«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»



бет34/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

Д.А.Қонаев музей-үйі — Алматы қаласы, Төлебаев көшесінің бойында орналасқан және екі бөліктен тұрады: музей-үй және мемориалдық музей-пәтер. Мұндағы музей-үй дегеніміз Д.А.Қонаевтың өмірі мен атқарған істеріне арналған жеке үй. Бұрын бұл композиторлар үйі болған. Музей-үйдің мекен-жайы: Төлебаев көшесі, 117[1].
Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылдың 24 ақпанында «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі қалдыру мақсатында» қаулысы шықты. Онда Қонаевтың Қазақстан алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін Алматы қаласында «Д.А.Қонаев музей-үйі» ашылсын делінген.
2001 жылдың қараша айында Алматы қаласының әкімі, мәдениет басқармасы мен Халықаралық Қонаев қоры және оның президенті Э.А. Қонаевтың көмегімен музей ресми түрде ашылды. Музейдің тұңғыш директоры болып Б.З. Батталханов тағайындалды.
2002 жылдың 12-қаңтарында Д.А.Қонаевтың 90 жылдық мерейтойында «Д.А.Қонаев музей-үйі» салтанатты түрде ашылды.
Қонаевтың қызметтес әріптестері музейдің ашылуына үлкен үлес қосты. Олар белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері: К.М.Аухадиев, С.С.Жиенбаев, А.А.Кулибаев, Ш.Х.Бекболатов, Ж.А.Асқарова, І.Б.Балтағұлов, С.Ә.Әбдірайымов, А.Д.Ермегияев, Ш.Уалиханов, А.И.Горяйнов, т.б. Музей жәдігерлерін жинауда Д.А.Қонаевтыңтуысқандары Диар Қонаев пен Бахтияр Серікбаев қол ұшын берді. Бастапқы күндері Заманбек Батталханов ақыл-кеңесін беріп, көмек көрсетті.

2002 жылы музейді 6642 көрермен тамашаласа, қазір олардың саны 18601-ге жеткен. Жәдігерлер саны да жылдан-жылға артып келеді. 2008 жылы оның саны 3030-ға жетті.


Мұражайда Қонаев тұлғасы, оның мемлекетті дамытып-өркендетудегі рөлі мен еңбегі, адамгершілік қасиеттері, өмірінің тұрмыстық жағы көрсетілеген.
Тарихи тұлғаның жұмыс кабинетінің интерьері және басқа да күнделікті өмірде тұтынған заттары Қонаевты тек мемлекет қайреткері ретінде ғана емес, шынайы тұлға ретінде де ашып көрсетеді.Бұл экспозиция үшін өткен ғасырдың 55-60 жылдардағы уақыт шеңбнрі таңдалып алында. Осы кезең Қонаетың тұлға ретінде және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасу жылдары болған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет