Турабаева акмарал айдаровна


сурет - Оқытудың танымдың тәсілдері



бет4/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,92 Mb.
#9932
түріДиссертация
1   2   3   4

7 сурет - Оқытудың танымдың тәсілдері
Жақсы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының пәнді өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Мұғалімде Шульманның үш көмекшісі деп аталған қасиеттер болғанда оқыту жақсы болады (1кесте).
1 кесте – Шульман теориясы


Мұғалімге тән белгілер

Кәсіби түсінік

Тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту. жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.

Оқытудың тәжірибелік дағдылары

Бұл ілім жұмыс жүргізу, демонстранциялау, түзету және оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық , тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.

Кәсіби тұтастық

Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек олар шыншыл, батыл, төзімді; оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.

Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің қасиеттерін бағалау барысында бағалаушы белгілі факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.

Бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытудың басты талабы — әр педагогтің бүгінгі күннің талабынан туындайтын өзгерістерді алдымен өзінен бастауы, өмірге деген көзқарасын өзгертуі, кәсіби өсуі. Кембридж бағдарламасы бағытындағы курстар мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттырып, соның негізінде шеберлік деңгейі мен белсенділік, білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысы жоғары деңгейге көтерілуіне ықпал етуде.

Институтта үздіксіз біліктілікті арттыру мазмұнын жаңарту, оқу үдерістерін ұйымдастырудағы жаңа амалдар педагогтың кәсіби дамуын қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру қызметінің тиімді құрылымын жасауға және оның сапасын көтеруге мүмкіндік тудырды. Себебі бүгінгі күні зерттеу, шығармашылық ойлауды жүзеге асыратын, ғылым жетістіктерін педагогикалық тәжірибеде қолдану арқылы өз қызметінің мазмұнын жаңарта алатын педагогтерге сұраныс өсіп отыр.



Инновациялық іс-әрекет үшін іс-әрекет мазмұнының өзгеруі ғана емес, сондай-ақ оны модернизациялау тәсілдерінің, яғни іс-әрекет технологиясының өзгеруі де маңызды. Сондықтан, біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа бір нәрсені ендірудің өзі маңыздылық танытпайды. Инновациялық іс-әрекет тұрғысынан алғанда жаңаны беру мен пайдалану технологиясы, жаңашылдықтың енгізілу ортасының ерекшеліктерімен, орындаушылармен жөне күтілетін нәтижемен қатаң логикалык қабысуы маңызды болмақ .

Мектеп мұғалімдеріне технологияның дамуының қазіргі кезде қарқынды дамуы кәсіби біліктіліктерін жетілдіру жүйесінде үнемі жаңа идеяларды іздестіріп отыруды және оның қажеттіліктерін таңдап алуды міндеттейді. Сондықтан біліктілігін жетілдіру технологиялардың даму келешегіне сай жүзеге асырылуы тиіс. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, инновациялық технологияларды ендіру мен пайдалану үнемі оқытудың оң нәтижесін қамтамасыз етпейтіндіктен, мұғалімдерге қолданудың тиімді жақтарын таңдай білуді міндеттейді. Мысалы, қалыптастыру экспериментінің мақсатын жүзеге асыруда біліктілігін жетілдіру курсына қатысушы мұғалімдерден (111 мұғалім) сауалнамалар алынып, зерттеу-сараптама жұмысы жүргізілді. Сауалнамаға жауап бергендердің 53%-ы жаңашылдықты толыққанды қабылдап, инновациялық технологияларды қолданғанда аса қиыншылықтарды сезінбейді, оқу үдерісінде жүзеге асырады; 29%-ы оқу үдерісінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жолдарын түсінсе де, біршама қиыншылықтарды сезінеді; 18%-ы жаңашылдықты жақсы қабылдамайды, оқытудың дәстүрлі жүйесіне қанағаттанады. Біздің пікірімізше, мұғалімдердің инновациялық біліктіліктерін жетілдіру кәсіби іс-әрекет аумағында жаңашылдық тұрғысынан шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы білім, білік және дағдының көлемін меңгерту арқылы жаңашыл мұғалім тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Мұғалімдер күн сайын күрделі шешімдер қабылдайды. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікірлерге сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталған. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиісті өзгермелі әлемге дайындауда елеулі рөл атқарады. Мысалы, бүкіл әлемдегі жас оқушыларға айтарлықтай әсері болатын елеулі факторлардың бірі - инновациялық технологиялардың кең таралған түрін пайдалануға байланысты білімге оңай қол жеткізудің артып келе жатқандығы. Білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі өзгереді. Алайда, бұл мұғалім рөлінің біркелкілігін білдірмейді, керісінше, мұғалімнің рөлі барынша артады және оқушылардың білімге қалай сыни көзбен қарайтындығына бағытталатын болады.

Осыған орай, өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен таныс болып, басшылыққа ала ілгерілеуі қажет. Күрделі үдеріс болып табылатын оқыту шеберлігін толық игеріп шығу бүкіл ғұмыр еншісіндегі мәселе, міне, сол себепті де тәжірибеге үнемі ерекше назар аударылуы керек, сонда ғана мұғалімдердің кәсіби шыңдалуы ұштала бермек. Осы бағытта даму түсінігімен ұштастыра оқытып, оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу және оқыту ерекшеліктерін терең зерделеудің, тілдік және мәдени әсер мен мінез-құлық, дағды қалыптастыру, қызығушылықты арттыру және оқыту амалдарының түрлі тәсілдері болатынын мұғалімдердің жете түсінуі қажет болады. Оқыту және сабақ беру саласындағы негізгі біліммен қатар, мұғалімдерге қандай өзгерістер болып жатқаны және қандай стратегияларды алдын ала қабылдау қажеттігі туралы барынша дәлелді тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін қосымша ақпараттар жинауға тура келеді. Шешім қабылдау үдерісінде мұғалім үшін ең маңыздысы оқушының қызығушылығы болып табылады.

Осылайша, оқушыларды өзгермелі өмірге дайындаудан күтілетін нәтиже үдесінен шығу үшін мұғалімдерге білім беру бағдарламасы шеңберінде шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін жаңа дайындық түрі қажет болады. Бұл мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудағы үш маңызды мәселеге тіреледі. Олар:

- Мұғалімдерге, өз қызметтері аясында, оқу үдерісі мен өз оқушыларын дамыту үдерісінде сарапшы болу үшін қандай білім түрлері қажет болады?

- Әртүрлі оқушылардың оқу нәтижесі тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың ойына қатысты кері байланысты ұйымдастыру және өзінің мұғалімдік тәжірибесін сыни бағалау мен жұмыс жүйесін жақсарту үшін мұғалімдерге қандай дағдылар қажет?

- Әр баланың жеке тұлға есебінде де, кәсіби ұжым мүшесі ретінде де табысқа жетіп, өз білімдері мен дағдыларын дамытуын жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай кәсіби міндеттер қажет? (Вransford, Dаг1іng-Наmmоnd аnd Lе Раgе, 2005.) Мұғалімдердің нені білуге және нені үйренуге тиіс екендігін анықтау карапайым міндет емес, сондықтан да жоғарыда аталған мәселелер - күрделі дүниелер. Алайда, қолданыстағы халықаралық бағдарламалардың қалай жұмыс істейтінін зерделеуге және ғылыми әдебиетті оқу арқылы білім берудің жалпы байланысын және негізгі базасын анықтауға болады. 8 суретте мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудың түйінді білімдері өзара байланыстырылған.


Кәсіби тәжірибені ұғыну








Оқытылатын пәнді және білім беру бағдарламасының мақсаттарын білу

  • Оқытылатын пәнге, дағдыларға және мазмұнға арналған білім беру мақсаттары және міндеттері




Оқыту білімі

  • Пәндік және педагогикалық білімдер

  • Түрлі деңгейдегі оқушыларды оңыту

  • Бағалау

  • Сыныпты басқару

Оқушылардың білімі және олардың әлеуметтік тұрғыдан дамуы

  • Оқыту

  • Адам әлеуетін дамыту

Тіл


8 сурет – Мұғалімнің түйінді білімдері
Зерттеуде біз бұл құрылымды мұғалімдерді оқытудың Кембридж тәсілі негізінде әзірледік. Бұл үлгінің құрамын анықтаудыбіз инновациялық біліктілікті жетілдірудің деңгейлерін бағалап, сараптау туралы мәлелені шешу және оны қалыптастырудың эксперимен жүйесін жасаудың алғышарты ретінде қарастырдық.

Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктілігін жетілдіруде оқытушының жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерін және өз білімдерін іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен өлшенеді. Бұдан шығатын қорытынды: мұғалімдерінің инновациялық біліктілігін жетілдіру өз кезегінде мұғалімдердің кәсіби мамандығынын туындайтын мотивациялық-мақсаттылық, мазмұндық-әрекеттілік, бағалау-нәтижелілік компоненттерін құрайды. Мұның бәрі нақты өлшемдер мен көрсеткіштердің көмегімен шешімін табады (2 кесте).


2 кесте – Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктілігін қалыптастыру өлшемдері мен көрсеткіштері


Компоненттер

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивциялық-мақсаттылық

Мұғалімдердің инновациялық біліктілігін жетілдірудің қажетсінуі, өзінің танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру, қабілеттерін дамыту, мамандығының мәнін түсіну, қарқынды дамуыған қоғамдағы орнын білу мотивтері бар болуы

- инновациялық біліктілігін жетілдірудің қоғамдық мәнін саналы түрде сезіну;

- білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылықтың болуы;

- инновациялық біліктілігін жетілдірудің маңыздылығын түсіну;

- инновациялық –технологиялық білімін шыңдауға ынта-ықыласының болуы;

-инновациялық біліктілігін жетілдірудің мақсатын саналы түсінуі.


Мазмұндық-әрекеттілік

Мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің мәні, ерекшеліктері және біліктілігін жетілдірудің жолдарын тани отырып, ғылыми білімдерді меңгеруі мен оны іске асыру біліктілігінің болуы.

- мұғалімдердің инновациялық біліктілігін жетілдірудегі іс-әрекет әдістері мен тәсілдерін білуі,

- мұғалімдердің жаңаны табуда танымдық біліктерінің қалыптасуы және іс-әрекетін басқарудағы шеберлігі;

- инновациялық –технологиялық біліктілігінің мәні мен іс-әрекетті жоспарлау және оны тиімді қолдану жолдарын меңгеруі;

- инновациялық біліктілігін жетілдіру қажеттілігі және оны іске асыра білуі.



Бағалау-нәтижелілік

Мұғалімдердің инновациялық біліктіліктеріне өзіндік баға беру

- өзінің инновациялық біліктілік деңгейін бағалай білуі;

-өз іс-әрекетін сараптай білуі және бақылау жасауы;

- инновациялық-технологиялық білім, білік және дағдысының деңгейін айқындай алуы.

Осы үлгінің негізінде зерттелетін қасиеттердің қалыптасу деңгейлері анықталды. Олар өлшемдер мен көрсеткіштердің арақатынасын (төмен, орта, жоғары) бейнелейді.

Төмен деңгей – мұғалімдердің инновациялық біліктілігін жетілдірудің қоғамдық мәнін толық сезіне алмайды; қажетті білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылығы төмен; инновациялық біліктілігін жетілдірудің маңыздылығын жете түсінбейді және кәсіби білігін шыңдауға ынта-ықыласы төмен; инновациялық оқу үдерісінде іс-әрекеті мен шығармашылық ойлау деңгейі төмен қалыптасқан және теориялық білімін тәжірибеде іске асыра алмайды; оқыту кезеңінде басқару шеберлігі мен іске асыру білігі төмен деңгейде қалыптасқан; инновациялық біліктілігін жетілдірудің тиімді жолдарын іске асыру деңгейі төмен; өз іс-әрекетіне толық бақылау жасай алмайды; өзінің инновациялық білім, білік және дағдысының деңгейін айқындай алу білігі қалыптаспаған.

Орта деңгей – мұғалімдердің инновациялық біліктілігін жетілдірудің қоғамдық мәнін саналы түрде сезінеді; қажетті білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылығы бар; инновациялық біліктілігін жетілдірудің маңыздылығын түсінеді және кәсіби білігін шыңдауға ынта-ықыласы бар; инновациялық оқу үдерісінде іс-әрекеті мен шығармашылық ойлау деңгейі орташа қалыптасқан және теориялық білімін тәжірибеде іске асыра алады; оқыту кезеңінде басқару шеберлігі мен іске асыру білігі орташа деңгейде қалыптасқан; инновациялық біліктілігін жетілдірудің тиімді жолдарын іске асыру деңгейі орташа қалыптасқан; өз іс-әрекетіне бақылау жасай алады; өзінің инновациялық білім, білік және дағдысының деңгейін айқындай алады.

Жоғарғы деңгей - мұғалімдердің инновациялық біліктілігін жетілдірудің қоғамдық мәнін саналы түрде сезініп, ой елегінен өткізе алады; қажетті білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылығы жоғары; инновациялық біліктілігін жетілдірудің маңыздылығын толық, саналы түрде түсінеді және кәсіби білігін шыңдауға ынта-ықыласы жоғары; инновациялық оқу үдерісінде іс-әрекеті мен шығармашылық ойлау деңгейі жоғары қалыптасқан және теориялық білімін тәжірибеде іске асыра алады: оқыту кезеңінде басқару шеберлігі мен іске асыру білігі жоғары деңгейде қалыптасқан; инновациялық біліктілігін жетілдірудің тиімді жолдарын іске асыру деңгейі жоғары қалыптасқан; өз іс-әрекетіне толық бақылау жасай алады; өзінің инновациялық білім, білік және дағдысының деңгейін айқындауға дағдыланған.

Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктілігін жетілдіру күрделі және маңызды әлеуметтік-педагогикалық ортадағы өзгерістерді іске асыру үдерісінің нәтижелі болуы көптеген субъективті және объективті факторларға байланысты. Аталмыш факторлар бізге мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінің әрбір кезеңдерде шешілуі тиіс міндеттер логикасы мен даму бағдарламасының формалары мен әдістерінің маңыздылығын анықтап, мүмкіндіктерін мейлінше көрсете алды.

Айқындау экспериментінің мақсатын жүзеге асыруда сауалнама, әңгімелесу, эссе жазу, арнайы тапсырмалар жүйесі қолданып мұғалімнің инновациялық біліктілігінің бастапқы күйі анықталды. Анықтау барысында мұғалімдердің инновациялық кәсіби іс-әрекетінің мәнін түсінетіндігі анықталды, кәсіби білім,білік, дағдыларының жеткілікті деңгейде екені дәлелденді, дегенмен олардың 83% инновациялық-технологиялық біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін көрсетті.

Осы кезеңде зерттеліп отырған мәселенің мүмкіндік шарттарын айқындау мақсатымен мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа оқу бағдарламалары мен оқу-тақырыптық жоспарлары мен ғылыми-әдістемелік әдебиеттері зерттеліп, талқыланды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдірудің дидактикалық мүмкіндіктері анықталды.

Мұғалімдердің инновациялық біліктілігін жетілдіру, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында 7 модуль бойынша тренингтік сабақтар қалыптастырушы эксперимент кезінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың 3-деңгейлік курсында жүргізілді.
3 кесте - 7 модуль бойынша ұйымдастырылған тренингтік сабақтар


Р/с

Тақырып-тары

Мақсаты

Нәтиже

1

Бағдарламаға кіріспе

Сапалы оқыту, оқушылардың қалай білім алатыны туралы, соңғы жетістіктерді білу

Мұғалімдер оқушыларға білім мен түсінуді қалыптастыруға көмектеседі.

2

«Оқытудағы жаңа тәсілдер»

Диалогтік әңгімені дамыту, зерттеушілік әңгіме, сұрақ қою, оқушыларды тыңдау

Әлемдік тәжірибемен танысып, қолдану тәсілдерін меңгерді

3

«Сыни тұрғыдан ойлау»

Тыңдау мен зерттеу арқылы білім алу, мәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдыларын дамыту

Білім беру бағдарламасы мен оқытуды түсінудің теориялық негіздерін және

қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың әдістері мен технологияларын меңгеруі



4

«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау»

Бағалауды жіктеу, сертификациялау немесе оқытуды алға жылжыту, оқыту қорытындысын шығару, бағалау жиынтығын білу

Оқыту әдістері мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау ұғымдарын меңгерді

5

«Оқытуда жаңа технологияларды қолдану»

Жаңа технологиялық әдістемелерді пайдалану

Технологияларды тиімді пайдалана білетін болады

6

«Талантты және дарынды балаларды оқыту»

Білім беру барысынды ереше қасиеттерді дамыту

Дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындауы

7

«Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту және оқу»

Әртүрлі жас шамасында өз-өзін бағалауға жауапкершілікті зерделеу

Тиімді оқыту және оқу стратегияларын жүзеге асыру

8

«Оқытуды басқару және көшбасшылық»

Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға,

өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдау,

бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинау және қолдану,

кәсіби білімді құруға және тарату



Тәжірибе мен саясаттың сыни тұрғыдан бағалануы




Өздігінен дайындалу

Тапсырмаларды орындау

Өзін-өзі реттейтін оқуға ықпалын тигізетін кәсіби тәжірибе түрлерін жинақтап, жүйелеу

Біз талқылап отырған Кембридж бағдарламасы мұғалімдердің дамып, жан-жақты ашылуына жол ашады және мынадай бағыттарда жұмыстарды ұйымдастырады, олар:

1) жаңаша ізденістермен оқыта отырып зерделей ізденетін, оқушыларға бел-сенділікпен қамқорлық көрсетіп, ықпал етіп, бағдар беретін мұғалімдер;

2) әрбір оқушының пәнді түсінуін қалай құру керек екендігін ойлайтынды-ғымен және білетіндігімен санасатын, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын, сондай-ақ оқушының білім беру бағдар-ламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдер;

3) оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін білетін, бүкіл оқушылардың бұл өлшемдерге тиісті дәрежеде сәйкес келуіне қолдау көрсететін, ағымдағы білім мен «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасап жатырмыз?», «Одан кейін не істеу керек?» деген сияқты оқушылар мойындаған табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою

үшін не істеу керек екендігін білетін мұғалімдер; 4) бастапқы идеядан басқа да идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылар зерделеп, қарастырып, жандандыра алатындай мүмкін-діктерге жол ашатын мұғалімдер.

Қалыптастыру экспериментінің мақсатына жетуі төмендегідей шаралар шешімін табумен байланысты: 3 деңгейлік курстардың мүмкіндіктерін пайдалану; «Ғаламдық жылыну және көшетхана әсері» атты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; мұғалімдердің инновациялық-технологиялық кәсіби біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Эксперименттік жұмысты жүргізу барысында Кембридж бағдарламасы бағытындағы курсқа қатысушы мұғалімдерде және 72 сағаттық біліктілігін жетілдіру курсындағы мұғалімдерде зерттеліп отырған сапаның қалыптасуын салыстырмалы түрде талдау нәтижелері басшылыққа алынды.

Қалыптастыру эксперименті бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш кезеңнен өткізілді. Оның бірінші кезеңі мектеп мұғалімдерінің мотивациялық-мақсаттылық компоненттерін жетілдіруге бағытталды. Сондықтан 1-ші кезеңде біліктілігін арттыру курстары сынақтан өткізілді. Курсты оқыту үдерісінде эксперимент топтарында мотивациялық және когнитивтік сипаттағы «Бетпе-бет» аудиториялық сабақтар мен тренингтер өткізілді.

Жасалынған талдаулар эксперимент тобындағы мұғалімдердің жеті модулі шеңберіндегі сабақтар мен тренингтерде мұғалімдер күрделілігі әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауда ерекше белсенділік танытқанын байқадық. Жаттығуларды зор ынтамен орындайды, педагогикалық тренингтердің кәсіби іс-әрекеті үшін мәнді екенін түсінеді. Аудиториялық сабақ барысында түрлі тапсырмаларды орындауда құлшыныс танытып, жаңаша оқыту педагогының ролін батыл алады. Эксперименттік топ мұғалімдері бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктілігін жетілдірудің қажеттілігін түсінеді, сондықтан білімін арттырудағы инновациялық білім мазмұнына аса қызығушылық танытады, инновациялық білім туралы әдебиеттерге ынталары жоғары, оқу сыныбы (мектеп) жағдайында практикалық тәжірибелеріне сүйенеді, ақыл-кеңес сұрайды, өздерінің алған жаңа білімдерін іс-тәжірибеде іске асыруға тырысады, курстастарының жұмыстарын ашық, әрі батыл талдайды, ой-пікірлерін шынайы айта алады, жаңалыққа бейім, жаңа енгізілімдер туралы өз көзқарастарын айқын білдіре алады.

Қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңі бойынша жасалынған зерттеу нәтижелері мұғалімдерде мотивациялық-мақсаттылық компонентінің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді (4 кесте).



4 кесте – Мұғалімдердің мотивациялық-мақсаттылық компонентінің қалыптасу нәтижелері


Мұғалімдердің мотивациялық-мақсаттылық компоненті

Бастапқы деңгей

1 кезеңнің соңы

Бақылау тобы

Экс. тобы

Бақылау тобы

Экс. тобы

Төмен деңгей

56,25%

48,4%

51,7%

17,6%

Орта деңгей

35,5%

37,3%

25,3%

33,2%

Жоғары деңгей

8,25%

14,3%

23%

49,2%
Алынған нәтижелер жеті модулі шеңберінде оқу мен оқытудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б) барысына сүйенетін 3 деңгейлік курстары бойынша жүргізілген сабақтар тиімділігін дәлелдеді.

Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңі бойынша жасалынған зерттеу нәтижелері мұғалімдерде мазмұндық-әрекеттілік компонентінің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік берді (5 кесте).


5 кесте - Мұғалімдердің мазмұндық-әрекеттілік компонентінің қалыптасу нәтижелері

Мұғалімдердің мазмұндық-әрекеттілік компоненті

Бастапқы деңгей

1 кезеңнің соңы

Бақылау тобы

Экс. тобы

Бақылау тобы

Экс. тобы

Төмен деңгей

42,5%

29,75%

56,1%

23%

Орта деңгей

35%

44,75%

24,8%

34,1%

Жоғары деңгей

22,5%

23,5%

19,1%

42,9%

Алынған нәтижелер 2-кезеңде жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігін көрсетті, дегенмен мұғалімдердің оқыту мен оқуды жетілдіру іс-әрекеттерін жүзеге асыру дағдысын қалыптастыру, яғни олардың теориялық негіздерін практикамен ұштастыру қажет. Осыған орай біз қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңінде қашықтықтан оқыту (міндетті түрде сыныптағы тәжірибе) практикалық мүмкіндіктерін пайдалануды жөн көрдік. Қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңі мұғалімнің бағалау-нәтижелілік компонентін қалыптастыруға бағытталды. Бұл кезеңде оқыту мен оқуды жетілдіру іс-әрекеттері практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі қолдана білуіне ерекше мән бердік. Өйткені бағалауды оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру идеясы мұғалімнің бағалау-нәтижелілік компонентін дамытуға ықпал етеді. Қашықтықтан оқыту, мектептегі міндетті тәжірибе барысында мұғалімдердің аудиториялық («бетпе-бет») оқыту кезеңінде алған теориялық білімдерін бекітуі, оқыту мен оқуды жетілдіру іс-әрекет тәсілдерін меңгеруі іске асырылады.

Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктілігін жетілдірудің жаңа жүйесін бақылай отырып, мынандай жағдайларға көз жеткіздік: практика жеке тұлғаның сапалық қасиеттеріне үлкен әсер етті, мұғалімдердің зерттеліп отырған іс-әрекетке байланысты теориялық білімдерін молайтып, зерттеушілік және практикалық біліктерін шыңдады.

Қашықтықтан оқыту (міндетті түрде сыныптағы тәжірибе) практикасы экспериментке алынған мұғалімдердің басым көпшілігінде инновациялық біліктілігін жетілдірудің теориялық үлгісіндегі біліктіліктер жиынтығына сәйкес бағалау-нәтижелілік компонентінің қалыптасқанын көрсетті (6 кесте)



6-кесте - Мұғалімдердің бағалау-нәтижелілік компонентінің қалыптасу нәтижелері

Мұғалімдердің бағалау-нәтижелілік компоненті

Бастапқы деңгей

1 кезеңнің соңы

Бақылау тобы

Экс. тобы

Бақылау тобы

Экс. тобы

Төмен деңгей

37,6%

32,5%

33,2%

16,3%

Орта деңгей

44,6%

44,75%

50,3%

34,6%

Жоғары деңгей

17,8%

22,75%

16,5%

49,1%

Бақылау эксперименті барысында Кембридж бағдарламасы бағытындағы курсқа қатысушы мұғалімдерден (61 мұғалім) сауалнамалар алынып, зерттеу-сараптама жұмысы жүргізілді. Сауалнамаға жауап бергендердің 59%-ы жаңашылдықты толыққанды қабылдап, инновациялық технологияларды қолданғанда аса қиыншылықтарды сезінбейді, оқу үдерісінде жүзеге асырады; 28%-ы оқу үдерісінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жолдарын түсінсе де, біршама қиыншылықтарды сезінеді; 13%-ы жаңашылдықты жақсы қабылдамайды, оқытудың дәстүрлі жүйесіне қанағаттанады.

72 сағаттық біліктілігін жетілдіру курсы пән мұғалімдерінен алынған кешенді сауалнамалардың нәтижесіне сүйенсек (50 мұғалім қатынасты), сауалнамаға жауап бергендердің тек 46%-ы жаңашылдықты жақсы қабылдап, педагогикалық үдерісті жетілдіруде ешқандай қиыншылықтарды сезінбейді, оқыту үдерісін жаңашылдық тұрғысынан дамыту және тұлғалық – бағдарланған технологиялар негізінде табысты жүзеге асырады; 42%-ы педагогикалық үдерісті жетілдіру қажеттілігін түсінсе де, инновациялық педагогикалық технологияларды ендіру және пайдалану үдерісінде әртүрлі сипаттағы қиыншылықтарды сезеді; 16%-ы жаңашылдықты дұрыс қабылдамайды, өзінің педагогикалық іс-әрекетінде оқытудың дәстүрлі жүйесіне толық қанағаттанады, өзгертулер енгізуді қажетсінбейді.

Алынған нәтижелерді талдау және оларды айқындау эксперименті барысында және бақылау тобындағы көрсеткіштермен салыстыру эксперименттік жұмыстың мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктілігін жетілдіруде тиімді ықпал еткенін аңғартты (7 кесте)


7 кесте - Мұғалімдердің инновациялық біліктілігінің қалыптасу деңгейлерінің көрсеткіші


Топ

Төменгі деңгей

Орташа деңгей

Жоғарғы деңгей




Экс. басы

Экс. соңы

Экс. басы

Экс. соңы

Экс. басы

Экс. соңы

Бақылау

16%

15%

40%

29%

44%

56%

Экспери-менттік

18%

12%

23%

20%

59%

68%

Мұнда келтірілген мәліметтер біз ұсынған үлгі бойынша мұғалімдердің инновациялық біліктілігінің нәтижелерін көрсетеді.

9 сурет - Бақылау тобының инновациялық біліктілігі деңгейлерінің қалыптасу диаграммасы


10 сурет - Эксперименттік топтың инновациялық біліктілігі деңгейлерінің қалыптасу диаграммасы
Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдірудің үлгісінің тәжірибеде пайдаланудың тиімділігін көрсетіп, ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді. Осы курс соңында алынған нәтижелер мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің артқандығын, жаңа оқыту технологияларын пайдалану іскерлігін жүйелі түрде меңгергендігін және теориялық білімдерінің ғылыми деңгейінің арта түскендігін көрсетті (7кесте).

Алынған нәтижелер мұғалімдердің инновациялық біліктілігінің қалыптасуының оң нәтиже бергендігін көрсетті, сол себепті 3 деңгейлік білім жетілдіру курсын «Өрлеу»Ұлттық біліктілік арттыру орталығы АҚ филиалы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында онан әрі жүргізу қажет деп есептейміз.



Қорытынды
Алынған зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, төмендегідей қорытындылар жасаймыз:

Білім — адам сапаларының өзгеруін басқаратын үдеріс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» — маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік — бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.

Мұғалім — бүгінгі оқушы — ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.

Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары — олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.

Іс-тәжірибе барысындағы қиындық мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қызметі мен даярлық деңгейіне қойылатын талаптар арасындағы сәйкессіздік салдарынан туындайтыны сөзсіз. Жас мұғалімдер оқушылардың өзбетімен әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру, оның қарқынын зерттеу, оқушылардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру мәселелерінде қиындық көреді. Мектеп мұғалімдері оқушылардың пән мазмұны бойынша білімді меңгеруінен емес, сол бойынша жұмыс істеу әдістерінен қиындық көреді. Сонымен бірге мұғалімдер оқу мақсаттарын қою, міндеттерін белгілеу және оның нәтижесін жоспарлау, қиындықты жеңу әдістерін іздестіру т.б. бойынша да қиындықтар көретіндігі байқалады. Көпшілік мұғалімдер оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыруда олардың даму деңгейлеріне жете мән бермейд.

Ұлттық білім берудің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде танып, оның рухани баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына толық мүмкіндік беру, жағдай жасау. Сондықтан мұғалімнің бойында үш түрлі біліктілік қалыптасуы қажет: а) пәндік біліктілік. Пән бойынша алған теориялық білімі мен іскерлігі жатады. Теориялық білім пән арқылы беріледі. ә) педагогтік біліктілік. Педагогиканың негізін, ұстанымдарын, әдіс-тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың негізгі нысандарын білуі тиіс. б) технологиялық біліктілік. Білім берудің сапасын көтеру, өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру.

Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.

Оқытушының қызметін өз дәрежесінде атқара алуы оның біліктілігіне байланысты. Атап айтқанда: гностикалық, педагогтік, қоғамдық-экономикалық, коммуникативтік. Білікті маманның тәрбиелеген шәкірті білімді болары сөзсіз. Ал білім — қоғам дамуының шешуші факторы.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы — оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр. Сондықтан мұғалімдерді жаңа заманға бейім болуға жағдай жасайтындай, мүмкіндік туғызатындай кәсіби білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындауы заңдылық. Яғни, педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады.

Жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, төмендегідей ұсыныстар жасаймыз:

- мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытындағы зерттеуді тиімді жүргізу үшін жаңашыл педагогтардың аймақтық, республикалық форумдары мен әдіснамалық семинарларын ұйымдастыру;

- мұғалімнің даярлығын толық қалыптастыру үшін жалпы білім беретін орта мектеп, жоғары педагогикалық оқу орны, ғылыми–зерттеу институты, педагог кадрлардын білімін көтеру мен қайта даярлау инситутының бірлескен жұмысы;

- мұғалімнің инновациялық даярлығын одан әрі жетілдіру бағытында мұғалімді инновациялық іс-әрекетке, инновациялық ғылыми–зерттеу жұмыстарымен айналысуына бағыт – бағдар беретін инновациялық оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік кешенін әзірлеу, инновациялық ақпараттық банк жүйесін құру, инновациялық веб-сайттар ашу;

- мұғалімді заман талабы, қоғам сұранысына, қажеттігіне сәйкес әлемдегі және отандық озық іс-тәжірибелер, жаңа технологиялар, инновациялық әдістермен ұдайы қаруландырып отыру;

- шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере отырып, оқытуды ізгілендіру мақсатындағы талап, тілектерінің орындалуына, өзіндік іс-тәжірибесін таратуға мүмкіндік туғызу;

- жалпы білім беретін орта мектеп, арнайы кәсіби және жоғары педагогикалық білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінде инновациялық технологияны толықтай ендіруді қолға алу қажет. Ол үшін мұғалімнің инновациялық білімді игеру мен инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыруын ұдайы ынталандыру шараларын қарастырған жөн.

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз.

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1. Мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктіліктерін жетілдіру// «Жаңа формациядағы педагогтарды даярлау мақсатында инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференцияның материалдары. –Шымкент Мәскеу, 2012.II-ші том. -182-185б.

2. Білім беру жүйесіндегі инновациялық қызмет// «Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер: ізденіс және даму болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Актобе, 2013. -411-414 б.



3. Педагогтар біліктілігін арттыру жүйесі және кәсіби құзіреттілік// «Жаңа формацияда кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференцияның материалдары. – Түркістан-Мәскеу, 2013. I-ші том. -208-212б.

РЕЗЮМЕ

на реферат диссертации на соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности

6М010300-Педагогика ипсихология

Турабаева Акмарал Айдаровна

«Совершенствование инновационной квалификации школьных учителей»
Актуальность исследования: Казахстан, а также любое другое государство могут достичь вхождения в категорию развитых стран мира с высоким уровнем благосостояния, лишь имея сбалансированный качественный квалификационный рынок труда. А это в свою очередь требует наличия квалифицированных кадров, в нашем случае учителей общеобразовательных школ, имеющих высокий уровень образованности, инновационный тип мышления, креативный подход к своей профессиональной деятельности и др. С учетом вышесказанного и в свете происходящих изменений в сфере образования республики, а также в свете Послания Президента Н.А.Назарбаева «Стратегия Казахстан-2050» одной из важных задач является задача совершенствования квалификации школьных учителей на основе системного применения инновационных технологий обучения.

Цель исследования: раскрыть и обосновать теоретические основы и пути формирования и совершенствования у учителей школ инновационных квалификационных навыков.

Объект исследования: процесс совершенствования квалификации школьных учителей в условиях образовательных инноваций.

Предмет исследования: пути формирования и совершенствования инновационных квалификационных умений и навыков у учителей школ.

Задачи исследования:

  • Обосновать теоретические основы повышения квалификации школьных учителей с учетом применения инновационных технологий обучения;

  • Обосновать эффективные пути и методы повышения инновационной компетентности у школьных учителей;

  • Изучение, распространение и внедрение передового педагогического опыта;

  • Проанализировать и сопоставить наиболее оптимальные инновационные педагогические технологии современной образовательной системы.

  • Проверить на основе экспериментальной работы эффективность совершенствования квалификации учителей школ в режиме инноваций в обучении.

