53.Сиверс алмасының гүлденуі. Ағымдағы жылдың 19 мамырында Алматы облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Саркан ауданында орналасқан «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің территориясында «Сиверс алмасының гүлденуі» атты фестиваль өтті. Аталған іс-шараға Қазақ спорт және туризм академиясының қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Оразымбетова Бақыт Камаловна, магистр, аға оқытушылар «Туризм» мамандығының 1 курс докторанты Ушкулакова Гулнара Мукамеденовна, «Туризм» мамандығының 2 курс докторанты Кадырбекова Динара Сериковна, 4 курс студенті Семибратова Полина және 1 курс студенті Маулетқазы Мұхит қатысып қайтты. Сонымен қатар аталған іс-шараға Алматы қаласының туроператорлары, туризм басқармасының өкілдері, жергілікті тұрғындар, қолөнершілер, БАҚ қатысты. Аталған фестивальдің басты нысаны «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мақтанышы — Сиверс жабайы алма ағашы. Бұл жерде оның ең көп саны Қазақстанда өсіп келеді. Сиверс алма ағашы көктемнің соңғы айларында гүлденеді. Фестиваль барысында тек Жоңғар Алатуында өсетін емдік өсімдіктердің көрмесі қойылып, халық назарына ұсынылды. Сондай ақ, бал және оның емдік қасиеттері мен пайдалылығын өндірілген өнімдерінен көрмесінен тамашалауға болады. Тау бөктерінде 6 қазақ үй тігіліп, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтар көрмесі (ұлттық аспатар, қол өнер бұйымдары, бүркітшілер т.б.) ұйымдастырылды. Шара барысында палау басу мен бауырсақ пісіруден байқаулар ұйымдастырылып, халыққа тегін таратылды. Сонымен қатар, ауданда өмір сүретін басым ұлт өкілдері (қазақ, татар, орыс) мен эстрада әншілерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы аумағы 356 022 гектар жерді құрайды. Парк Алматы облысының — Ақсу, Сарқанд және Алакөл аудандарында орналасқан. Парк 2010-Халықаралық биоалуандық жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінінің қаулысымен құрылған болатын. «Парк биоалуантүрлілікті, соның ішінде ғаламдық маңызы бар жабайы жеміс ағаштарының генофондын және айырықша экологиялық, генетикалық, тарихи және эстетикалық құндылықтардың қазынасы болатын табиғи тау ландшафтарын сақтау мақсатында жасалған. Аймақ таулы агроалуантүрлілікке бағытталған маңызды орталық болып табылады. Парктің жалпы алаңының 1,5 пайызын Сиверс алмасының жабайы жемісті алқаптары алып жатыр. Бұл алма әлемдегі барлық алма сорттарының атасы болып табылады. Сондықтан оған ерекше қорғау қажет». Алма ағаштарының жаңа сорттарын жасауда таптырмайтын әлемдік маңызы бар генетикалық ресурс көздері саналатын бірегей алма ағаштарының қалпына келтірілуі мен сақталуына бүгінгі таңда ерекше көңіл бөлінуде. Жетісу Алатауы флорасында Қазақстанның қызыл кітабына жазылған сирек кездесетін және жойылу қаупі бар 2168 түрлі — Сиверс алмасы, сепкілгүл, жоңғар тасшөбі сияқты өсімдіктермен қатар, әлемнің еш жерінде өспейтін өсімдіктердің 76 түрі осы қырқаларда өседі. Бұл жерде сондай-ақ, жәй өрік, жай бөріқарақат, дөңгелек жемісті бөріқарақат, тяньшан шиесі, Альберт итмұрыны, Мейер қарақаты сынды жабайы жеміс-жидектің көптеген түрлерімен айырықашаланды. Жетісу Алатауы сондай-ақ, жануарлардың түрлік әркелкілігінен Алтайға ғана жол беретін бірден-бір бай ауданы болып табылады.