«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»



бет29/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

Қосымша лауазымдары:Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының (1959-1965) мүшесі.
Лениндік сыйлығы тағайындау жөніндегі комитеттің (1961 - 1965) мүшесі.
Марапаттары:Алдабергенов атындағы ұжымшардың құрметті колхозшысы (1960, қазіргі Алматы облысы, Талдықорған ауданы)
Ұзынкөл ауылың құрметті азаматы (1995, Қостанай облысы)
Парасат
Еңбек Қызыл Ту
Октябрь Революциясы
"Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.
Абай ескерткіші — Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласындағы Абай атындағы алаңға орнатылған ескерткіш (1960). Ескерткіштің тұтас биіктігі — 13,7 м.Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған. Тұғырдың алдыңғы бетіне «Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845—1904)» деп жазылған. Мүсінші X. Е. Наурызбаев ақынның өмір белестерінен өтіп, халық қамқоршысы, ел ағасына айналған кезін, толыққан, салиқалы бейнесін жасаған. Ескерткіште басында тақия, иығына өңірі ашық желбегей шапан жамылған Абай сол қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері басып келеді. Сәулетші И. И. Белоцерковский де ескерткіш тұғырын, ақын тұлғасын мазмұн жағынан байыта түсетіндей, Абайдың шыққан биігін символдық тұрғыдан бейнелей алатындай көлбеу өрлеткен. Ескерткіштің алдынан басталып, батысқа қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатқан әсем көше - Абай даңғылы ақынның поэзияда салған ұлы сүрлеуі іспеттес. Абай ескерткішіне қазақ және басқа ұлт ақындары (Қ. Мырзалиев, С. Сейітов, С. Хангелдин, Ө. Жайлауов, Ш. Садыханов, Н. Жарқынбаев, Т. Жұмамұратов, Г. Некрасов, М. Оспанов т. б.) өлең-жыр арнаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет