жүйесі болатын (А.Т. Куракин), онда жетекші іс-әрекет әртүрлі қайшылықтарды шиеленістіре түсуі мүмкін. Нақтылы педагогикалық процестегі қайшылықтар оның сыртқы бетінде жатпайды. Мұғалім процесс барысында ауытқудан пайда болып келе жатқан қайшылықгарды білуді, олардың ерекшеліктерін анықтау үшін және осыған байланысты өз әрекетінің ұзақ мерзімдік жоспарын ал қажет болса тез шешім қабылдау үшін керекті оған сай теориялық және әдістемелік дайындық керек.
Егер мұғалім, сол нақтылы қайшылықтың басқа топтар жүйесіндегі орнын көре білсе, онда оның қабылдаған шешімі педагогикалық процестің негізгі интерактивтік қасиетін оқушы тұлғасына өзара қиылыстағы қосымша жүйелердің үздіксіз ықпалын көрсетеді. Ұстаздың басшылығымен жұмыс істейтін адамдардың әрекеттерінде, қалай, болса да педагогикалық процестің - белсенділікпен қатынастың бірлігі, қосымша жүйенің қызметтік мамандануы, көп жақты қатынастардың процесс субъектілерінің өзара әрекетінің нәтижесі сияқты қасиеттері көрінеді.
Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі нәтижесі оқушылардың оқу және оқудан тыс кеңістікте белсеңді түрде іс-әрекет тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, бұнсыз олардың әрекетінің дамуы мүмкін емес.