Теоретические методологические основы исследования: теория личности и действий, теория познания, современные ведущие философские нормы, теоретико-методологические теории педагогической науки. Теоретическую базу исследования составляют научные труды философов, психологов, педагогов об основах воспитания, развития; Закон «Об образовании» РК, Стратегия развития РК «Казахстан-2030», Послание Президента «Стратегия «Казахстан-2050» и пр. материалы и официальные документы; учебно-методические пособия, программы, а также практический опыт автора и опыты передовых педагогов.

Методы исследования : анализ философской, психологической, педагогической и методической литературы по проблеме исследования, сравнительный анализ стандартов и учебных программ, анкетирование, диагностирование педагогического опыта, педагогический эксперимент.

Научная гипотеза заключается в том, что если в процессе развития и совершенствования квалификации школьных учителей системно применять инновационные технологии и наиболее оптимальные методы и приемы обучения, то повысится социальная роль учителя в обществе и будет более высоким у них уровень инновационной компетентности в частности и профессиональной в целом.

База исследования: общеобразовательные школы города Кызылорда и области, Кызылординский филиал Национального центра повышения и квалификации педагогов «Орлеу».

Научная новизна и я теоретическая значимость исследования:

  • Определены и обоснованы эффективные пути применения инновационных технологий обучения в системе совершенствования квалификации учителей;

  • Разработана и описана методика формирования и совершенствования квалификации учителей школ с учетом развития инновационной компетентности;

  • Раскрыта и экспериментально доказана необходимость системного подхода к использованию инновационных технологий обучения в педагогической деятельности учителей школ.

Практическая значимость исследования заключается в том, что разработанная методика формирования и совершенствования квалификации учителей школ с учетом развития инновационной компетентности может быть использована в практической деятельности преподавателями общеобразовательных и высших учебных заведений, студентами в ходе прохождения педаогической практики, а также магистрантами и докиторантами.

Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, двух разделов, заключения, списка использованной литературы (75 наименований) и приложений.



SUMMARY

on the thesis paper on competition of the academic degree of the master of pedagogical sciences in the specialty

6m010300- Pedagogics and psychology

Turabayeva Akmaral Aydarovna

«Improvement of innovative qualification of school teachers»
Relevance of research: Kazakhstan, and also any other state can reach entry into category of the developed countries of the world with high welfare, only having the balanced qualitative qualification labor market. And it in turn demands existence of qualified personnel, in our case of teachers of the comprehensive schools having high level of education, innovative type of thinking, creative approach to the professional activity, etc. Taking into account the aforesaid and in the light of occurring changes in republic education, and also in the light of the Message of President N.A.Nazarbayev "Strategy Kazakhstan-2050" one of important tasks is a problem of improvement of qualification of school teachers on the basis of system application of innovative technologies of training.

Research objective: to open and prove theoretical bases and formation and improvement ways at teachers of schools of innovative qualification skills.

Object of research: process of improvement of qualification of school teachers in the conditions of educational innovations.

Object of research: ways of formation and improvement of innovative qualification skills at teachers of schools.

Research problems:

  • To prove theoretical bases of professional development of school teachers

taking into account application of innovative technologies of training;

  • To prove effective ways and methods of increase of innovative competence

at school teachers;

  • Studying, distribution and introduction of the best pedagogical practices;

  • To analyse and compare the most optimum innovative pedagogical

technologies of modern educational system.

  • To check on the basis of experimental work efficiency of improvement of

qualification of teachers of schools in a mode of innovations in training.

Theoretical methodological bases of research: theory of the personality and actions, knowledge theory, modern leading philosophical norms, teoretiko-m RK Law "About Education", Strategy of development of RK "Kazakhstan-2030", Message of the President "Strategy "Kazakhstan-2050" and so forth materials and official documents; educational and methodical grants, programs, and also practical experience of the author and experiences of the advanced teachers.

Research methods: the analysis of philosophical, psychological, pedagogical and methodical literature on a research problem, the comparative analysis of standards and training programs, questioning, diagnosing of pedagogical experience, pedagogical experiment.

The scientific hypothesis is that if in development and improvement of qualification of school teachers systemically to apply innovative technologies both the most optimum methods and training receptions, the social role of the teacher in society will raise and there will be higher at them a level of innovative competence in particular and professional as a whole.



Base of research: comprehensive schools of the city of Kyzylorda and area, Kyzylordinsky branch of the National center of increase and qualification of teachers of "Orleu".ethodological theories of pedagogical science. The theoretical base of research is made by scientific works of philosophers, psychologists, teachers about bases of education, development;

Scientific novelty and the theoretical importance of research:

  • Effective ways of application of innovative technologies of training in

system of improvement of qualification of teachers are defined and proved;

  • The technique of formation and improvement of qualification of teachers of

schools taking into account development of innovative competence is developed and described;

  • Need of system approach to use of innovative technologies of training in

pedagogical activity of teachers of schools is opened and experimentally proved.

The practical importance of research is that the developed technique of formation and improvement of qualification of teachers of schools taking into account development of innovative competence can be used in practical activities by teachers of general education and higher educational institutions, students during passing of pedaogichesky practice, and also undergraduates and dokitorant.



Thesis structure. The thesis consists of the introduction, two sections, the conclusion, the list of the used literature (82 names) and appendices.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет