«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Талдықорған қаласының туристік – рекреациялық нысандары



бет31/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

55. Талдықорған қаласының туристік – рекреациялық нысандары.
Туристерге таудың таза ауасы, экологиялық таза өнімдерден дайындалған бес кезеңдік тамақтану ұсынылады, жабық жүзу хауыздары, бір, екі, үш, төрт кісілік аппартементтері бар, отбасылық демалыс үшін жеке коттедждер де салынған. Барлық қызмет түрлері қамтамасыз етілген. «Айсберг» сауықтыру орталығы халықаралық спорттық командалардың жиналу орны болып табылады.
Екі апталық балалар арналған лагерь бағдарламасында әртүрлі қызықты орындағы экскурсиялар қарастырылған, туристік дағдыларды үйренеді, осылайша ой өрісін кеңейте түседі. Сондай ақа балалар мемлекеттік тіл, ағылшын, неміс тілдерін оқиды, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытады. Туған жердің ұлттық символикасы, ұлттық киім, ұлттық дәстүр, әдет ғұрыптар, табиғатпен жақын танысатын болады.
«Арман» ЖШС «Мәрмәр» кенішіне экскурсиялар ұйымдастырады. Бұл өте ғажайып орын, оған барар жол 33 серпантиннен, яғни бұрылыстардан тұрады. Экстримді ұнататын әуесқойлар Мәрмәр кеніше жетпей, 32 жол бұрылысында фирма нұсқаушыларының көмегімен парапланда ұшып өтеді.
Тағы бір экскурсия түрі «Теплые ключи» деп аталады. Ол Текелі қаласынан 60 км, Ойсаз өзенінің аңғарында, Шажа өзені арқылы өтетін көпірден 3-5 км жерде орналасқан. Табиғи таза мөлдір су көздері ванна секілді қоршалып, туристер тек таза суды ішіп қана қоймай, тері, жүйке жүйесі, тірек қозғалыс аппараттардың ауруларын жылы емдік судың көмегімен емдеуге мүмкіншілік алады.
Теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте мәңгі мұздар патшалығы басталады. Мұздықтардың еруі шілде айынын ортасынан басталады. Еріген сулар тау беткейімен ағып өтіп, әдемі сарқырамалар қалыптастырады. Шажа және Қора шатқалындағы сарқырмаларды көруге болады. Шажа сарқырмасы каскад жасап орналасады, тек күштілер ғана оның барлық көрінісін сурет түсіре алады. Еріген қар суы мен жерасты суларынан мореналық көлдер қалыптасады, сол үшін көл суы таза және суық болып келеді, соның бірі Колхида көліне саяхат жасауға болады.
Елімізде туризмді дамытуға байланысты ұлттық, аймақтық жергілікті деңгейде бірқатар бағдарламалар, жоспарлар, іс шаралары жоспары жасалған. Соның бірі ҚР туризмді дамытудың тұжырымдамасы болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет