Туралы есебі Педагог-логопед



бет2/3
Дата23.01.2023
өлшемі18,67 Kb.
#166114
1   2   3
Байланысты:
ЕСЕП І ЖАРТ ЖЫЛДЫҚ ЛОГОПЕД ҮЛГІСІ
жоспар шы5ару, 9алг 3т бжб №6-23, 5 лек
3. Тәрбиелеу кезеңі:
Баланың отбасындағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлқын, жеке тұлғаның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауға, жаңа ортаға үйренуіне қажетті жағымды қасиеттерін тәрбиелеу.


Сөйлеу тіліндегі бұзылыстар түрі, құрылымы мен деңгейі:
13 бала – ротацизм
1 бала-сигматизм
1 бала – тұтықпа
Казанин Давид,Шерубаев Санат,Поломский Илья,Водольянов Руслан,Кинянин Никита,Болатова Кәусар, Молдажанов Ринат, Әуелбай Шырайлым, Вахап Зухра, Ерсайын Таир, Цой Денис, Шәріпхан Жанәділ, Қанатұлы Төлеген, Копбаев Әлішер,Қасымхан Мұратбек.
Баланың сөйлеу тілін бұзылуын әртүрлі жаттығулар арқылы түзету жұмыстары логопедиялық сабақтарда жүргізілді. Логопедиялық тұзету сабақтарының мақсаты: сөйлеу тілі бұзылған бастауыш оқушыларын анықтап, диагностикалық бақылау жүргізу арқылы білім беру және түзету жұмыстарын жүргізу.
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға, атап айтқанда логопад балаларға жекелей және топтық сабақ кестелері, сабақ жоспарлары құрылды.
Сөйлеу тілі бұзылған оқушыларға сабақ жоспарлары баланың даму қабілетіне қарай бағытталып құрылды.

Жалпы тілінің дамымауының әртүрлі деңгейіне байланысты құрылған жеке дамыту бағдарламасы бойынша қойылған төмендегідей мақсат- міндеттері:


- сөйлеу тілінің түсінуін қалыптастыру;
- енжар және белсенді сөздік қорларын дамыту;
- белсеңді сөйлеу тіліне ынталандыру дамыту;
- байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту, заттық және сюжеттік суреттер бойынша сөздер, сөйлемдер құрауға ынталандыру;
- артикуляциялық аппараттың икемдігін арттыру, қалыптаспаған дыбыстарды қоюға арнайы жаттығулар қатарын үйрету;
- сөйлеу тіліндегі қалыптасқан дыбыстарды толық анықтап, дыбыстарды қою және бекіту жұмыстарын жүргізу;
- сөйлеу тілінің лексикалық–грамматикалық құрылымын дұрыс қалыптастыру;
- фонематикалық қабылдау, есте сақтау, сараптау және талдау анализ синтез жүргізу;
Түзету сабақтарының нәтижесінде, балалар алғашқыға қарағанда берілген тапсырмаларды түсініп орындау, өз бетімен орындау, артикуляциялық жаттығуларды игеріп, сөздік қорларын жаңа сөздерімен толықтыру, кеңейту сияқты жетістіктерге қол жеткізуде.
Дислалия бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: Фонетикалық есту қабілетін дамыту үшін лексикалық тақырыптары мен дыбыстар дағдыларына байланыстырып айтылуы бойынша ерекшеліктерімен таныстырылды. Оқушылар тілдік емес дыбыстардан әуенді ойыншықтар, тұрмыстық шулар дыбыстарын ажыратып үйренді.
Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту жұмыстары жүргізілуде сөйлеу тілінің белсенді сөздік қорын дамыту үшін арнайы сұрақтармен байланыстырып сөздік қорлары кеңейуде. Сөйлеу тілінде «етістіктер», «есімдіктер», «зат есім», «сын есім», «есімшелерді» дұрыс қолданып үйренуде. Сөйлеу тілінің қарым – қатынастық сөздік қорын дамытуға «Бауырсақ», «Шалқан» ертегілерінің кейіпкерлеріне бөлініп, дауыс ырғағын өзгертіп үйренді. Сюжетті суреттер бойынша екі, үш құрылымды сөйлем құрап, үш – төрт сериялы сюжетті суреттерден әңгіме құрастырады. Дыбыстану қатарына келетін болсақ дауысты дыбыстар қатарын дұрыс айтылуын қадағаланып, «еріндік» [П], [Б], «бұғақтық» [Қ], [Ғ], «ызың» [Ш],[Ж], «ысқырық»[С], [З] дыбыстарына түзету жұмыстары жүргізілді. Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын ескере отырып, балаға логопедиялық емдік-уқалау жасалды.
Ротацизм бұзылыстары бар балалармен келесі жұмыстар жүргізілді: жоғарыда айтылған логопедиялық түзете-дамыту жұмыстары толығымен қамтылып жатыр. Сөйлеу тілінің түсінуін дамытуға арнайы лексикалық тақырыптар алынды «Мектеп құралдары», «Жабайы аңдар» «Қыстайтын құстар», «Жәндіктер», «Тәуелсіздік күні», «Қанша мемлекеттік қор бар?», «Жыл мезгілдері» т.б. Бала тұрмыстық шуларды және жануарлардың дыбыстарын ажыратуға арналған жұмыс жүргізілді. Бет бұлшықеттеріне арналған емдік уқалау жоспарланып, жасалды. Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын дамытуда бала мимикалық, ерінге және тілге арналған жаттығуларды жасап үйренуде. Сонымен бiрге дыбыстар қатары аныкталып, оларды қоюға арналған артикуляциялық жаттығулар қатарын игердi. «Р» дыбысын қою барысында тілдің алдыңғы бөлігін альвеолаға тигізу, ажырату жүзеге асады. Кішкене шар тәрізді зондтың орнына мақта таяқшаларын немесе саусағын пайдалануға болады. Алдымен саусақты логопедтің өзі қозғайды, кейін бала өздігінен жасайды. Жаттығу кезінде тілдің тиісті орынға оралуын, тіл мен альвеол арасында тар саңылау болуын бақылап отыру керек. Ақырында тілдің өздігінен тербелуіне альвеолдық Т немесе Д дыбыстарын фрикативтік Р дыбысымен тіркестірдің көмегі көп /др, дддр, тр, тттр/.
Бастапқы тілдің ұшы ғана тербелетін, тербеліс секундына 20 ретке жететін «ұсақ діріл» болып, қалыптастырылды.
Саусақтарының қимыл-қозғалыстарын дамыту мақсатында жаттығулар, ұсақ заттармен жұмыс, қарындашпен жұмыс түрлері кеңінен жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет